«Ұмай» бағдарламасы бойынша Отбасы банк қазақстандық әйелдерден 850 өтінім қабылдады | «Ұмай» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 2026 жылдың 3 қарашасы басталды. Қазақстандық әйелдерді несиелендіруге арналған қаражатты Азия даму банкі бөлді. Бұл – бағдарлама аясында тұрғын үй заемдарын беруге бағытталған екінші транш. Оның көлемі 20 млрд теңге болып бекітілді.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Ұмай» бағдарламасы бойынша Отбасы банк қазақстандық әйелдерден 850 өтінім қабылдады

«Ұмай» бағдарламасы бойынша Отбасы банк қазақстандық әйелдерден 850 өтінім қабылдады

3 қараша 2026

«Ұмай» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 2026 жылдың 3 қарашасы басталды. Қазақстандық әйелдерді несиелендіруге арналған қаражатты Азия даму банкі бөлді. Бұл – бағдарлама аясында тұрғын үй заемдарын беруге бағытталған екінші транш. Оның көлемі 20 млрд теңге болып бекітілді.

Өтінім қабылдау басталған алғашқы минуттардан-ақ бағдарламаға деген қызығушылықтың жоғары екені байқалды. Банктің сағат 15:00-дегі мәліметі бойынша, жалпы сомасы 12,5 млрд теңгені құрайтын 524 өтінім қабылданған.

Сағат 16:00-де екінші транштың белгіленген лимиті толық игерілуіне байланысты өтінім қабылдау аяқталды.

Осы уақытқа дейін қазақстандық әйелдерден жалпы сомасы 20 млрд теңгені құрайтын 850 өтінім қабылданды. Оның ішінде 352 өтінім банк кеңесшілері арқылы берілді.

Қабылданған барлық өтінім бойынша бағдарламаға қатысушылар заем алуға алдын ала мақұлдау алды. Алдын ала мақұлдаудың жарамдылық мерзімі – бір ай. Осы уақыт ішінде қатысушылар тұрғын үйді таңдап, оны сатып алу үшін кредиттік өтінім беріп үлгеруі қажет.

Көптеген әйелдер сол күні-ақ кредиттік өтінімдерін жолдады. Мұндай өтінімдерді жалпы сомасы 9,5 млрд теңгеге 390 адам берді. Енді олардың тұрғын үй заемын рәсімдеуіне үш ай уақыт беріледі.

Бағдарламаға деген жоғары сұраныс оның тиімді шарттарымен байланысты. Атап айтқанда, бағдарламаға конкурссыз қатысуға болады, бастапқы жарна мөлшері төмендетілген, бастапқы және қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар қатысушыларға өз меншігінде тұрғын үйдің болмауы туралы талап қойылмайды.

Қазақстандық әйелдерге бағдарламаға қатысуды барынша ыңғайлы ету мақсатында Отбасы банк өтінім беру арналарын кеңейтті. Осылайша, өтінімдерді үш тәсілмен беруге мүмкіндік жасалды:

-Онлайн: Отбасы банк сайтындағы «Бейнеқызмет» сервисі және банктің Baspana Market маркетплейсіндегі (otbasybank.kz) жеке кабинеті арқылы;

-Банк кеңесшілері арқылы;

-Банк бөлімшелерінде.

Бағдарламаның бірінші траншы бойынша (9 млрд теңге) өтінім қабылдау 2026 жылдың 31 тамызы өтті. 2026 жылдың 3 қарашасындағы жағдай бойынша бірінші транш қаражатының 96%-ы игерілді. Жалпы сомасы 8,6 млрд теңгені құрайтын 435 несие берілді.

Еске салайық, «Ұмай» және «Жасыл ипотека» бағдарламаларын қаржыландырудың жалпы көлемі 90 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі өтінім қабылдау – бағдарламаны іске асырудың аралық кезеңі. Бүгін өтінім беріп үлгермеген әйелдер Азия даму банкінен кезекті транштар түскеннен кейін келесі кезеңдерде бағдарламаға қатысуға мүмкіндік алады.

Өтінім қабылдаудың келесі кезеңдерінің басталу күні мен қаржыландырудың жаңа транштары туралы Отбасы банк қосымша хабарлайды.

«Ұмай» бағдарламасының шарттары:

Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 14,8% (ЖТСМ – 16,30%-дан 16,80%-ға дейін).

Заемның ең жоғары сомасы: 50 млн теңге.

Отбасының орташа айлық таза табысы: 1 250 000 теңгеден аспауы тиіс.

Төлем қабілеттілігін растау үшін: соңғы 6 айдағы ресми табысы ескеріледі.


***


«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын елдегі жалғыз банк. Банк Еуропалық тұрғын үй құрылыс жинақ кассалары федерациясының (ЕФССК) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағының мүшесі болып табылады. «Отбасы банк» АҚ-ның жалғыз акционері – «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Алаяқтық фактісі (күдігі) туралы хабарлау
Сіз алаяқтарға жеке деректеріңізді бердіңіз, шотты бұғаттау қажет
Сіз алаяқтарға ақша аудардыңыз
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек
Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру