Қоғамдық кеңес Отбасы банкінің консультативтік-кеңес беруші, байқаушы органы, сондай-ақ Банк қызметіне қоғамдық бақылауды ұйымдастыру органы болып табылады.
Қоғамдық кеңестер өз қызметін мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
1) тәуелсіздік; 2) мүшелерінің қоғамдық негіздегі қызметі; 3) автономдық; 4) дербестік; 5) жариялылық.
Қоғамдық Кеңес қызметінің мақсаты Банк қызметіне қатысты қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру болып табылады.
Кеңестің негізгі міндеттері:
1) Банк шешімдерін талқылау және қабылдау кезінде азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және жұртшылықтың пікірін ескеру; 2) Банктің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын дамыту; 3) Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және Банк қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету;
Қоғамдық кеңесінің құрамы:
1) Айнагүл Музафар - "RUKHTYLAR" қоғамдық қор төрағасы; 2) Ақмарал Шатемірқызы - мұғалім; 3) Руслан Тұрысбеков - " Не молчи сирота" қоғамдық қор төрағасы; 4) Нина Лукьяненко-Қазақстан риэлторларының өзін-өзі реттейтін қауымдастығы президентінің кеңесшісі, жылжымайтын мүлік саласындағы сарапшы; 5) Бекнұр Кисиков - Қазақстан ҮЕҰ академиясының тәлімгері; 6) Аида Досаева- стратегиялық коммуникациялардағы сарапшы; 7) Айнаш Есали- "Егемен Қазақстан" газетінің журналисті; 8) Полина Шиманская- тәуелсіз журналист, блогер. 9) Ләззат Ибрагимова – "Отбасы банкі"АҚ Басқарма төрағасы; 10) Жансұлтан Матай - "Отбасы банк"АҚ Басқарма төрағасының орынбасары; 11) Зауре Масгутова - "Отбасы банк" АҚ баспасөз қызметінің директоры.
«Отбасы банк» АҚ Қоғамдық кеңесі туралы Ереже ХАТТАМА №1 "Отбасы банк" АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысы
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!