Баспасөз мәлімдемелері
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Баспасөз мәлімдемелері

Баспасөз мәлімдемелері

  • Отбасы банк «Ұмай» әйелдер ипотекасы бойынша өтінімдер қабылдауды қайта бастады

    Қосымша өтінімдер бүгін, 2023 жылдың 19 шілдесінде басталды. Бұл бағдарламаны пайдаланып, Астана, Алматы, Ақтау және Атыраудан басқа Қазақстанның кез келген қаласында баспана сатып алуға болады. Аталған қалаларда пәтер сатып алу лимиті таусылған, сондықтан «Ұмай» бағдарламасының қатысушылары бұл өңірлерден шаршы метрлерді сатып ала алмайды. «Ұмай» тұрғын үйді несиелендіру бағдарламасы елімізде үшінші жыл қатар жұмыс істеп келеді. Бұл Отбасы банк пен Азия даму банкінің (АДБ) бірлескен жобасы. Биыл үшінші транш аясында оны жүзеге асыруға 15,6 млрд теңге бөлінді. Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 10 мамырында басталған, сол уақытта 15,6 млрд теңге сомасына 1000-ға жуық өтінім қабылданды.
    Әрі қарай оқу
  • Қазақстанда «Ұмай» бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдау жалғасады

    19 шілдеде «Отбасы» банкі «Ұмай» әйелдер ипотекасына өтініш қабылдауды жалғастырады. Бұл бағдарламаны пайдаланып, Астана, Алматы, Ақтау және Атыраудан басқа Қазақстанның кез келген қаласында баспана сатып алуға болады. Бұл қалаларда пәтер сатып алу лимиті таусылған, сондықтан «Ұмай» бағдарламасына қатысушылар бұл жерден шаршы метрді сатып ала алмайды.
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы банк 20 жылдың ішінде 465 мыңнан астам қазақстандық отбасыға қоныс тойын тойлауға көмектесті

    Отбасылық орта коэффициенттілікті ескерсек (қазақстандық отбасыларда орта есеппен 4 отбасы мүшесі болады) «Отбасы банк» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) көмегімен бүгінде 1,8 млн жуық қазақстандық немесе еліміздің әрбір оныншы тұрғыны өз баспанасында тұрып жатыр. Олар тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы қолжетімді шарттармен үй немесе пәтер сатып алуға мүмкіндік алды. Аталмыш жүйені Қазақстанда 20 жылдан бері Отбасы банк жүзеге асырып келеді. Осы уақыт аралығында банк қазақстандықтардың жинақтау мәдениетін қалыптастыра алды және азаматтарды болашақ баспаналарына тиімді қаражат жинақтауға үйретті. Нәтижесінде банк клиенттері 3,5%-дан 10,5%-ға дейінгі (ЖТСМ 3,6% бастап) мөлшерлемемен тұрғын үй сатып алуда.
    Әрі қарай оқу
  • Еңбек өтілі бойынша зейнетке шыққан қазақстандықтар www.enpf-otbasy.kz порталы арқылы жинақталған зейнетақы қаражатын толықтай ала алады

    Бұл Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің арқасында мүмкін болды. Ол 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Жаңа құжат келесі азаматтарға зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік береді: әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет және басқа да арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте 25 жылдан кем емес әскери қызмет өтілі бар және қызметтен босатылған кезде заңда белгіленген шекті жасқа толғандар.
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы банк клиенттері барлық операциялардың 83,2% қашықтан орындайды

    Отбасы банкінде («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қашықтан қызмет көрсету арналарының үлесі жыл сайын артып келеді. Қазір банктік операциялардың 76,6% интернет-банкинг пен бейнебанкинг, тағы 6,6% агенттік желі құрап отыр. Бұл деректер үстіміздегі жылдың тек бірінші жартыжылдығы бойынша. Өткен жылы қашықтағы арналардың үлесі 81,9% құрады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 67,1% жеткен.
    Әрі қарай оқу
  • «Отбасы банк» АҚ кейбір телеграм арналарында деректердің болжамды жария болуы немесе ІТ-жобаның бұзылуы туралы жарияланған хабарларға жауап ретінде ресми түрде келесіні хабарлайды.

    Банкте клиенттердің жеке деректерінің сақталуы алғышарт.  Біз жеке деректерді қорғау және ақпаратты қорғау саласындағы заңнаманың барлық талаптары мен нормаларын қатаң сақтаймыз.  Сәйкесінше, Отбасы банкіндегі деректердің сыртқа жарияланып кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз.
    Әрі қарай оқу
  • Шымкенттегі Отбасы банк клиенттеріне пәтер кілттері табыс етілді

    Шымкент тұрғындары «Өз үйім» бағдарламасы аясында жаңа баспаналарға ие болды. Бұл Отбасы банктің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) жеке жобасы. Бағдарлама тұрғын үйлерді нарықтық құнынан төмен бағамен сатып алуға көмектеседі. Мысалы, «Тенгри» жаңа тұрғын үй кешенінің тұрғындары комфорт класстағы пәтерлерінің 1 шаршы метрін 380 000 теңгеден сатып алды. Бұл Шымкенттегі тұрғын үй нарығындағы пәтерлердің құнынан 13% төмен.
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы банк пен Ұлытау облысының әкімдігі «Ulytau zhastary» тұрғын үй бағдарламасын іске қосты

    Жаңа жоба Ұлытау облысының жас мамандарына қолжетімді шарттармен жеке баспана сатып алуға мүмкіндік береді. Бағдарламаны қаржыландыруға 750 млн теңге бөлінді, оның 500 млн теңгесін Ұлытау облысының әкімдігі, 250 млн теңгесін Отбасы банк қосты («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы).
    Әрі қарай оқу
  • Астана қаласының әкімдігі Отбасы банкімен бірге елордалық жастарға тиімді шарттармен тұрғын үй сатып алуға көмектеседі

    Астана қаласында жастарға арналған «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы ашылады. Бұл қала әкімдігі мен Отбасы банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бірлескен жобасы. Бағдарлама жас мұғалімдерге, дәрігерлерге, журналистерге, мәдениет саласының қызметкерлеріне, спортшыларға, ЖОО ұстаздары мен ғылыми қызметкерлерге, әлеуметтік сала мен коммуналдық қызмет қызметкерлеріне, полиция департаменті мен ТЖҚ қызметкерлеріне, сондай-ақ Астана қаласы бойынша тұрғын үй кезегіне тіркелген жетім балаларға баспана сатып алу үшін жеңілдікпен несие алуға мүмкіндік береді.
    Әрі қарай оқу
  • «Жасыл ипотека» бағдарламасының аясында Отбасы банк өз клиенттеріне 1400-ге жуық пәтер ұсынады

    Отбасы банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) пилоттық жобасы – «Жасыл ипотека» қазірдің өзінде 6 өңірде жүзеге асырылуда. Биылғы жылдың басында Астанада өтініштерді қабылдау басталды. Қазіргі таңда 100-ге жуық несие берілген. Отбасы банк «жасыл ипотека» жобасын іске қосқалы, «жасыл стандарттарға» сай үйлер салып, банкпен ынтымақтастық орнатқысы келетін құрылыс компанияларының саны артты. Мәселен, қазір елордада салынып жатқан алты тұрғын үй кешенінен баспана алуға болады. Таңдауға 1000-нан астам пәтер бар. Алматыда тағы екі тұрғын үй кешені жобаға қатысып жатыр. Ал Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Ақтөбе және Шымкент қалаларында аталмыш стандарт талаптарына сай бір-бірден тұрғын үйден бар.
    Әрі қарай оқу
  • Қарағанды облысының әкімдігі мен Отбасы банк кеншілер мен металлургтердің тұрғын үй мәселесін шешу үшін 1,5 млрд теңге бөледі

    Қарағанды облысында екі жыл қатарынан кеншілер мен металлургтерге арналған тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бұл – облыстық әкімдік пен Отбасы банктің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бірлескен жобасы. Бағдарлама өңір жұмысшыларына тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген заем алуға мүмкіндік береді. Биыл кеншілер мен металлургтерді қолдау үшін екінші транш аясында Қарағанды облысының бюджетінен 1 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ Отбасы банк те бұл қаражатқа қосымша 500 млн теңге бөліп отыр. Бұл сома пәтер сатып алуды көздеп жүрген 75-тен астам кеншілер мен металлургтердің отбасыларына қолжетімді шарттармен заем беруге мүмкіндік береді.
    Әрі қарай оқу
  • Отбасы банкінде жаңа Басқарма мүшесі тағайындалды

    «Отбасы банк» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Басқарма төрайымының орынбасары болып Владимир Савченко тағайындалды. Оған дейін бұл қызметті Мирас Бейсембаев атқарған. Отбасы банк Басқармасының жаңа мүшесі банктің Директорлар кеңесінің отырысында сайланды және 2023 жылдың 15 мамырынан бастап қызметіне кіріседі.
    Әрі қарай оқу
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру