Отбасы банк «Ұмай» әйелдер ипотекасы бойынша өтінімдер қабылдауды қайта бастады | Қосымша өтінімдер бүгін, 2023 жылдың 19 шілдесінде басталды. Бұл бағдарламаны пайдаланып, Астана, Алматы, Ақтау және Атыраудан басқа Қазақстанның кез келген қаласында баспана сатып алуға болады. Аталған қалаларда пәтер сатып алу лимиті таусылған, сондықтан «Ұмай» бағдарламасының қатысушылары бұл өңірлерден шаршы метрлерді сатып ала алмайды. «Ұмай» тұрғын үйді несиелендіру бағдарламасы елімізде үшінші жыл қатар жұмыс істеп келеді. Бұл Отбасы банк пен Азия даму банкінің (АДБ) бірлескен жобасы. Биыл үшінші транш аясында оны жүзеге асыруға 15,6 млрд теңге бөлінді. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 10 мамырында басталған, сол уақытта 15,6 млрд теңге сомасына 1000-ға жуық өтінім қабылданды.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк «Ұмай» әйелдер ипотекасы бойынша өтінімдер қабылдауды қайта бастады

Отбасы банк «Ұмай» әйелдер ипотекасы бойынша өтінімдер қабылдауды қайта бастады

19 шілде 2023

Қосымша өтінімдер бүгін, 2023 жылдың 19 шілдесінде басталды. Бұл бағдарламаны пайдаланып, Астана, Алматы, Ақтау және Атыраудан басқа Қазақстанның кез келген қаласында баспана сатып алуға болады. Аталған қалаларда пәтер сатып алу лимиті таусылған, сондықтан «Ұмай» бағдарламасының қатысушылары бұл өңірлерден шаршы метрлерді сатып ала алмайды.

«Ұмай» тұрғын үйді несиелендіру бағдарламасы елімізде үшінші жыл қатар жұмыс істеп келеді. Бұл Отбасы банк пен Азия даму банкінің (АДБ) бірлескен жобасы. Биыл үшінші транш аясында оны жүзеге асыруға 15,6 млрд теңге бөлінді. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 10 мамырында басталған, сол уақытта 15,6 млрд теңге сомасына 1000-ға жуық өтінім қабылданды.

Бағдарламаға қатысу туралы өтінім берген кезде клиенттердің барлығы тұрғын үйді сатып алудың болжамды сомасына несие алуға алдын ала мақұлдау сертификатын алады. Бұл сома бірден клиент үшін сақталады. Ал сертификаттың жарамдылығы бір ай. Осы уақыт аралығында клиент баспана тауып, оны бағалатып, төлем қабілеттілігін растап, несие алуды рәсімдеуі тиіс.

Алада клиенттердің барлығы сертификаттарын уақытында пайдаланбады. Кейбір клиенттер баспана алуды кейінге қалдырып, өз ойларын өзгерткен немесе лайықты пәтер таппаған болуы мүмкін. Сол себепті бір ай уақыт өткеннен кейін сертификат күшін жойған.

Бұл ретте қаражат бір ай бойы клиенттердің атында сақталды, алайда бұл уақытта өзге клиенттер оны пайдаланып, осы күні баспана сатып үлгерер еді.

Мәселен, биылғы жылы берілген өтініштердің ішінде 400-ге жуық клиент сертификатты уақытында пайдаланбаған немесе өтініштерін мүлде жойған.

Десе де, сол уақытта «Ұмай» бағдарламасының 570 қатысушысы лайықты баспана тауып, несие алып, қоныс тойын тойлап үлгерді. Тағы 32 өтінім қарастырылуда. Бұл оларға жақын арада несие беріліп, жаңа баспана иелерінің қатары көбейеді деген сөз.

Әйелдерді баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша кейбір клиенттер несиені пайдаланбағандықтан, банкте үшінші транштан 6 млрд теңге қалған.

Сондықтан әйелдер бағдарламасына өтінімдерді қабылдауды 2023 жылдың 19 шілдесінде сағат 9:00-де қайта бастау туралы шешім қабылданды. Осылайша, «Ұмай» бағдарламасына қосымша 400-450 қазақстандық қыз-келіншек қатысуға мүмкіндік алды.

Өтінім тапсырып, несиеге сол жерде алдын ала мақұлдау алу үшін Отбасы банкінің кез келген бөлімшесіне жүгінуге болады. Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларын қоспағанда, еліміздің кез келген өңірінен баспана сатып алуға болатынын ескерген жөн. Бұл қалаларда тұрғын үй сатып алуға лимит таусылған.

Азия даму банкінің шарттарына сәйкес, Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларында тұрғын үй сатып алуға берілген несиелердің жалпы санының 40 пайызынан аспайтын лимит белгіленді. Бүгінде бұл қалаларда жылжымайтын мүлік сатып алуға қажетті заемдар саны беріліп біткен.

Заемдардың қалған 60 пайызы облыс орталықтары мен шағын қалаларда тұратын қыз-келіншектердің баспана сатып алуларына берілуі керек. Бұл шектеу өңірлерде тұратын әйел адамдарды қолдау және несиелеуде диспропорцияны болдырмау мақсатында жасалды.

«Ұмай» бағдарламасы бойынша сатып алынатын баспананың шекті құны 30 млн теңгеден аспауы тиіс. Осы жылы пайыздық мөлшерлеме 14,4% (ЖТСМ 15,4% бастап) тең, ізінше 3,5%-5% дейін төмендейді (ЖТСМ 3,6% бастап).

Ипотекалық несиенің мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін. Бұл ретте баспана таңдауда ешқандай шектеу жоқ. Заемдар алғашқы және екінші нарықтан тұрғын үй сатып алуға да беріледі, соның ішінде баспананы үлестік қатысу шарты бойынша да алуға болады. Сондай-ақ, бағдарлама бойынша пәтерді жөндеу жұмыстары үшін 3,7 млн теңгеге дейін кредит алуға мүмкіндік бар.

Егер әлеуетті қарыз алушының отбасының айлық табысы 550 мың теңгеден аспайтын болса, онда ол «Ұмай» бағдарламасы бойынша 15 пайыздық бастапқы жарнаны төлеу арқылы несие ала алады. Кіріс 550 мың теңгеден 640 мың теңгеге дейін болса, баспана құнының 20 пайызын төлеп несие алуға болады.

Ынтымақтастық барысында АДБ гендерлік жобаға 38 млрд теңге бөлді. Әйелдер бағдарламасы іске қосылған 2021 жылы, бірінші транш аясында 954 қазақстандық келіншек жалпы көлемі 8,4 млрд теңгеге несие ала алды. 2022 жылы 14 млрд теңге бөлініп, тағы 1 119 қыз-келіншек тұрғын үй сатып алып, қоныс тойын тойлады.

   ***

          ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру