«Отбасы банк» АҚ кейбір телеграм арналарында деректердің болжамды жария болуы немесе ІТ-жобаның бұзылуы туралы жарияланған хабарларға жауап ретінде ресми түрде келесіні хабарлайды. | Банкте клиенттердің жеке деректерінің сақталуы алғышарт. Біз жеке деректерді қорғау және ақпаратты қорғау саласындағы заңнаманың барлық талаптары мен нормаларын қатаң сақтаймыз. Сәйкесінше, Отбасы банкіндегі деректердің сыртқа жарияланып кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Отбасы банк» АҚ кейбір телеграм арналарында деректердің болжамды жария болуы немесе ІТ-жобаның бұзылуы туралы жарияланған хабарларға жауап ретінде ресми түрде келесіні хабарлайды.

«Отбасы банк» АҚ кейбір телеграм арналарында деректердің болжамды жария болуы немесе ІТ-жобаның бұзылуы туралы жарияланған хабарларға жауап ретінде ресми түрде келесіні хабарлайды.

21 маусым 2023

Банкте клиенттердің жеке деректерінің сақталуы алғышарт. Біз жеке деректерді қорғау және ақпаратты қорғау саласындағы заңнаманың барлық талаптары мен нормаларын қатаң сақтаймыз. Сәйкесінше, Отбасы банкіндегі деректердің сыртқа жарияланып кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз.

Сондай-ақ, банкте IT-жобалар жұмысында іркіліс болған жоқ. Банк қалыпты жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта «Отбасы банк» АҚ 2023 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асыруда. Стратегиялық мақсаттардың негізгісі - банк қызметін алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу және автоматтандыру арқылы клиенттерге қызмет көрсету бойынша жоспарланған операцияларды 100% онлайн режиміне көшіру болып табылады.

Отбасы банкінде өткен аудит Отбасы банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ішкі құжаттарына сәйкес жүргізген банк қызметі мен оның ішкі процестеріне стандартты аудит болып табылады.

Кез келген тексерудің қорытындысы бойынша акт жасалып, актіні орындау бойынша іс-шаралар жоспары құрылып, осы жоспардың орындалуы қадағаланады. Сондай-ақ, тексеру нәтижелері бойынша жекелеген тапсырмаларды орындамаған жағдайда қызметтің жекелеген салаларына жетекшілік ететін банк қызметкерлеріне тәртіптік жауапкершілік қарастырылуы мүмкін.

Бұл ретте, нендей жағдай туындаса, тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешімді банктің Директорлар кеңесі қабылдайды.

Қазіргі уақытта банк «Аудиторлық бақылау туралы» Заңды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындауда.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру