Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Отбасы банк «Ипотекаға дейінгі кілттер» атты жаңа жобаны іске қосты

Отбасы банк «Ипотекаға дейінгі кілттер» атты жаңа жобаны іске қосты

27 шілде 2026

Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) клиенттерінің қарызды рәсімдегенге дейін жаңа пәтерге көшіп алу мүмкіндігі бар. Бұл банктің және "NEST STROY" құрылыс компаниясының жаңа бірлескен жобасының арқасында мүмкін болды.

Жаңа бағыт «Ипотекаға дейінгі кілттер» деп аталды. Оның таныстырылымы 2026 жылдың 25 шілдесінде "Gate City" тұрғын үй кешенінде өткен «Ипотека Day» іс-шарасында жасалды. Аудан көлемі 300 мың шаршы метрді құрайтын және 5 000 пәтерге арналған бұл тұрғын үй кешені Алматы маңында орналасқан жаңа технологиялық Алатау қаласында бой көтерген.

— Енді қоныс тойын кейінге қалдырудың қажеті жоқ. Клиенттерімізге ыңғайлы болуы үшін біз арнайы «Ипотекаға дейінгі кілттер» деген жұмыс атауымен жоба әзірледік. Отбасы банк 23 жыл бойы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асырып келеді. Оның миллиондаған қазақстандықтарға мәлім қағидасы өзгеріссіз қалады, ол — жинақтау. Клиенттерімізге елдегі ең қолжетімді қарыздарды алуға мүмкіндік беретін де дәл осы жинақтар болып табылады. Аралық қарыз бойынша ең жоғары мөлшерлеме жылдық 8,5%-ды* құрайды. Оны алу үшін депозитте қарыз сомасының 50%-ын жинап, бағалау көрсеткішін 5 деңгейіне дейін жеткізу қажет. Егер депозит жаңа болса, әдетте бұл көрсеткішке алты ай ішінде қол жеткізіледі. Біздің жаңа жобамыз салымшыларға осы кезеңді күтпестен, депозитке ақша салғаннан кейін бірден пәтерге қоныстануға мүмкіндік береді. Ал ипотеканы кейінірек, депозит бойынша барлық шарттар орындалған кезде рәсімдеуге болады, - деп атап өтті Отбасы банкі басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов.

Мысалы, жас отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартып, Алматыға жақынырақ көшуді ұйғарды. Ол үшін отбасы Жетісу немесе Алматы облысындағы пәтерін 15 млн теңгеге сатып, бұл қаражатты Отбасы банкіндегі депозитке орналастырды. Енді отбасы аралық қарыздың көмегімен құны 30 млн теңге болатын пәтер сатып алуды жоспарлап отыр. «Ипотекаға дейінгі кілттер» жобасы отбасыға қоныс тойын кейінге қалдырмауға мүмкіндік береді. Олар таңдалған пәтерге бірден көшіп кіре алады, ал қарызды кейінірек рәсімдейді.

Механизм қалай жұмыс істейді?

Қатысу схемасы барынша қарапайым. Банк клиенті "Gate City" тұрғын үй кешенінен пәтер таңдап, оны брондайды. Содан кейін ол Отбасы банкке келіп, депозит ашады және тұрғын үй құнының 50%-ын өзінің жинақ шотына салады, сондай-ақ өзінің төлем қабілеттілігін растайды.

Кейін клиент құрылыс салушымен алты айға дейінгі мерзімге жалға алу шартын жасасады.

Кілттерді алып, пәтерге қоныстанады.

Осы кезең ішінде депозиттегі бағалау көрсеткішінің мәні біртіндеп өседі. Ол кем дегенде 5-ке тең болуы тиіс. Мұндай мәнге әдетте 6 ай ішінде қол жеткізіледі.
Бағалау көрсеткіші 5 деңгейіне жеткеннен кейін клиент жылдық 8,5% мөлшерлемемен аралық қарыз алады және құрылыс салушымен сатып алу-сату шартын жасасады.

Бұл ретте клиент тұрғын үйді жалға алу ақысын төлемейді. Тек коммуналдық қызметтерді ғана төлеу қажет болады.

Отбасы банк клиенті не алады?

  • таңдалған пәтерді брондайды және қарызды рәсімдеуді күту кезінде оны жоғалтып алу қаупі болмайды;
  • тұрғын үй құнының өсу қаупі жоқ;
  • отбасы жаңа пәтерде тұрып жатқан уақытта, болашақ ипотеканы рәсімдеуге үлкен сеніммен және артық күйзеліссіз келу үшін қаржылық мәселелерін байыппен шешіп, бөліп төлеу мен тұтынушылық несиелерін өтей алады;
  • психологиялық белгісіздік жойылады. Адамдар өздерінің болашақ үйінде тұрып жатады, техника сатып алуды жоспарлайды, тұрмысын ретке келтіреді және мәміле бұзылып кетуі мүмкін деп уайымдамайды.

Құрылыс салушы "Gate City" тұрғын үй кешенінде қандай баспана ұсынады?
Барлық пәтерлер пайдалануға берілген және қоныстануға толықтай дайын. Тұрғын үй таза әрлеуде және негізгі жиһаздармен ұсынылады. Пәтерде төсек, ас үй гарнитуры, гардероб бар.

Бұл қоныс аударушылар үшін өте ыңғайлы. Пәтерді жөндеуге ақша жұмсаудың қажеті жоқ және жиһаз сатып алуға кететін отбасылық бюджетті айтарлықтай үнемдеуге болады.

  • Ауданы 40 - 42 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтерлердің құны 19,8 млн теңгеден;
  • Ауданы 63 - 67 шаршы метр болатын екі бөлмелі пәтерлер 30 млн теңгеден;
  • Ауданы 85 - 86 шаршы метр болатын үш бөлмелі пәтерлерді 35 млн теңгеден бастап сатып алуға болады.

Тұрғын үй кешенінің аумағында мектеп салынып қойған, ол осы жылдан бастап жұмыс істейді. Келесі жылы балабақша ашу жоспарлануда. Сондай-ақ жол инфрақұрылымы дайын және көлік қатынасы ұйымдастырылған.

*ЖТСМ 9%-дан 9,6%-ға дейін.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру