Қазақстандық ата-аналар үшін көптен күткен жағымды жаңалық келді. Балаларының БЖЗҚ-дағы шоттарына Қазақстан Ұлттық қорының жинақтары мен инвестициялық кірісі есептелді. Әрбір балаға 130,71 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат түсті.
Есептелген соманы eGov mobile мобильді қосымшасынан, екінші деңгейлі кейбір банктердің қосымшаларынан, сондай-ақ БЖЗҚ-ның ресми сайтынан https://kids.enpf.kz/ сілтемесі арқылы тексеруге болады.
18 жасқа толған қазақстандықтар Ұлттық қордан бөлінген қаражатты бірден пайдалана алады. Биыл олар өткен жылдарға қарағанда жоғарырақ соманы ала алады. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске асқан үш жыл ішінде шоттарда 370,56 АҚШ доллары жинақталды.
Бұл қаражатты екі мақсатқа жұмсауға болады: тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім ақысын төлеуге.
Өтінім «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Отбасы банктің» enpf-otbasy.kz онлайн платформасы арқылы беріледі. Соңғы екі жылда бұл платформада жалпы сомасы 29 721 695,95 АҚШ долларын құрайтын 187 688 өтінім мақұлданды. Көбінесе 18 жасқа толған қазақстандықтар Ұлттық қордан бөлінген қаражатты «Отбасы банкіндегі» депозиттерін толықтыруға пайдаланады. Аталған мақсат бойынша enpf-otbasy.kz платформасында 112 818 өтінім өңделді.
Нәтижесінде депозиттерге 9,1 млрд теңге бағытталды. Сонымен қатар Ұлттық қор қаражатын тұрғын үйді несиеге алу кезінде бастапқы жарна ретінде пайдалануға немесе баспананы толық сатып алу құнына қосуға болады.
Білім беру бағыты бойынша қазақстандықтар Ұлттық қор қаражатын көбіне Қазақстандағы оқу ақысын төлеуге, «AQYL» білім беру депозитін толықтыруға, сондай-ақ бұрын рәсімделген оқу несиесі бойынша төлемнің бір бөлігін өтеуге жұмсайды.
Көптеген қазақстандықтар Ұлттық қордың инвестициялық кірісінен түскен жинақтарын әлі пайдаланған жоқ. Бұл қаражат олардың БЖЗҚ-дағы шоттарында сақтаулы тұр. Алайда бұл сомаларға ешқандай кіріс есептелмейтінін ескерген жөн. Егер аталған қаражат 10 жыл ішінде пайдаланылмаса, ол клиенттің зейнетақы шотына аударылады.
Егер қазақстандықтарға оқу ақысын төлеу қажет болмаса, Ұлттық қордан жиналған қаражатты «Отбасы банкіндегі» депозитке аударуға болады.
«Отбасы банкінің» депозитінің артықшылықтары қандай?
enpf-otbasy.kz платформасын қалай пайдаланып, Ұлттық қор қаражатын аударуға болады?
Платформаға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы кіруге болады. Алдымен платформада ағымдағы шот ашу қажет.
Егер «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қатысушысы бұған дейін «Отбасы банкінің» клиенті болса, ағымдағы шот платформа арқылы ашылады. Ал егер жоба қатысушысы осы уақытқа дейін банктің клиенті болмаған жағдайда, ағымдағы шотты «Отбасы банкінің» мобильді қосымшасы арқылы ашуға болады. Сонымен қатар шотты Баспана маркет порталы (otbasybank.kz) арқылы, банк бөлімшелерінде, кеңесшілердің көмегімен немесе банк сайтына (hcsbk.kz) кіріп, бейнеқоңырау арқылы да ашуға мүмкіндік бар.
Одан кейін enpf-otbasy.kz платформасындағы жеке кабинетте БЖЗҚ-дан қаражатты алу туралы өтінім беріп, қаражатты пайдалану мақсатын таңдау қажет. БЖЗҚ-дан қаражат ағымдағы шотқа түскен соң, клиент қаражаттың мақсатты пайдаланылғанын растайтын құжаттарды тіркейді. Банк өтінімді және қоса берілген құжаттарды тексеріп, оң шешім қабылданған жағдайда қаражатты белгіленген мақсат бойынша аударады.
Толық нұсқаулықты мына сілтеме арқылы көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=BlFU_tP8C_w
*3,5 % – жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 3,6%-дан 4,4%-ға дейін, 8,5 % – ЖТСМ 9%-дан 9,6%-ға дейін.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!