Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.05.2013ж. № 516 «Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру шаралары туралы», 22.05.2013ж. № 571 «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландырудың және ұлттық экономиканы дамытудың бірқатар шаралары туралы» қаулыларына және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» 23.08.2013ж. № 628 бұйрығына сәйкес, Банктің қарапайым акциялары «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамына орналастырылатын акциялардың төлеміне берілді.
28.08.2013 жылдан бастап Банктің 7 830 000 (жеті миллион сегіз жүз отыз мың) қарапайым акциялары 010000, Астана қ., Орынбор к-сі, 10 үй, тел. 7 (717) 2 798457 мекенжайында орналасқан «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамының меншігінде, БСН 130540020197.
1. Эмитенттің толық атауы және орналасқан жері: «Отбасы банкі» акционерлік қоғамы, 050000, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абылай хан даңғылы, 91.
Эмитент:
«Отбасы банк» акционерлік қоғамы
Шығару нысаны:
Облигациялар тіркелген нысанға сәйкес шығарылады. Облигациялар Қазақстан Республикасында «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) (бұдан әрі – Облигациялар) қолданыстағы құқығына сәйкес шығарылады (https://aix.kz/issuers/house-construction-savings-bank-of-kazakhstan/)
Валюта:
Шығару валютасы – қазақстандық теңге. Барлық төлемдерді (купондық сыйақы және негізгі борыш) Эмитент қазақстандық теңгеге ақша аудару жолымен жасайды.
Номиналды құны:
Облигацияның номиналды құны 1000 (бір мың) теңгені құрайды
Бағалы қағаздар:
Түрі және атауы.Купондық облигациялар
Саны.57 700 000 (елу жеті миллион жеті жүз мың) облигация
Айналыстың басталу күні және өтеу мерзімі.Облигациялардың жалпы шығарылымы сомасында әлеуетті инвестордан облигацияларды орналастырудан Эмитенттің шотына ақша қаражатының түскен күні айналыстың басталу күні болып табылады. Облигациялардың айналыс кезеңі 2033 жылғы 28 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі мерзім болып табылады.
Орналастырудың басталуы және соңғы күндері.Облигациялар айналысының басталу күндері және Облигациялар айналысы кезеңінің соңғы күні тиісінше Облигацияларды орналастырудың басталу күні және аяқталу күні болып табылады.
Бас қаржы орталығы.АХҚО
Листингке байланысты жалпы шығыстар.Эмитент пен AIX арасында жасалған Листинг шартына сәйкес.
Күтілетін сауда көлемі.Күтілетін сауда көлемі.
Әлеуетті инвесторлар.Әлеуетті инвестор АХҚО-да Бизнесті жүргізу қағидалары жөніндегі Нұсқаулықтың (j) 2.4.1-тармағына сәйкес Танылған Кәсіби Клиент болуы тиіс.
Купон мөлшерлемесі:
Купондық сыйақының жылдық мөлшерлемесі жылдық 9.58%-ды құрайды.Облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі Облигациялар айналысының бүкіл мерзіміне белгіленген болып табылады.
Купондар бойынша сыйақы:
Облигациялар бойынша сыйақыны есептеу басталатын күн.Облигациялар бойынша сыйақыны есептеу Облигациялар айналысы басталған күннен басталады. Сыйақыны есептеу Облигациялар айналысының бүкіл кезеңі ішінде жүргізіледі және 2033 жылғы 28 желтоқсанды қоса алғанда аяқталады.Облигациялар бойынша сыйақы төлеу тәртібі мен талаптары, облигациялар бойынша сыйақы алу тәсілі.Сыйақы оны алуға құқығы бар және Эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде тіркелген тұлғаларға сыйақы төлеу жүзеге асырылатын кезеңнің соңғы күнінің бас кезінде (Эмитент тіркеушісінің орналасқан жеріндегі уақыт бойынша) (бұдан әрі – Тіркеу күні) төленеді.Сыйақы оны алуға құқығы бар және Эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде тіркелген тұлғаларға сыйақы төлеу жүзеге асырылатын кезеңнің соңғы күнінің бас кезінде (Эмитент тіркеушісінің орналасқан жеріндегі уақыт бойынша) (бұдан әрі – Тіркеу күні) төленеді.Облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:C = N * I * D / 360, мұндаC - облигациялар бойынша купондық сыйақы сомасы (теңге);N - облигацияның номиналды құны (теңге);N - облигацияның номиналды құны (теңге);D сатып алынған күннен бастап немесе 360 күндік жыл және 30 күндік ай негізінде есептелген күндер саны.Сыйақыны түпкілікті төлеу Облигациялар бойынша негізгі борышты төлеумен бір мезгілде жүргізіледі.Сыйақыны есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі.Облигациялар бойынша сыйақы айналыстың барлық кезеңі ішінде жылына үш жүз алпыс (360) күн және айына отыз (30) күн уақыт базасына сәйкес төленеді.
Облигация ұстаушыларына төлемдер:
Облигациялар бойынша купондық сыйақы төлемі туралы толығырақ ақпаратты осы талаптардың 2-тармағынан қараңыз.Өтеу күні.Облигациялар айналысының соңғы күнінен кейінгі үш (3) жұмыс күні ішінде.Өтеу талаптары.Облигациялар олардың айналысы кезеңінің соңғы күнінен кейін үш (3) жұмыс күні ішінде Облигациялар айналысы кезеңінің соңғы күнінің бас кезіндегі жағдай бойынша Облигациялар ұстаушылардың тізіліміне енгізілген Облигациялар ұстаушының (лардың) банктік шоттарына ақша қаражатын аудару жолымен соңғы купондық сыйақыны бір мезгілде төлеген кезде Облигациялардың номиналды құны бойынша өтелуі тиіс.Облигацияларды өтеу орны:Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абылай хан к-сі, 91Сатып алу әдісі.Негізгі борышты қайтару және соңғы купондық сыйақыны төлеу Облигацияларды ұстаушылардың тізіліміндегі деректерге сәйкес Облигацияларды ұстаушының (лардың) банктік шоттарына ақша қаражатын аудару жолымен жүргізіледі.
Салықтар:
Облигациялардың номиналды құны бойынша сатып алу (төлеу) салық салу үшін негіз болып табылмайды.В«Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалар 2066 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке және корпоративтік табыс салығын, оның ішінде қор биржасының ресми тізімдерінде осындай дивидендтер немесе сыйақылар есептелген күнге жататын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар түріндегі кірістер бойынша төлеуден босатылады.
Әр түрлі:
Қазақстан Республикасының аумағында Облигациялардың берілуіне байланысты туындайтын алымдар, тіркеу алымдары немесе өзге де салық қолданылмайды.
Осы «Отбасы банк» АҚ акцияларын сатып алу кезінде олардың құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – әдістеме) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына және «Отбасы» АҚ (бұдан әрі – Банк) Жарғысына сәйкес әзірленді.
2. Осы әдістеме Банк өзі орналастырған акцияларды:
3. Банктің өзі орналастырған акцияларды сатып алу тәртібі мен шектеулері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
4. Акцияларды сатып алу туралы шешім қабылданған кезде олардың құны мынадай әдістеме бойынша айқындалады: • Банктің меншікті капиталының мөлшерін, оның даму болашағын, Банктің нормативтерді сақтауы бөлігінде заңнама талаптарын ескере отырып және тиісті лицензиясы бар тәуелсіз бағалаушының қорытындысы негізінде Банк акцияларды ұйымдасқан нарықта орналастырған жағдайда бағалы қағаздардың баға белгіленіміне әсер ететін өзге де факторларды ескере отырып, нарықтық құны бойынша; • баланстық құны бойынша
Баланстық құнды есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:
Сб = (АК) / Q
мұнда
Сб – баланстық құны АК – акционерлік капиталдың баланстық құны Q – шығарылған акциялардың жалпы саны
5. Банктің акцияларын сатып алу тиісті шешім қабылданғаннан бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.
"Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" Акционерлік қоғамының дивидендтерді төлеу туралы ақпарат
"Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамының 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл бойынша аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту, 2023 жылдың қорытындысы бойынша таза табысты бөлу тәртібін бекіту, бір жай акцияға есептелген дивиденд мөлшерін бекіту, акционердің "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамының және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты өтініштері туралы ақпаратты қарау, "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесі мен Банк Басқармасы мүшелерінің 2023 жылғы сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы ақпаратты қарау туралы мәселе бойынша "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы Басқармасымен төмендегідей шешім (2024 жылғы 15 мамырдағы №24/24 Басқарма отырысы хаттамасы) қабылданды:
1. Осы хаттаманың №14 қосымшасына сәйкес, 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл бойынша "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жина банкі" акционерлік қоғамының аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін.
2. "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамының (орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, АО5А2ХО, Алматы қ., Абылай хан д-лы, 91, деректемелері: жеке сәйкестендіру коды КZ539729722853000001, банктік сәйкестендіру коды - HCSKKZKA, бизнес-сәйкестендіру нөмірі 030740001404) 2023 есептік қаржы жылының қорытындысы бойынша 147 527 532 683,29 теңге (Бір жүз қырық жеті миллиард бес жүз жиырма жеті миллион бес жүз отыз екі мың алты жүз сексен үш теңге 29 тиын) мөлшерінде алынған таза табысын бөлудің төмендегі тәртібі бекітілсін: - таза табыстың 30%-ы есебінен алынған 44 258 292 000,00 теңге (қырық төрт миллиард екі жүз елу сегіз миллион екі жүз тоқсан екі мың теңге 00 тиын) мөлшеріндегі сома "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамының Жалғыз акционеріне дивиденд төлеуге бағытталсын; - таза табыстың 70%-ы есебінен алынған 103 269 240 683,29 теңге (бір жүз үш миллиард екі жүз алпыс тоғыз миллион екі жүз қырық мың алты жүз сексен үш теңге 29 тиын) мөлшеріндегі таза табыстың қалған бөлігі 100 000 000 000 теңгеге (жүз миллиард теңге) дейінгі сомаға "Отау" бағдарламасы бойынша алдын ала тұрғын үй қарыздарын беру үшін "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамының иелігінде қалдырылсын.
3. "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамының бір жай акциясына (барлығы 7 830 000 акция) шаққандағы дивиденд 5 652,40 теңге (бес мың алты жүз елу екі теңге 40 тиын) мөлшерінде бекітілсін.
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының Басқармасы (2023 жылғы 22 мамырдағы № 19/23 Басқарма отырысының хаттамасы) "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамының 2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін 2022 жылдың қорытындылары бойынша алынған таза табысты бөлу туралы аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы, "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамының және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің өтініштері туралы ақпаратты назарға алу, сондай-ақ 2022 жылы "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне берілетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы мәселесі бойынша шешім қабылдады:
1. 2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамының аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі осы хаттамаға №5 қосымшаға сәйкес бекітілсін;
2. Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамының таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін (орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, А05а2х0, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 91, деректемелері: жеке сәйкестендіру коды – KZ539729722853000001, банктік сәйкестендіру коды – HCSKKZKA, бизнес-сәйкестендіру нөмірі – 2022 жылдың қорытындысы бойынша алынған 030740001404 есепті қаржы жылы 96 035 129 578,28 (тоқсан алты миллиард отыз бес миллион жүз жиырма тоғыз мың бес жүз жетпіс сегіз) теңге 28 тиын мөлшерінде:
1) 67 224 699 900,00 (алпыс жеті миллиард екі жүз жиырма төрт миллион алты жүз тоқсан тоғыз мың тоғыз жүз) теңге 00 тиын мөлшеріндегі сома, таза кіріс сомасының 70% есебінен "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ дивидендтерін төлеуге бағытталсын;
2) 28 810 429 678,28 (жиырма сегіз миллиард сегіз жүз он миллион төрт жүз жиырма тоғыз мың алты жүз жетпіс сегіз) теңге 28 тиын мөлшеріндегі таза табыстың қалған бөлігі "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамының иелігінде қалдырылсын.
3. "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамының бір қарапайым акциясына есептегенде 8 585,53 (сегіз мың бес жүз сексен бес) теңге 53 тиын дивиденд мөлшері бекітілсін.
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Акционерлік қоғамының дивидендтерді төлеу туралы ақпарат
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқармасымен «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының 2021 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін жылдық қаржылық есептілігін бекіту, «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының есептілік қаржы жылындағы таза кірісін бөлу тәртібін айқындау, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы, Жалғыз акционердің «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне өтініштері, «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелері сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы ақпаратты қарау туралы (Басқарма отырысының 2022 жылғы 26 мамырдағы № 23/22 хаттамасы) шешім қабылданды:
1. «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының таза табысын бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін (орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, АО5А2Х0, Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 91, деректемелері: жеке сәйкестендіру коды КZ - 539729722853000001, банктік сәйкестендіру коды - HCSKKZKA, бизнес сәйкестендіру нөмірі 030740001404, 2021 жылдың қорытындысы бойынша алынған есептілік қаржы жылының мөлшері 65 754 823 820,56 (алпыс бес миллиард жеті жүз елу төрт миллион сегіз жүз жиырма үш мың сегіз жүз жиырма) теңге 56 тиын:
1) 32 877 465 300,00 (отыз екі миллиард сегіз жүз жетпіс жеті миллион төрт жүз алпыс бес мың үш жүз) теңге 00 тиын мөлшеріндегі сома таза табыс сомасының 50% есебінен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ дивидендтерін төлеуге жұмсалсын;
2) 32 877 358 520,56 (отыз екі миллиард сегіз жүз жетпіс жеті миллион үш жүз елу сегіз мың бес жүз жиырма) теңге 56 тиын мөлшеріндегі таза табыстың қалған бөлігі «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының билігінде қалдырылсын.
2. «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының бір жай акциясына 4 198,91 (төрт мың бір жүз тоқсан сегіз) теңге 91 тиын есебімен дивиденд мөлшері бекітілсін.
2020 жылғы таза кірісті бөлу
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ жалғыз акционерінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 27/21 шешіміне сәйкес 2020 жылға жай акциялар бойынша дивидендтердің төленбейтінін хабарлайды.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқармасы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының 2018 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін және бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы мәселе бойынша келесідей шешім (Басқарма отырысының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 20/20 хаттамасы) қабылдады:
1. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Банк) (орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, А05А2Х0, Алматы қ., Абылай хан даңғ., 91, деректемелері: жеке сәйкестендіру коды – KZ539729722853000001, банктік сәйкестендіру коды - HCSKKZKA, бизнес-сәйкестендіру нөмірі - 030740001404) 2019 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін 27 641 999 183,91 (жиырма жеті миллиард алты жүз қырық бір миллион тоғыз жүз тоқсан тоғыз мың жүз сексен үш теңге 91 тиын) мөлшерінде алынған таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін:
1) таза кірістің 8 292 596 400,00 (сегіз миллиард екі жүз тоқсан екі миллион бес жүз тоқсан алты мың төрт жүз теңге 00 тиын) мөлшеріндегі сомасы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ дивидендтерін төлеуге бағытталсын;
2) таза кірістің қалған 19 349 402 783,91 (он тоғыз миллиард үш жүз қырық тоғыз миллион төрт жүз екі мың жеті жүз сексен үш теңге 91 тиын) мөлшеріндегі сомасы Банктің иелігінде қалсын.
2. Банктің бір жай акциясына есептегендегі дивиденд мөлшері 1 059 (бір мың елу тоғыз) теңге 08 тиын болып бекітілсін.
2018 жылғы таза кірісті бөлу
«Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқармасы (Басқарманың 30.04.2019 жылғы отырысының № 23/19 хаттамасы) 2018 жылғы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының таза кірісін бөлу тәртібін және бір жай акцияға шаққандағы дивиденд көлемін бекіту туралы мәселе бойынша шешім қабылдады:
1. 2018 жылғы қаржы жылында алынған 26 455 168 482 (жиырма алты миллиард төрт жүз елу бес миллион бір жүз алпыс сегіз мың төрт жүз сексен екі теңге 77 тиын) көлемінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Банк) таза кірісін бөлудің келесі тәртібі бекітілсін (орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, А05А2Х0, Алматы қ., Абылай хан даңғ., 91, деректемелері: жеке сәйкестендіруші коды - KZ539729722853000001, банктік сәйкестендіруші коды - HCSKKZKA, бизнес-сәйкестендіруші нөмірі - 030740001404):
1) таза кірістің 7 936 550 544 (жеті миллиард тоғыз жүз отыз алты миллион бес жүз елу мың бес жүз қырық төрт теңге 83 тиын) көлеміндегі сома дивидендтерді төлеуге жұмсалсын;
2) таза кірістің қалған 18 518 617 937 (он сегіз миллиард бес жүз он сегіз миллион алты жүз он жеті мың тоғыз жүз отыз жеті теңге 94 тиын) Банктің иелігінде қалдырылсын.
2. Банктің бір жай акциясына шаққандағы дивидендтердің көлемі 1013 (бір мың он үш теңге 61 тиын) болып бекітілсін.
2017 жылғы таза кірісті бөлу
«Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқармасы (Басқарманың 25.04.2018 жылғы отырысының № 15/18 хаттамасы) 2017 жылғы «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының таза кірісін бөлу тәртібін және бір жай акцияға шаққандағы дивиденд көлемін бекіту туралы мәселе бойынша шешім қабылдады:
1. 2017 жылғы қаржы жылында алынған 25 586 569 582 (жиырма бес миллиард бес жүз сексен алты миллион бес жүз алпыс тоғыз мың бес жүз сексен екі теңге 05 тиын) теңге көлемінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Банк) таза кірісін бөлудің келесі тәртібі бекітілсін (орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, А05А2Х0, Алматы қ., Абылай хан даңғ.,91, деректемелері: жеке сәйкестендіруші коды - KZ539729722853000001, банктік сәйкестендіруші коды - HCSKKZKA, бизнес-сәйкестендіруші нөмірі - 030740001404):
1) таза кірістің 7 675 970 874 (жеті миллиард алты жүз жетпіс бес миллион тоғыз жүз жетпіс мың сегіз жүз жетпіс төрт) теңге 62 тиын көлеміндегі сома дивидендтерді төлеуге жұмсалсын;
2) таза кірістің қалған 17 910 598 707 (он жеті миллиард тоғыз жүз он миллион бес жүз тоқсан сегіз мың жеті жүз жеті) теңге 43 тиыны Банктің иелігінде қалдырылсын.
2. Банктің бір жай акциясына шаққандағы дивидендтердің көлемі 980 (тоғыз жүз сексен ) теңге 33 тиын болып бекітілсін.
2016 жылғы таза табысты бөлу
«Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқармасы (Басқарманың 26.04.2017 жылғы № 19/17 отырысының хаттамасы) 2016 жылғы «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының таза кірісін бөлу тәртібін және бір жай акцияға шаққандағы дивиденд көлемін бекіту туралы мәселе бойынша шешім қабылданды:
1. 2016 жылғы қаржы жылында алынған 22 596 429 064 (жиырма екі миллиард бес жүз тоқсан алты миллион төрт жүз жиырма тоғыз мың алпыс төрт) теңге 95 тиын көлемінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Банк) таза кірісін бөлудің келесі тәртібі бекітілсін (орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, А05А2Х0, Алматы қ., Абылай хан даңғ.,91, деректемелері: жеке сәйкестендіруші коды - KZ30125KZT1001300369, банктік сәйкестендіруші коды - HCSKKZKA, бизнес-сәйкестендіруші нөмірі - 030740001404):
1) таза кірістің 6 778 928 719 (алты миллиард жеті жүз жетпіс сегіз миллион тоғыз жүз жиырма сегіз мың жеті жүз он тоғыз) теңге 49 тиын көлеміндегі сома дивидендтерді төлеуге жұмсалсын;
2) таза кірістің қалған 15 817 500 345 (он бес миллиард сегіз жүз он жеті миллион бес жүз мың үш жүз қырық бес) теңге 46 тиыны Банктің иелігінде қалдырылсын.
2. Банктің бір жай акциясына шаққандағы дивидендтердің көлемі 865 (сегіз жүз алпыс бес) теңге 76 тиын болып бекітілсін.
2015 жылғы таза табысты бөлу
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Басқармасы жылдық қаржылық есептілікті бекіту және жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ әрекетіне Жалғыз акционердің сұрау салуы туралы ақпаратын мағлұмат ретінде қабылдау және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасы мен Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақы мөлшерлемесі жөніндегі мәселе бойынша шешім (10.03. 2016 жылғы Басқарма отырысының № 09/16 хаттамасы) қабылдады:
1) 2015 жылғы Банктің жай акциялары бойынша дивидендтер Жалғыз акционерге төленбесін және 2015 жылғы жұмыс нәтижелері бойынша түскен 15 232 242 264 (он бес миллиард екі жүз отыз екі миллион екі жүз қырық екі мың екі жүз алпыс төрт) теңге көлеміндегі таза табыс Банк қарамағына қалдырылсын.
2014 жылғы таза кірісті бөлу
2014 жылғы таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту мәселесі бойынша «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқармасы шешім (Басқарманың 19.05.2015 жылғы отырысының № 17/15 хаттамасы) қабылдады:
1) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2014 жылғы 11 553 289 727 теңге (он бір миллиард бес жүз елу үш миллион екі жүз сексен тоғыз мың жеті жүз жиырма жеті теңге) мөлшеріндегі таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін:
— таза кірістің 7 166 094 300 теңгесі (жеті миллиард бір жүз алпыс алты миллион тоқсан төрт мың үш жүз теңге) дивидендтер төлеуге жіберілсін;
— 4 387 195 427 теңге (төрт миллиард үш жүз сексен жеті миллион бір жүз тоқсан бес мың төрт жүз жиырма жеті теңге) мөлшеріндегі қалған бөлігі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ билігіне қалдырылсын.
2) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері — 915 (тоғыз жүз он бес) теңге 21 (жиырма бір) тиын мөлшерінде бекітілсін.
2013 жылғы таза кірісті бөлу
2013 жылғы таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту мәселесі бойынша «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқармасы шешім (Басқарманың 29.05.2014 жылғы отырысының № 18/14 хаттамасы) қабылдады:
1) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2013 жылғы 5 997 096 335,13 теңге (бес миллиард тоғыз жүз тоқсан жеті миллион тоқсан алты мың үш жүз отыз бес теңге 13 тиын) мөлшеріндегі таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін:
— таза кірістің 1 799 177 400,00 теңгесі (бір миллиард жеті жүз тоқсан тоғыз миллион жүз жетпіс жеті мың төрт жүз теңге 00 тиын) дивидендтер төлеуге жіберілсін;
— 4 197 918 935, 13 теңге (төрт миллиард жүз тоқсан жеті миллион тоғыз жүз он сегіз мың тоғыз жүз отыз бес теңге 13 тиын) мөлшеріндегі қалған бөлігі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өкіміне қалдырылсын.
2) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері — 229,78 теңге (екі жүз жиырма тоғыз теңге 78 тиын) мөлшерінде бекітілсін.
2012 жылғы таза кірісті бөлу
«Байтерек» Ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамының Басқармасы шешім қабылдады («2012 жылғы таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, қарапайым акциялар бойынша дивидендтер төлеу және „Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі“ акционерлік қоғамының бір қарапайым акциясына деген есеппен дивиденд мөлшерін бекіту туралы» мәселе бойынша Басқарманың 29.07.2013 жылғы отырысының № 02/13 хаттамасы):
1) 2 041 836 603,43 теңге (екі миллиард қырық бір миллион сегіз жүз отыз алты мың алты жүз үш теңге 43 тиын) сомасындағы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін:
— 611 979 668,29 теңге (алты жүз он бір миллион тоғыз жүз жетпіс тоғыз мың алты жүз алпыс сегіз теңге 29 тиын) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші-деңгейлі банктердің резервтік капиталының ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» 28.08.2009 жылғы № 196 қаулысының талабы негізінде резервтік капиталды қалыптастыруға жұмсалсын;
— 714 879 000,00 теңге (жеті жүз он төрт миллион сегіз жүз жетпіс тоғыз мың теңге 00 тиын) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ акциялар пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсалсын;
— 714 977 935,14 теңге (жеті жүз он төрт миллион тоғыз жүз жетпіс жеті мың тоғыз жүз отыз бес теңге 14 тиын) әрі қарай даму үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқаруына қалдырылсын.
2) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бір қарапайым акциясына деген есеппен 91,30 теңге (тоқсан бір теңге 30 тиын) дивиденд мөлшері бекітілсін.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!