2026 жылғы 8 қаңтарда Көкшетау қаласында «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның еншілес ұйымы) өкілдері жергілікті әкімдік, құрылыс салушылар және БАҚ өкілдерімен бірге Көкшетау қаласындағы тұрғын үй құрылысының дамуы мәселелерін талқылады.
Ақмола облысында 2016–2025 жылдар аралығында ҚТК қолдау құралдары есебінен пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 185,4 мың шаршы метрге жетіп, жалпы сомасы 31 млрд теңгені құрады. 2025 жылы Ақмола облысында жалпы сомасы 489 млн теңгеге 1,3 мың шаршы метр тұрғын үй сатып алынды.
2025 жылы Ақмола облысы әкімдігінің мемлекеттік бағалы қағаздары (МБҚ) сатып алынып, жекешелендіру құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді сатып алуға 5,1 млрд теңге бағытталған. Жалға берілетін тұрғын үйді сатып алу жоспары 320 пәтерді (19,2 мың шаршы метр) құрады.
Үлестік тұрғын үй құрылысын қолдау және оның ашықтығын арттыру мақсатында ҚТК алғаш рет арнайы шарттарды қолданып, «Әдемі Холдинг» ЖШС құрылыс салушысына және уәкілетті компания «ORDA Kokshetau» ЖШС-не көппәтерлі тұрғын үй кешенінің үлестік тұрғын үй құрылысын аяқтауға 0% мөлшерлемемен кепілдік берді.
«ORDA» тұрғын үй кешені Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәкен Жүнісов көшесі, 41-үй мекенжайында орналасқан. Жобаға сәйкес коммерциялық үй-жайлары және кіріктірілген жерасты автотұрағы бар тоғыз қабатты тұрғын үй құрылысын салу қарастырылған. Жоба бойынша пәтерлердің жалпы саны – 144.
Сонымен қатар, кездесу барысында ҚТК мен уәкілетті компания «ORDA Kokshetau» ЖШС арасында «Орда Аймақ» ипотекалық бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Келісім «Орда» тұрғын үй кешеніндегі салынып жатқан тұрғын үйді келесі шарттармен сатып алу мүмкіндігін көздейді:
Кеңес алу және несиеге өтінім беру үшін қазақстандықтар Отбасы банкінің уәкілетті агентіне жүгіне алады. Олардың байланыс деректері «Орда Аймақ» бағдарламасының сайтында орналастырылған.
https://homeportal.kz/kz/orda
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!