«Ұмай» әйелдер ипотекасына 20 млрд теңге: Отбасы банк өтінім қабылдау күнін жариялады | «Ұмай» бағдарламасының екінші кезеңі басталады. Қазақстандық әйелдер кредит алуға өтінім беріп, бағдарламаға қатысу үшін 2026 жылғы 3 қарашада өтініш бере алады.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Ұмай» әйелдер ипотекасына 20 млрд теңге: Отбасы банк өтінім қабылдау күнін жариялады

«Ұмай» әйелдер ипотекасына 20 млрд теңге: Отбасы банк өтінім қабылдау күнін жариялады

29 қазан 2026

«Ұмай» бағдарламасының екінші кезеңі басталады. Қазақстандық әйелдер кредит алуға өтінім беріп, бағдарламаға қатысу үшін 2026 жылғы 3 қарашада өтініш бере алады.

Қарыз беру үшін Азия даму банкі «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – Отбасы банкке 20 млрд теңге көлеміндегі екінші траншты аударды.

Алғашқы транш 9 млрд теңге болған. Қазіргі уақытта бұл қаражаттың басым бөлігі игерілді. Оның арқасында 420 қазақстандық әйел баспаналы болды. Тағы 230 қатысушы пәтер іздеп, несие рәсімдеуге дайындалып жатыр. Жалпы «Ұмай» бағдарламасы қазақстандық әйелдердің үлкен қызығушылығын тудырды.

Нәзік жандылардың бағдарламаға қатысуын жеңілдету үшін Отбасы банк өтінім қабылдау арналарын кеңейтті. Енді әлеуетті қатысушылар өтінімді үш тәсілмен бере алады:

  1. Онлайн форматта. Отбасы банк сайтындағы «Бейнеқызмет көрсету» сервисі немесе банктің Baspana Market маркетплейсіндегі жеке кабинет арқылы өтінім беруге болады. Оператор кеңес беріп, сұрақтарға жауап береді және өтінімді онлайн қабылдайды. Онлайн өтінім берген кезде электрондық құжаттарды ұсыну жеткілікті.
  2. Отбасы банктің кеңесшілері арқылы. Банктің сайтындағы сілтемесі арқылы маманды алдын ала таңдауға болады. Таңдау кезінде кеңесші көрсететін қызметтердің тізіміне назар аудару қажет. Онда төлем қабілеттілігін алдын ала бағалау және кредит алуға қажетті құжаттарды қабылдау қызметтері көрсетілуі тиіс. Өтінім қабылдау басталатын күні кеңесші өтінімді бейнебайланыс арқылы немесе жақын маңдағы консультациялық орталықта қабылдай алады. Орталықтың мекенжайын да банктің сайтынан білуге болады.
  3. Банк бөлімшесі арқылы. Қажет болған жағдайда өтінімді Отбасы банктің бөлімшесіне барып та беруге болады.

«Ұмай» бағдарламасының шарттары өзгеріссіз қалады

Кредит бойынша жылдық мөлшерлеме – 14,8% (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 16,3%-дан 16,8%-ға дейін).

Қарыздың ең жоғары сомасы – 50 млн теңге.

Отбасының орташа айлық таза табысы бағдарлама талаптарына сәйкес 1 250 000 теңгеден аспауы тиіс.

Төлем қабілеттілігін растау үшін соңғы 6 айдағы ресми табыс қажет.

Бастапқы жарна қалай есептеледі?

Қарыз алушы бастапқы жарнаны өз қаражаты есебінен сатушыға өзі аударуы тиіс.

Астана мен Алматы қалаларында бастапқы жарна сатып алынатын тұрғын үй құнының кемінде 20%-ын, ал басқа қалаларда кемінде 15%-ын құрайды.

Қалған соманы Отбасы банк несие түрінде береді. Бұл ретте есептеу үшін пәтердің сатып алу бағасы мен бағалау құнының қайсысы төмен болса, сол сома негізге алынады.

Мысалы: Алматы қаласында пәтер 32 млн теңгеге сатылып жатыр делік. Ал бағалаушы оның құнын 30 млн теңге деп анықтады. Бұл жағдайда кредит сомасы төменгі сома – 30 млн теңге негізінде есептеледі. Банк осы соманың 80%-ын, яғни 24 млн теңгені кредитке береді. Қалған 20%-ын – 6 млн теңгені қарыз алушы бастапқы жарна ретінде өз қаражаты есебінен сатушыға аударады.

Қандай тұрғын үй сатып алуға болады?

Бағдарлама аясында тұрғын үйдің бірнеше түрін сатып алуға болады:

  • пайдалануға берілген бастапқы тұрғын үй;
  • ҚЖК кепілдігі бар немесе сақтандыру құралы қолданылған салынып жатқан тұрғын үй;
  • 2016 жылдан ерте салынбаған қайталама тұрғын үй.

Бастапқы тұрғын үйді тек банктің Baspana Market маркетплейсі арқылы таңдауға және сатып алуға болады.

Сатып алынған тұрғын үй әйелдің атына рәсімделеді. Егер ол некеде болса, жылжымайтын мүлік ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі болып есептеледі.

Кредит алуға өтінімді некеде тұрған әйел берген жағдайда, жұбайының жеке қатысуы қажет.

Өтінім қабылдау басталғанға дейін нені тексеру керек?

1. Ресми табыс пен кредиттік тарихты тексеріңіз.

Қарызды мақұлдау үшін соңғы 6 айдағы ресми табысты растау және оң кредиттік тарих болуы маңызды. Кредиттік тарих соңғы 12 айдағы деректер негізінде талданады.

2. Міндетті зейнетақы жарналарының уақытылы аударылғанына көз жеткізіңіз.

БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарының уақытылы аударылуын тексеру қажет. Бұл төлем қабілеттілігін есептеу кезінде табыс көзін ескеруге әсер етеді. Зейнетақы жарналарының уақытылы аударылмауы кредит беруден бас тартуға себеп болуы мүмкін.

3. Берешектердің бар-жоғын тексеріңіз.

Салықтар бойынша берешек пен өсімпұлдардың, кредиттер бойынша мерзімі өткен төлемдердің және айыппұлдардың бар-жоғын анықтаңыз.

4. Кредиттік есебіңізді тексеріңіз.

Кредиттік бюродан есеп алып, мерзімі өткен берешектің жоқтығына көз жеткізіңіз. Қолданыстағы кредиттік лимиттер мен кредиттік карталар есепке алынатын табыс көлемін азайтып, кредит беруге қатысты шешімге немесе мақұлданатын қарыз сомасына әсер етуі мүмкін.

5. Өз табысыңыз бен қаржылық міндеттемелеріңізді есептеңіз.

Төлем қабілеттілігін бағалау кезінде тек табыс қана емес, қарыз алушының және басқа да қатысушылардың шығыстары мен қолданыстағы қаржылық міндеттемелері де ескеріледі.

6. Қажет болған жағдайда қосалқы қарыз алушыларды алдын ала анықтаңыз.

Егер табыс жеткіліксіз болса, кредит бойынша қосалқы қарыз алушы ретінде қатыса алатын екі адамға дейін алдын ала белгілеп қойған жөн. Олармен алдын ала сөйлесіп, келісімін алған дұрыс. Қосалқы қарыз алушы ретінде кез келген үшінші тұлға қатыса алады, яғни оның міндетті түрде туысы болуы шарт емес.

7. Сатып алатын баспанаңызды алдын ала таңдаңыз.

Пәтердің бөлме санын, ауданын және орналасқан жерін алдын ала анықтап, жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаларды зерделеген жөн. Бұл баспананың шамамен қанша тұратынын, қандай мөлшерде кредит қажет болатынын және бастапқы жарнаға қанша қаражат дайындау керектігін түсінуге көмектеседі.

Бастапқы жарнаны есептеу мысалы:

Астана және Алматы Сатушының бағасы Бағалау (кепілдік) құны
30 000 000 теңге 29 000 000 теңге
Қарыздың ең жоғары сомасы (80%) 23 200 000 теңге
Сатушыға төленетін бастапқы жарна 5 800 000 теңге
Қалған өңірлер Сатушының бағасы Бағалау (кепіл) құны
30 000 000 теңге 29 000 000 теңге
Қарыздың ең жоғары сомасы (85%) 24 650 000 теңге
Сатушыға төленетін бастапқы жарна 4 350 000 теңге

Жалпы келісім аясында Азия даму банкі «Ұмай» және «Жасыл ипотека» бағдарламаларын іске асыру үшін Отбасы банкке 90 млрд теңге бөледі.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Алаяқтық фактісі (күдігі) туралы хабарлау
Сіз алаяқтарға жеке деректеріңізді бердіңіз, шотты бұғаттау қажет
Сіз алаяқтарға ақша аудардыңыз
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек
Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру