Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Региональная Программа кредитования «медицинских работников атырауской области» на 2024 год

2024 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН «АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ» КРЕДИТ БЕРУДІҢ ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарламаға қатысушылар

Іріктеуден өту үшін ЖАО-дан Жолдама алған қатысушылар

Қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар

  • ҚР азаматтығы
  • «Отбасы банк» АҚ-да жинақ шотының (депозиттің) болуы;
  • Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 жылда ҚР аумағы бойынша сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің немесе меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы;
  • Бағдарламаға қатысушының қызметтік тұрғын үйінің болмауы;
  • Соңғы 6 (алты) айда үздіксіз зейнетақы жинақтарының болуы;
  • 01.01.2022 жылдан бастап Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының актілері және жұмыс берушінің актісі негізінде жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар және (немесе) жеке медициналық ұйымдардан және басқа өңірлерден келген, негізгі қызметкерлермен мемлекеттік медициналық ұйымдарға жұмысқа орналастырылған мемлекеттік медициналық ұйымның қызметкерлері.
  • Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады (егер екеуі де медицина қызметкері болса).

Кредит беру шарттары

  • Қарыздың ең жоғары сомасы - 25 млн. теңге;

  • Бастапқы жарна - қарыз сомасының 0%-ы;

  • Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 5% ;

  • Қарыздың нысаналы мақсаты – «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған кезде бастапқы және қайталама нарықтарда салынып жатқан объектілерден тұрғын үй сатып алу.

  • Қарыз мерзімі - 19 жылды қоса алған мерзімге дейін;

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру