«Отбасы банкі» («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін беру және қарау үшін әзірлеген FinOtinish цифрлық платформасының пилоттық іске қосылуына қатысатын төрт ұйымның бірі болды.
Платформа азаматтардың қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауына арналған бірыңғай цифрлық арна болып табылады. Ол банк қызметтерін тұтынушылардың құқықтарының бұзылуына немесе қаржы ұйымының әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келіспеуге байланысты мәселелер бойынша өтініш беруге мүмкіндік береді.
«Отбасы банк» клиенттері өтініш беріп, оның мәртебесі мен қаралу мерзімін қадағалай алады. Өтініш автоматты түрде банкке түседі. Егер мәселені реттеу мүмкін болмаса, өтініш банк омбудсманына оның құзыреті шегінде берілуі мүмкін.
«Отбасы банкі үшін FinOtinish пилоттық жобасына қатысу — клиенттерге көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы жұмыстың жалғасы. Біз әрбір өтінішті нақты клиенттің сұранысы ретінде ғана емес, кері байланыстың маңызды көзі ретінде қарастырамыз. Бұл бізге өнімдер мен үдерістердегі проблемалы тұстарды тезірек анықтап, қазақстандықтар үшін тұрғын үй бағдарламаларын түсінікті әрі ыңғайлы етуге көмектеседі», — деді «Отбасы банк» басқарма төрағасының орынбасары Ринат Талтусов.
Платформаны пайдалану қаржылық қызметтерді тұтынушылар үшін ерікті және тегін. Сонымен қатар бұл олардың банк омбудсманына, Агенттікке немесе сотқа тікелей жүгіну құқығын шектемейді.
Бұл ретте қаржылық өнімдер мен қызметтердің шарттарына қатысты анықтамалық ақпарат пен консультация алу үшін, егер өтініште банктің әрекетіне (әрекетсіздігіне) немесе қаржылық өнімдердің шарттарына қанағаттанбау туралы мәселе көтерілмесе, банктің ресми байланыс арналары: байланыс орталығы, ресми сайт немесе мобильді қосымша пайдаланылуы қажет.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!