Баспасөз мәлімдемелері
-
Қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесін шешу үшін қазақстандық кәсіпорындар 10 млрд теңге бөлді
Зауыт жұмысшылары, кеншілер, металлургтер, құтқарушылар «Корпоративтік» өнім арқылы қолжетімді баспана сатып ала алады. Бұл Отбасы банкінің («Байтерк» холдингінің еншілес ұйымы) жобасы. Ол жеке компанияларға, кәсіпорындарға, мемлекеттік және муниципалдық ұйымдарға мемлекеттік бағдарламаларды айналып өтіп, жұмысшыларды жеңілдетілген несиелік тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Корпоративтік өнім Қарағанды, Ақтау, Павлодар, Тараз қалаларындағы түрлі компания қызметкерлеріне қоныс тойын тойлауға көмектесті.Әрі қарай оқу
-
Отбасы банкінде Директорлар кеңесінің отырысы өтті
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің басшысы Қанат Шарлапаевтың төрағалығымен «Отбасы Банк» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысында Банктің ішкі аудит департаментінің 2022 жылға арналған қызметі туралы есебі бекітілді.Әрі қарай оқу -
Отбасы банк БҚО Бөрлі ауданының тұрғындарын 10 пайыздық бастапқы жарнамен несиелендіреді
Жергілікті әкімдік өз тұрғындарын қолдау мақсатында 440 млн теңге бөліп отыр. Бұл қаражат жергілікті азаматтарға жеңілдетілген шарттармен жеке баспана сатып алуға көмектеседі. Аудан әкімдігінің тұрғын үй бағдарламасын Отбасы банк жүзеге асырады. Бүгін қос тарап тиісті келісімге қол қойды.Әрі қарай оқу -
Fitch Отбасы банкінің рейтингін BBB, яғни «Тұрақты» деңгейінде растады
Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі 2023 жылдың 21 ақпанында «Отбасы Банк» АҚ-ның ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді эмитент дефолтының рейтингін (ЭДР) «ВВВ» деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам «Тұрақты». Банк рейтингін растау арқылы Fitch Ratings агенттігі, қаржы институтына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілу ықтималдығы жоғары деген пікір білдірді.Әрі қарай оқу
-
Отбасы банк салымшыларына депозиттері бойынша өтемақы қашан түседі?
Бұл соңғы уақытта қазақстандықтардың Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) менеджерлеріне ең жиі қоятын сауалдарының бірі. Өтемақы салымшылардың депозиттеріне 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін, Отбасы банкіне өтемақы төлеуге арналған қаражат түскен сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде аударылады. Бүгінде банк өз клиенттерінен жалпы сомасы 116 млрд теңгеге 914 526 өтініш қабылдады.Әрі қарай оқу
-
Алматыда «Бақытты отбасы» бағдарламасының қатысушыларына сатып алу үшін 905 пәтер ұсынылады
Жақын арада көп балалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар жаңа пәтерлерге қоныстанады. Қалалық әкімдік бағдарлама қатысушыларына арналған тұрғын үйлерді «Жас қанат» шағын ауданынан салып берді. Оларға «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша Отбасы банкінен («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) жылдық 2% (ЖТСМ 2,1%-дан бастап) мөлшерлемесімен жеңілдетілген несие беріледі. Мемлекеттік бағдарламаның шарттары бойынша алғашқы жарна несие сомасының кемінде 10 пайызына тең болуы тиіс.Әрі қарай оқу -
Отбасы банк депозиттер бойынша өтемақы алуға өтініштерді қабылдауын қайта жалғастырады
Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) клиенттерінің өз депозиттері бойынша өтемақы алу үшін өтініш тапсыруға қосымша күндері бар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бұл мерзім 2023 жылдың 10 ақпанына дейін ұзартылды. Өтініштер бұрынғы қалпы «Баспана маркет» (www.otbasybank.kz) жылжымайтын мүлік порталындағы жеке кабинетте онлайн жолданады. Бұл мүмкіндік 2023 жылдың 12 қаңтары, сағат 10:00-ден бастап қолжетімді болады.Әрі қарай оқу
-
Отбасы банк «Жасыл ипотека» бағдарламасын іске қосты
Жаңа жылдың басынан бастап қазақстандықтар «жасыл стандарттар» бойынша салынған, энергия үнемдейтін тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алуға несие ала алады. «Жасыл ипотека» бойынша бастапқы жарна 20% құрайды. Егер ол бар болса, Отбасы банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) клиенттері алдын ала заем алуға мүмкіндік алады. Мұндай несие бойынша пайыздық мөлшерлеме 12,5% (ЖТСМ 13,3% бастап) тең болады, алайда 10 жылдан кейін ол төмендейді.Әрі қарай оқу
-
«Шұбаркөл көмір» АҚ кеншілеріне жеңілдетілген шарттармен тұрғын үй алуға мүмкіндік беретін бағдарлама іске қосылды
«Шұбаркөл көмір» АҚ қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін 2023 жылдан бастап жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы қолға алынады. Оған қатысушы кеншілер баспана құнының 10% мөлшерінде бастапқы жарна ұсынған жағдайда, Отбасы банк жылдық 5% үстемемен займ береді. Бүгін Қарағанды облысының әкімдігі, Отбасы банк пен Eurasian Resources Group (ERG) өкілдері өзара түсіністік пен әріптестік туралы үшжақты Меморандумға қол қойды.Әрі қарай оқу
-
2022 жылы Отбасы банкінің 80 мыңға жуық клиенті қоныс тойын тойлады
Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 78 686 қазақстандық отбасыға баспаналы болуға көмектесті. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға 2022 жылы дәл осынша заем берілді. Оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар аясында кезекте тұрған 10 518 адам Отбасы банк көмегімен тұрғын үйлі болды. Бақытты отбасы бағдарламасы бойынша 1 247 қазақстандықтың баспана мәселесі шешілді. Шаңырақ бағдарламасымен 5 989 отбасы жаңа қоныс алса, Нұрлы жер бағдарламасының арқасында 3 282 отбасы төл шаршы метрлеріне қол жеткізді.Әрі қарай оқу
-
Отбасы банк пен Семей қаласының әкімдігі «Абай жастары» бағдарламасын іске қосты
Абай облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Ол 35 жасқа дейінгі Семей қаласының тұрғындарына барынша тиімді шарттармен баспана сатып алуға көмектеседі. «Абай жастары» бағдарламасына жергілікті әкімдікте үй кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады. Сондай-ақ өтініштер дәрігерлер, мәдениет және спорт қызметкерлері мен журналистерден қабылданады.Әрі қарай оқу
-
«Арманға жол» бағдарламасы Петропавл электротехникалық зауытының 100-ден астам қызметкеріне қоныс тойын тойлауға көмектеседі
«Отбасы Банк» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) мен «Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС «Арманға жол» бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды.Әрі қарай оқу