Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Басты бет

«Шығыс жұмыскер» өңірлік бағдарламасы

 Cannot find 'city_list' template with page ''
Бағдарламаға қатысушылар
Іріктеуден өту үшін ЖАО-дан Жолдама алған қатысушылар.


Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар
  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • Өтінім берген кезде Қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (болған жағдайда кәмелетке толмаған балалары және т.б.) Шығыс Қазақстан облысында тұрақты тіркеуі бар;
  • Жұбайының (бар болса) жасына қарамастан, өтініш берген кездегі жасы 45-ге (қоса алғанда) дейін;
  • Қатысушы мен отбасы мүшелерінің соңғы 60 айда Қазақстан Республикасы территориясында жылжымайтын мүлкі болмауы;
  • Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
  • Жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, қоқыс шығару бойынша коммуналдық қызмет көрсететін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері (мамандықтар тізіміне сәйкес):
    • Релелік қорғаныс және автоматика құрылғыларын жөндеу жөніндегі электромонтер
    • Техникалық шарттарды беру жөніндегі инженер
    • Қазандық жабдықтарын іске қосу және сынақтан өткізу жөніндегі инженер
    • Пайдалану және техникалық-экономикалық көрсеткіштер (ТЭК) жөніндегі инженер
    • Бақылаушы
    • Инженер, химиялық зертхана маманы
    • Химиялық талдау зертханашысы
    • Инженерлік желілер учаскесінің шебері
    • Қазан қондырғыларының машинисі
    • Булы турбиналардың машинисі
    • Қазандық жабдықтары бойынша машинист-бақылаушы
    • Турбиналық жабдықтар бойынша машинист-бақылаушы
    • Тұтынушылармен жұмыс істеу бөлімі операторы
    • АСУ ТП (автоматты басқару жүйесі) инженері
    • Жылу желілерін, жылу пункттерін, су құбырларын, кәріз жүйелерін жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь
    • Газбен кесуші
    • Қазандық және шаң дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь
    • Бу-газ турбиналық жабдықтарды жөндеу жөніндегі слесарь
    • Қазандық жабдықтар бойынша аға машинист
    • Токарь
    • Электргазбен дәнекерлеуші
    • Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтер
    • Автоматика және өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрслесарь
    • Отқа төзімді материалдармен жұмыс істейтін маман (отқа төзімдіші)
    • Отын беру жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь
    • Инженерлік желілер диспетчері
    • Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жөніндегі слесарь
    • Өндірістік-техникалық бөлім (ӨТБ) инженері
    • Микробиолог-зертханашы
    • Артық тұнбаны қою қондырғысының операторы
    • Санитарлық инспектор
    • Автокөлік/арнайы техника жөндеу жөніндегі слесарь
    • Залалсыздандыру/сусыздандыру қондырғыларының операторы
    • Тұндырғыштарда/құм ұстағыштарда/май ұстағыштарда жұмыс істейтін оператор
    • Сорғы қондырғыларының машинисі
    • Электромеханик
    • Қоқыс тасушы көліктің жүргізушісі
    • Қоқыс тасушы көлік экспедиторы
    • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман.


Кредит беру шарттары
Қарыздың ең жоғары сомасы -
20 000 000 (жиырма миллион) теңге;
Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5 % (ЖТСМ 5,2% бастап 5,7% дейін);
Алдын ала қарыз мерзімі – 19 жылды қоса алғанда;
Бастапқы жарна
қарыз сомасының 10%-ы;
Қарыздың нысаналы мақсаты – «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған кезде бастапқы және қайталама нарықтарда салынып жатқан объектілерден тұрғын үй сатып алу.



ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ БАНКТІК ҚАРЫЗ ШАРТЫ (БҰДАН ӘРІ – ШАРТ) БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАМАҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ БАНК ҚҰҚЫҚТАРЫ:


  1. Шарт талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) есептеу;
  2. Қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны өндіріп алу;
  3. Коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу мен реттеу үшін тапсыру;
  4. Қарыз алушыдан Шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы өтінішпен сот органдарына жүгіну.

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру