Қостанай жастары | Отбасы банк
костанай

ҚОСТАНАЙ ЖАСТАРЫ

 
Костанай ЖАСТАРЫ Костанай ЖАСТАРЫ

ҚОСТАНАЙ ЖАСТАРЫ

Бағдарламаға қатысушылар

Іріктеуден өту үшін ЖАО-дан Жолдама алған қатысушылар

Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы.
  • Қостанай облысының барлық қалалары мен аудандарында қызметтің барлық салаларындағы жас мамандар жұбайының (болған жағдайда) жасына қарамастан, қоса алғанда 34 жасқа дейін (қоса алғанда). Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуіне ғана қатысуға рұқсат етіледі.
  • Бағдарламаға қатысушы тұрғын үйді жұмыс орны бойынша сатып алады.
  • Қатысуға үміткерлер үшін міндетті шарттар: негізгі болып табылатын бір жерде кемінде 6 ай жұмыс өтілі болуы, сондай-ақ Қостанай облысының аумағында тұрақты тіркеуі бар болуы.
  • Қостанай облысында тіркелген жеке кәсіпкерлер болып табылатын үміткерлер үшін үздіксіз қызметте кемінде 1 жыл жұмыс өтілі.
  • Өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы және иеліктен шығару фактілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік бағдарламалар арқылы алынған жалдамалы тұрғын үй болмауы, келесі жағдайларды қоспағанда: Бағдарламаға қатысушы немесе отбасы мүшелері кәмелетке толғанға дейін жекешелендіру немесе мұрагерлік құқығы нәтижесінде алған жылжымайтын мүліктегі үлесі.
  • Соңғы 6 айда өтініш беруші мен ресми некеде бірге тұратын жұбайының немесе тұрақты негізде бірге тұратын өтініш беруші мен ата-анасының жиынтық табысы ай сайынғы 150 АЕК-тен (589 800 теңге) аспауы тиіс. Бағдарламаға тек бір отбасы мүшесі қатыса алады.
  • Қатысушылар бірдей ұпай жинаса, ең жасы үлкен қатысушыға артықшылық беріледі.
  • Бағдарламаға қатысушының «Отбасы Банкі» АҚ-да жинақ шотында қарыз берілгенге дейін бастапқы жарна сомасының қалдығының болуы.

Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу критерийлері

Критерийлер Ұпайлар
1 Тіркелген некедегі әрбір жыл үшін (жесірлерді қоса алғанда) 1
2 Әрбір бала үшін, соның ішінде асырап алынған балаға 1
3 Әлеуметтік-бағдарланған салалардың (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, оның ішінде ведомстволық бағынысты және комуналдық мекемелердің қызметкерлері) және Қостанай облысының қала құраушы кәсіпорындарының, сондай-ақ барлық қызмет салаларының жұмысшы мамандықтарының мамандары 1 жыл – 2
4 Қостанай облысының басқа салаларының жұмысшылары 1 жыл – 1
5 Отбасы құрамында 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар мүшелердің болуы (әрқайсысы үшін) 1
6 Балаларын тәрбиелеп отырған жесір әйелдер/жесір ерлер, әрбір бала үшін, соның ішінде асырап алынған бала үшін 2
7 Мерзімді әскери қызметтен өткен бағдарламаға қатысушылар 1

Кредит беру шарттары:

  • • Қарыздың ең жоғары сомасы:
    Қостанай қаласынан сатып алу үшін - 18 000 000 (он сегіз миллион) теңге;
    • Қостанай облысының басқа аймақтарынан сатып алу үшін – 15 000 000 (он бес миллион) теңге;
  • Бастапқы жарна:
    қарыз сомасының 10%-ы;
  • Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі:
    жылдық 5 % (ЖТСМ 5,2% бастап 5,7% дейін);
  • Қарыз мерзімі:
    19 жылды қоса алған мерзімге дейін;
  • Қарыздың нысаналы мақсаты: «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған кезде салынып жатқан объектілерде бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу.

Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу критерийлері

Критерийлер Ұпайлар
1 Тіркелген некедегі әрбір жыл үшін (жесірлерді қоса алғанда) 1
2 Әрбір бала үшін, соның ішінде. қабылданған 1
3 Әлеуметтік-бағдарланған салалардың (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, оның ішінде ведомстволық бағынысты және комуналдық мекемелердің қызметкерлері) және қала құраушы кәсіпорындардың мамандандырылған қызметкерлері үшін 1 жыл – 2
4 Қостанай облысының басқа салаларының жұмысшылары 1 жыл – 1
5 Отбасында 1 және 2 топтағы мүгедектердің болуы (әрқайсысы үшін) 1

ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ БАНКТІК ҚАРЫЗ ШАРТЫ (БҰДАН ӘРІ – ШАРТ) БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАМАҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ БАНК ҚҰҚЫҚТАРЫ:


  1. Шарт талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) есептеу;
  2. Қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаны өндіріп алу;
  3. Коллекторлық агенттікке берешекті сотқа дейінгі өндіріп алу мен реттеу үшін тапсыру;
  4. Қарыз алушыдан Шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы өтінішпен сот органдарына жүгіну.
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
"Quanysh-AI" чат-боты жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып кеңес береді. Чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз.

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру