Шымкент қаласындағы «Бозарық» шағын ауданынан көп балалы, толық емес, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған, ата-ана қамқорлығынсыз қалған азаматтар мен баспана алу кезегінде тұрған отбасылар жаңа пәтерлерінің кілттерін алды.
Үйлерді қоныстанушыларға қала әкімдігі салып берді. Жаңа пәтерлер таза әрлеуде, 1 шаршы метріне – 221 330 теңгеден сатылды.
Бағдарлама қатысушыларын қоныс тойларымен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Отбасы банк» АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев құттықтады.
- Әрқайсымыз үшін жаңа, ең бастысы, өзіміздің жеке пәтірімізге көшу - өмірдегі аса маңызды әрі қуанышты оқиға. Пәтерлеріңізде балалардың күлкісі жиі естіліп, іші жылулық пен жайлылыққа толы болуына тілектеспін. Жыл басынан бері Отбасы банк «2-10-20» бағдарламасы бойынша 2 500 жуық, «5-10-20» бағдарламасы бойынша 3 247 қазақстандық отбасыға жеке баспана алуға көмектесті - деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев.
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға қабылданған тұжырымдамасына сәйкес, сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2%-дан аспайтын әлеуметтік кредиттік тұрғын үй бағдарламасы табысы төмен отбасыларға кредит беруге арналған. Бұл санаттағы азаматтар үшін бастапқы нарықтан тұрғын үй сатып алуға (жергілікті атқарушы органдардың пайдалануға берілген әлеуметтік кредиттік тұрғын үйі) жылдық 2% пайыздық мөлшерлеме бойынша (ЖТСМ 2%-дан бастап 2,1% дейін), 10% алғашқы жарна енгізген кезде (тұрғын үй сертификаттарын пайдалануға болады) кредит берудің жеңілдікті талаптары қарастырылады. Заем беру мерзімі – 20 жылға дейін.
Ал сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5%-дан аспайтын әлеуметтік кредиттік тұрғын үй бағдарламасына әкімдікте үй кезегінде тұрған, Отбасы банктегі жинақ шотында қарыз сомасының 10%-ы мөлшерінде бастапқы жарнасы бар азаматтар қатыса алады. Аталмыш бағдарлама бойынша тұрғын үйді тек бастапқы нарықтан сатып алуға болады (жергілікті атқарушы органдардың пайдалануға қабылданған әлеуметтік кредиттік тұрғын үйі). Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5% (ЖТСМ 5,2%-дан бастап 5,8% дейін), заем беру мерзімі – 20 жылға дейін.
Жыл басынан бері Шымкент қаласында жылжымайтын мүлік алу мақсатымен тағы 2 7 000-ден астам өңір азаматы жаңа депозит ашты. Бұл еліміз бойынша аймақтардағы ең жоғары көрсеткіш. Яғни Шымкент халқы қаражат үнемдеп, оны тұрғын үй жағдайларын жақсарту жолында жинаудан жоғары белсенділік танытып отыр.
Жалпы өңірде үстіміздегі жылы 3 633 отбасы «Отбасы банкінен» заем алып, қоныс тойын тойлаған.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!