Отбасы банк клиенттері барлық операциялардың 83,2% қашықтан орындайды | Отбасы банкінде («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қашықтан қызмет көрсету арналарының үлесі жыл сайын артып келеді. Қазір банктік операциялардың 76,6% интернет-банкинг пен бейнебанкинг, тағы 6,6% агенттік желі құрап отыр. Бұл деректер үстіміздегі жылдың тек бірінші жартыжылдығы бойынша. Өткен жылы қашықтағы арналардың үлесі 81,9% құрады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 67,1% жеткен.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк клиенттері барлық операциялардың 83,2% қашықтан орындайды

Отбасы банк клиенттері барлық операциялардың 83,2% қашықтан орындайды

29 маусым 2023

Отбасы банкінде («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қашықтан қызмет көрсету арналарының үлесі жыл сайын артып келеді. Қазір банктік операциялардың 76,6% интернет-банкинг пен бейнебанкинг, тағы 6,6% агенттік желі құрап отыр. Бұл деректер үстіміздегі жылдың тек бірінші жартыжылдығы бойынша.

Өткен жылы қашықтағы арналардың үлесі 81,9% құрады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 67,1% жеткен.

Биылғы жылдың небәрі алты айында Отбасы банк клиенттері филиалдарға келмей 1 млн астам транзакция жасаған. Олардың барлығы интернет-банкинг, бейнебанкинг немесе агенттік желі қызметтерін пайдаланған.

Банк клиенттері арасында танымалдылық бойынша «Otbasy bank» мобильді қосымшасы бірінші орында. Бұл сіздің қалтаңыздағы банк. Биыл тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін қосымшаның функционалдығы жаңа, пайдалы опциялармен толықтырылды:

1. Алдын ала немесе аралық заемнан тұрғын үй заемына көшу. Бұрын бұл қызмет тек банк бөлімшелерінде ғана көрсетілетін. Тұрғын үй заемына көшу операциясын жүзеге асыру үшін «Otbasy bank» мобильді қосымшасының «Несиелер» бөліміндегі «Операциялар» қойындысында «Тұрғын үй заемына көшу» операциясын таңдаңыз. Аталмыш қызмет клиент келесі шарттарды орындағанда қолжетімді:

- келісімшарт сомасының 50% көлемінде жинақтарының болуы;
- жинақтау мерзімі кемінде 3 (үш) жыл;
- бағалау көрсеткішінің (БҚ) ең төменгі 16 деңгейіне қол жеткізу.

Қызмет күшін жоймаған банктік қарыз шарты бар (2012 жылдың 23 шілдесінен кейін жасалған), оның ішінде кепілгер қарыз алушы(лар) қатысатын заемдар бойынша қолжетімді. Қызметті жұмыс күндері Астана уақыты бойынша сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін пайдалануға болады.       

2. Несиені төлеу мерзімін өзгерту (оның ішінде кепілгердің қатысуымен). Қызмет «Otbasy bank» мобильді қосымшасында қолжетімді. Оны пайдалану үшін «Операциялар» мәзіріне өтіп, «Несиелер» қойындысында «Төлем күнін өзгерту» түймесін басу керек.

Қызметті 2016 жылдың 20 қыркүйегінен кешіктірмей банктік қарыз шартын (күшін жоймаған) және оған қосымша келісімдер (бар болса) жасаған клиенттер пайдалана алады.

Қызмет өтініш берген күні мерзімі өткен ай сайынғы төлем қарыздары болмаған жағдайда ғана көрсетіледі.

Төлем күнін мобильді қосымшада жұмыс күндері Астана уақыты бойынша сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін және айына бір рет қана өзгертуге болады.

Бұл жерде аталмыш қызметке комиссия қарастырылғанын айта кеткен жөн. Ол несиелік берешек қалдығының 1% тең, бірақ 5000 теңгеден аспауы тиіс.

3. Банк бөлімшелерінде кезекті онлайн брондау, қайта брондау немесе брондаудан бас тарту мүмкіндіктерімен. Қызмет «Otbasy bank» мобильді қосымшасында қолжетімді. Оны орындау үшін «Операциялар – Бөлімшеге жазылу» мәзіріне өту керек.

4. «Отбасы банк» мобильді қосымшасында «Бейілді клиенттер клубы» да қолжетімді болды. Енді бағдарлама мүшелері мобильді қосымшада бонустарын оңай қадағалап, банк серіктестерінің жеңілдіктерін пайдалана алады.

Осылайша, бүгінгі күні «Otbasy bank» мобильді қосымшасы клиенттерге бірқатар қызмет түрін ұсынады:

- Отбасы банкінде депозит ашу;
- депозитті толықтыру және несие өтеу, оның ішінде ыңғайлы болу үшін автотөлем қызметін орнату;
- депозиттен кейінгі операцияларды жасау (депозит шарттарын өзгерту, депозитті бөлу, дпозиттерді біріктіру, депозит шартын тоқтату);
- аударымдарды орындау (ішкі және сыртқы);
- «Отбасылық пакет» құру;
- несие/депозит бойынша үзінді көшірме алу (түпнұсқалығын тексеру функциясы бар);
- несиені мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеуге (соның ішінде ортақ қарыз алушының(-лардың) қатысуымен);
- БЗТ арналған шот ашу;
- шоттар бойынша ақпаратты тексеру (жинақ сомасы, несиені өтеу кестесі, банктің есептелген сыйақысы, БК мәні, мемлекеттік сыйлықақыны есептеу және оның ең жоғары көлемін алу үшін жинақтауға қажет қаражат мөлшері туралы ақпарат);
- мәліметтерді өзгерту;
- балалардың депозиттері мен арнайы шоттары туралы ақпаратты қарау;
- мемлекеттік сыйлықақы аударылатын депозитті өз бетінше таңдауға;
- ауыртпалықты алып тастау (қызмет «Otbasy bank» мобильді қосымшасында мерзімінен бұрын несиені толығымен өтеген пайдаланушыларға қолжетімді);
- тұрғын үй заемына көшу (соның ішінде ортақ қарыз алушы(лар)дың қатысуымен);
- несие бойынша төлем күнін өзгерту (оның ішінде ортақ қарыз алушы(лар)дың қатысуымен).
- банк бөлімшелеріне кезекке тұру;
- депозитті жақын туыстарына аудару;
- ағымдағы шотты жабу;
- «Бейілді клиенттер клубын» пайдалану.

Бөлімшелерге келген клиенттер аталмыш операцияларды жиі пайдаланғандықтан, олардың барлығы онлайн форматқа көшірілді.

Қазіргі уақытта банк бөлімшелерінде қызметтің көрсетілуін күту уақыты айтарлықтай қысқарды.

Тағы бір маңызды жайт, «Otbasy bank» мобильді қосымшасы нашар көретін және көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар жандарға ыңғайлы етіп бейімделді. Қосымшаны оңтайландыру және жетілдіру жұмыстары мүмкіндігінше ақпараттық мазмұнды жоғалтпай мәтінді үлкейтіп, түсін өзгертуге, сондай-ақ экрандағы жазбаны дыбыстайтын зағип жандарға арналған смартфондардың арнайы мүмкіндіктерін пайдалануға жол ашты. Бұл мүмкіндіктерді смартфон параметрлерінде «Дисплей - Экран масштабы, қаріп өлшемі және стилі» және «Арнайы мүмкіндіктер» бөлімдерінде іске қосуға болады.

***

"Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі " АҚ-елдегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыратын жалғыз банк. Банк Еуропалық құрылыс жинақ кассаларының Федерациясы (ЕФССК) және халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру Одағынан тұрады. "Отбасы банк" АҚ-ның жалғыз акционері "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі"АҚ болып табылады.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру