Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі Қазақстандағы халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар бойынша кредит берудің сапалы жаңа жүйесі болып табылады. Қазақстан – ТМД аумағында осы жүйенің бірінші кезекте табысы орташа және орташадан төмен халыққа арналған қағидаттары мен шарттарын іске асыру басталған бірінші ел.
2023 жыл
2022
Жыл ішінде:
Банктің Директорлар кеңесінің құрамы жаңартылды. Банктің Директорлар кеңесінің төрағасы болып "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев сайланды.
Банктің Семей қаласындағы филиалы ресми түрде Абай облыстық филиалы болып өзгертілді.
Fitch Ratings және Moody's Investors Service халықаралық рейтинг агенттіктері рейтингтерді растады: - ұлттық валюта эмитентінің ұзақ мерзімді дефолт рейтингтері (ЭДР) "BBB" деңгейінде. Рейтингтер бойынша болжам "Тұрақты" (Fitch). - Банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді тәуекел рейтингтері Baa2/P-2 деңгейінде. Ұлттық валютадағы депозиттер бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтер де Baa2/P-2 (Moody's) деңгейінде сақталады.
Банк Қазақстандағы ESG клубының тең құрылтайшыларының бірі және мүшесі болды. Ұлттық ESG клубын құру туралы меморандумға 19 отандық компания қол қойды.
Банк азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған Қазақстандағы бірінші "Жасыл ипотека" бағдарламасын іске қосты.
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді. "Отбасы Банкі" АҚ-да 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы күшін жойды.
Otbasybank.kz онлайн цифрлық платформасы арқылы жалға алу төлемдерін субсидиялау бағдарламасы іске қосылды.
Банктің жергілікті атқарушы органдарымен бірлескен өңірлік және жастар тұрғын үй бағдарламалары, атап айтқанда "Әулиеата жастары", "Жас шаңырақ", "Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар", "Қарағанды қаласының кеншілері мен металлургтері үшін" бағдарламалары іске қосылды, сонымен қатар "Атырау жастары", "Алатау жастары", "Абай жастары", "Ақтөбе жастары", "Жетісу жастары", "Qamqor", "Арманға жол", "Шұбаркөл Көмір" АҚ қызметкерлеріне", "Бөрлі ауданы Батыс Қазақстан облысы тұрғындары үшін", "Қазфосфат" ЖШС қызметкерлеріне арналған бағдарламалар бойынша меморандумдар/келісімдерге қол қойылды.
Үлескерлерді несиелеуге арналған жаңа өнім – құрылыс компаниясының жауапкершілігін сақтандыру, осыған сәйкес құрылыс компаниясы Банк клиенттері үшін қосымша ауыртпалық жасамай, сақтандыру сыйлықақысын өз қаражаты есебінен төлейтін болады (сақтандыру жағдайы болып объектіні белгіленген мерзімде пайдалануға бермеу саналады).
"Отбасы Банкі" АҚ-ның өнімдер желісінде заңды тұлғаларға арналған "Сенімді" өнімі бекітілді.
2021
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидалары және www.enpf-оtbasy.kz онлайн-платформасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделу ақысын төлеуге зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтінімдер қабылдау үшін www.enpf-оtbasy.kz онлайн-платформасы іске қосылды.
Банктің банктік операцияларды жүргізуге лицензиясы қызметтің жаңа түрімен кеңейтілді, бұл – тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін аудару үшін жеке тұлғалардың ағымдағы банктік шоттарын ашу және жүргізу.
Fitch Ratings рейтингтік агенттігі Банкке ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «BBB-» деңгейінен «ВВВ» деңгейіне дейін көтерді. Рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты».
Mооdy's Investоrs Service агенттігі Банктің ұлттық валютадағы депозиттері бойынша ұзақ мерзімді рейтингті «Ваа3» деңгейінен «Ваа2» деңгейіне дейін көтерді. Рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты».
Мобильді қолданбада және Банк сайтындағы интернет-банкингте «Ипотекалық қарызды мерзімінен бұрын ішінара өтеу» онлайн сервисі енгізілді.
Азия даму банкінен қарыз қаражаты есебінен тұрғын үйді қаржыландыруда гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған, Қазақстан әйелдерінің тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған «Ұмай» бағдарламасы іске қосылды.
Банк жұмысының ашықтығы мен айқындығын арттыру, ақпаратқа қол жеткізу және азаматтармен жедел кері байланыс орнату үшін «Ашық диалог» блог-платформасында (https://dialоg.egоv.kz) Банк Басқармасының төрайымы Ляззат Ибрагимованың блогы пайда болды.
Берілген сенімхат негізінде клиенттердің өкілдеріне қызмет көрсетуді оңтайландыру үшін ВРМ жүйесінде «Сенімхаттар» модулі іске асырылды.
Өтінімдер бойынша шешімдер қабылдаудың автоматты жүйесін скоринг карталары жұмысының нәтижелері бойынша шешімдер қабылдай отырып, «Алдын ала іріктеу» процесімен интеграциялау ендірілді.
Клиенттерге қашықтықтан қызмет көрсетудің жаңа функциясы іске қосылды, бейне қоңырау арқылы депозитті онлайн ашу, сондай-ақ интернет-банкингте «Сақтандыру шарттарын ұзарту» онлайн операциясы жүзеге асырылды.
Банк Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқан екі отбасының және төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен, Отбасы банкте кредиттері болған 7 отбасының 16,6 млн теңге сомасындағы берешегін есептен шығарды.
Банктің мобильді қолданбасында «Консьерж сервис», «Қарызды мерзімінен бұрын толық өтеу», «Қосалқы қарыз алушылармен қарызды мерзімінен бұрын ішінара өтеу» онлайн сервистері іске қосылды.
Blоckchain технологиясын қолдана отырып, жылжымайтын мүлік кепілін онлайн тіркеу іске қосылды.
Тұрғын үйді сатып алу және сату бойынша маркетплейс («Baspana market» порталы) іске қосылды, онда клиенттер тұрғын үйді таңдай алады, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға өтінім бере алады, Банктің жеке бағдарламалары бойынша құрылыс салушылардан оңтайлы нұсқаны таңдай алады, қайталама нарықта пәтер сатып алады, ал құрылыс салушылардың өз кабинеттері болады, онда олар электронды түрде ынтымақтастық туралы өтінім бере алады және Банк сатып алушыларының үлкен пулына арналған пәтерді сатуға қою мүмкіндігіне ие болады.
Депозитті толықтыру және кредитті өтеу бойынша Банк серіктестерінің тізімі кеңейтілді – нөлдік комиссиямен Fоrte bank мобильді қолданбасы арқылы төлеудің (депозитті толықтыру, кредитті өтеу) жаңа тәсілі енгізілді.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен Отбасы банктің ақпараттық жүйелерін интеграциялау жүргізілді, нәтижесінде Банк клиенттері EGОV Mоbile электрондық үкіметтің мобильді қолданбасында «Цифрлық құжаттар» сервисін пайдалана алады.
Астана қаласының мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдарында жұмыс істейтін азаматтар санаты үшін Банк пен Астана қаласы әкімдігінің 2021-2023 жылдарға арналған «Elоrda Zhastary» бірлескен бағдарламасы іске қосылды.
2020
Интернет-банкингке шоттар арасындағы аударымдар деген жаңа сервис енгізілді.
Алматы қаласының мемлекеттік қалалық және республикалық ұйымдарында жұмыс істейтін азаматтар санаты үшін Алматы қаласы әкімдігі мен Банктің «Алматы жастары» деп аталатын бірлескен жобасы іске қосылды.
Байланыс орталығының операторы «Бейне кеңес беру» сервисі арқылы алғашқы депозитін ашты.
2020 жылғы 20 наурызда Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Банк эмитенті дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «BBB-» деңгейінде растады. Рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».
Қазақстан Республикасында Төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты клиенттерден қарыздар бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруға өтініштер қабылдау басталды.
Банк сайтында ағымдағы шот ашу, деректемелерді өзгерту, салым шарттарын өзгерту, салымды бөлу қызметтерін алу бойынша «Бейне қоңырау» сервисі енгізілді.
Интернет-банкингте «Төлемді кейінге қалдыру» модулі іске қосылды.
Қашықтан банктік қызмет көрсету үшін ҚРҰБ ҚБЕО «Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы» ақпараттық жүйесімен интеграциялау жүзеге асырылды.
«Отбасы банк» АҚ CRM жүйесінде көп арналы E-mail, Push, SMS хабарламалар жіберу сервисі іске асырылды.
Банк пен Еуразиялық топ арасында Eurasian Resurces Grоup (ERG) кейбір кәсіпорындарының қызметкерлеріне жеңілдікпен кредит беру (бастапқы жарнасыз кредит беру) жөнінде келісімге қол қойылды.
Жаңа өнім – «Арнау» балалар депозиті іске қосылды (кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2%, депозит бойынша жинақтаудың ең аз мерзімі 10 жылды құрайды).
Банк кеңес берушілері арқылы қарызды ресімдеуге құжаттарды беру бойынша қызметтің жаңа түрі енгізілді.
2020 жылғы 1 шілдеден бастап жас отбасыларға арналған «Жас отбасы» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды (кредит бойынша мөлшерлеме алғашқы екі жылда жылдық 6%, содан кейін ол 5%-ға дейін төмендейді).
2020 жылғы 4 тамызда Түркістан қаласында Банк филиалы ашылды (2020 жылғы тамыздан бастап Банктің аймақтық желісінде - 18 филиал).
«Шаңырақ» пилоттық жобасына қатысушыларға кредит беру» бағыты бойынша Мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдау басталды.
Интернет-банкте және ТҚЖБ24 мобильді қолданбасында бірінші салым ашылды.
Интернет-банкингтегі жеке құжат ретінде клиенттің кредит бойынша төлем кестесін өз бетінше жүктеу қызметі іске асырылды.
Клиенттің жыл қорытындысы бойынша мемлекет сыйлықақысы есептелетін депозитті өз бетінше таңдауы, сондай-ақ салымшының интернет-банкингте немесе ТҚЖБ24 мобильді қолданбасында депозиттерді өз бетінше біріктіруі бойынша қызметтер іске асырылды.
2020 жылғы 20 желтоқсанда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы болып қайта тіркелді.
2019
Ұйымдардың өз қызметкерлеріне қолдау көрсетуіне және олардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға көмектесуіне мүмкіндік беретін «Корпоративтік» бағдарламасы бекітілді.
«Сыйлық сертификаты» жаңа өнімі енгізілді, ол ТҚЖ туралы шартты сыйлық ретінде үшінші тұлғаға өтеусіз беруге мүмкіндік береді.
Банк «Бақытты отбасы» өңірлік бюджеттік кредит беру шеңберінде Алматы қаласының әкімдігімен 3 млрд теңге сомасына шарт жасасты. Сондай-ақ қарыз беру бойынша өзара іс-қимыл туралы келісім жасалды.
Белгілі бір объектілердің аумағында көшеттер отырғызу бойынша «Жасыл Мекен» акциясы ұйымдастырылды, оған 35 000-нан астам адам тартылды.
Банкке «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін 50 млрд теңге бөлінді.
Банктің жалғыз акционерінің шешімімен Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді.
Банк бірінші облигациялық бағдарлама аясында 20 млрд теңге көлемінде өз облигацияларын орналастырды.
2019 жылғы 27 тамызда Мооdy's Investоrs Service халықаралық рейтингтік агенттігі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның ұзақ мерзімді рейтингтері бойынша болжамын «Тұрақтыдан» «Жағымдыға» өзгертті.
Бірінші кредиттік бюроның биометриялық верификациясын қолдана отырып, «Бейне сервис» арқылы депозиттерді қашықтан ашу бойынша пилоттық жоба іске қосылды.
2018
ТҚЖ жүйесінің жаңа 386 мың қатысушысын тарту.
«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға қатысу.
Банк клиенттер үшін «Онлайн басқаға беру» - интернет банкингте үшінші тұлғаларға беру қызметін іске қосты.
«Әскери баспана» мамандандырылған сайты арқылы өтінімдерді қабылдау 02.07.2018 ж. бастап 01.08.2018 ж. дейін жүзеге асырылды. 16.08.2018ж. келесі бағдарламалар бойынша кредиттік өтінімдер қабылдау және кредит беру басталды:
1. алдын ала тұрғын үй қарызы шарттарында құрылыс салушыдан бастапқы тұрғын үйге кредит беру;
2. алдын ала тұрғын үй қарызы шарттарында нарықтағы қайталама тұрғын үйге кредит беру.
ҚР Ұлттық Банкінен банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге лицензия алынды (04.09.2018ж. №1.2.60/44), ол заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге, сенім білдірушінің мүддесінде және тапсырмасы бойынша ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сенімгерлік басқаруға және т.б. құқық береді).
Банк пен Дүниежүзілік банк тобына кіретін Халықаралық қаржы корпорациясы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
2017
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның 2023 жылға дейінгі дамуының жаңа стратегиясы бекітілді.
ТҚЖ жүйесінің жаңа 352 мың қатысушысын тарту.
2015 жылғы тамыздан бастап теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты өтемақының екінші траншы 20,3 млрд теңге мөлшерінде төленді.
Банк пен жергілікті атқарушы органдар арасында «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт жасасу үшін және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша шарттық соманы ұлғайту үшін комиссияны нөлдеу.
Банктің қолданыстағы тарифтік бағдарламаларының барлық негізгі шарттарын біріктірген «Баспана» жаңа тарифтік бағдарламасы қолданысқа енгізілді.
Банктің жаңа интернет-ресурсы – «baspana.kz жылжымайтын мүлік порталы» іске қосылды.
Сбербанк терминалдары арқылы және «Сбербанк онлайн» интернет банкингі арқылы депозитті толықтыру немесе кредитті өтеу үшін Сбербанк арқылы (терминалдар және интернет банкинг) Банк қызметтерін төлеудің баламалы арнасы іске қосылды.
«Алматы қаласының жастарын қолдаудың 2017-2020 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасы бойынша кредиттік өтінімдерді қабылдау іске қосылды.
SMS-хабарлама арқылы депозитті толықтыру немесе кредитті өтеу үшін Beeline операторы арқылы Банк қызметтерін төлеудің жаңа баламалы арнасы іске қосылды.
Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинг комиссиясының шешімімен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облигациялары негізгі алаңның «облигациялар» санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді.
2016
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыруға қатысу.
ТҚЖ жүйесінің жаңа 292 мың қатысушысын тарту.
29,3 млрд. теңге сомасына 316 760 салымдар бойынша өтемақы төлеу.
Банктің халыққа кредит беру, комиссияларды қолдану мәселелері бойынша ішкі құжаттарға өзгерістер енгізуі, Банктің кредиттік портфелін стресс-тестілеуді жүргізу рәсімдері, кредиттік шарттарды әзірлеу және бекіту рәсімі және т.б. регламенттелді.
Уәкілетті органдардың Банк қызметіне 2 сыртқы тексеру жүргізуі («Алматы қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы» КММ, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті).
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР 16.11.2015ж. №401-V Заңына сәйкес Банк қызметі туралы ақпараттың ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Банк өнімдерін өткізу жүйесі және клиенттер үшін сервисті жақсарту:
Банктің жаңа веб-сайты енгізілді.
Банк кеңес берушілерінің әлеуметтік желісі енгізілді (агенттік желі) – http://cоnsultant.hcsbk.kz.
Төлемдерді Kaspi.kz арқылы оnline қабылдау режиміне ауысу жүзеге асырылды.
«Өтеу күнін комиссиясыз ауыстыр» акциясы басталды.
Клиенттерге 4 млн. теңгеден астам шарттық сомамен ТҚЖ туралы шарт жасасу үшін комиссияға 50% жеңілдік беретін «Кез келген салым екі есе арзан» акциясы іске қосылды.
19.08.2015ж. бастап тұрғын үй қарызын ресімдеген клиенттерге ТҚЖ туралы шарт жасасу үшін комиссияға 100% жеңілдік беретін «Тиімді өтемақы» акциясы іске қосылды.
Банктің веб-сайтында жаңа Интернет-банкинг іске қосылды, бұл ретте «Жеке кабинет» сервисі қатар жұмыс істейді.
Банк клиенттеріне қарыз бойынша кезекті төлемді еске салу туралы смс-хабарлама енгізілді.
Банк қызметтеріне QIWI Kazakhstan төлем терминалдары арқылы төлем жасау енгізілді, комиссия төлем сомасының 1,3%-ын құрайды.
Банктің Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай қаласында, Қарағанды облысының Жезқазған қаласында, Ақтөбе облысының Хромтау қаласында, Астана қаласының Орталық филиалында, Ақсу қаласының Павлодар облыстық филиалында, Балқаш қаласының Қарағанды облыстық филиалында, Шығыс Қазақстан облыстық филиалында, Риддер қаласында, Рудный қаласының Қостанай облыстық филиалында, Түркістан қаласының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында, Шу қаласының Жамбыл облыстық филиалында, Өтеген батыр кентінің Алматы облыстық филиалында, Алматы қалалық филиалында қосымша үй-жайлар ашылды.
IОS және Andrоid-те интернет-банкингтің мобильді қолданбалары іске қосылды.
Банк пен «БанкЦентрКредит» АҚ арасында төлемдерді қабылдаудың баламалы арналарына қызмет көрсетуге шарт жасалды. Банк клиенттері қызметтерді «БанкЦентрКредит» АҚ кассалары, банкоматтары, интернет-банкингі және терминалдары арқылы төлей алады.
Банкте ТҚЖ туралы шартты ашудың жеңілдетілген рәсімі мен тәртібі енгізілді.
Банк клиенттерінен интернет банкингте алдын ала мақұлдаумен кредиттік өтінімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін «алдын ала іріктеу» жүйесі іске қосылды.
2015
Жыл бойында
Клиенттер үшін Банк өнімдерін өткізу және қызмет көрсетуін жақсарту жүйесі:
Сертификаттау:
Халықаралық ұйымдармен мүшелігі:
Банк акционерлері:
2013 жылғы тамыз айынан бастап «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ –ның қазіргі уақытқа дейінгі жалғыз акционері «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.
2013
Жыл бойында:
Сертификация, рейтингтер:
Банк өнімін өткізу жүйесі:
Банк акционері:
2012
Марапаттау және жетістік:
Банк өнімдері:
2011
2010
Жыл бойы:
Өңірлік құрылымдардың дамуы: Қазақстан бойынша 18 филиал және Алматы қ. 3 қызмет көрсету орталығы
2009
2008
2007
2006
2005
2004
2003
2000
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!