Баспасөз мәлімдемелері
-
Отбасы банк "Наурыз" бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды бес күн бұрын бастауға дайын
Қазақстанда "Наурыз" атты жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау қаласындағы Ұлттық құрылтайда хабарлады.Әрі қарай оқу
Бағдарлама операторы – Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) болады. Қаржы құрылымы жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуға дайын. Мамыр айында қазақстандықтардың демалыс күндері көп болатындықтан, банкте өтінімдерді қабылдауды бес күн бұрын бастау туралы шешім қабылданды.
Өтінімдерді Баспана маркет порталында (otbasybank.kz) 25 сәуірден бастап жолдауға болады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі екі ай, 30 маусымға дейін (қоса алғанда) жалғасады.
-
Көлікжай, қойма мен гараждардың болуы "Отау"бағдарламасына қатысуға кедергі болмайды
Енді тұрғын үйге жатпайтын жылжымайтын мүлкі мен жалпы жекешелендірілген тұрғын үйдегі үлесінің болуына байланысты "Отау" бағдарламасына жолданған өтініштері кері қайтарылған қазақстандықтар қайта өтініш бере алады. Өз клиенттерінің өтініштерін ескере отырып, Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) тексеру бағытын қайта құрып, оны егжей-тегжейіне жете қарайтындай етіп жасады.Әрі қарай оқу
Осы уақытқа дейін бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің меншігінде соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүліктің болмауы туралы тармақ жүйемен автоматты түрде тексеріліп келді. Бұл мемлекеттік дерекқорлармен бірігу арқасында мүмкін болды. Бірақ бұл жағдайда олардан жылжымайтын мүліктің болуы туралы тек оң немесе теріс жауап қана келді. "Тұрғын үй" немесе "тұрғын үйге жатпайтын" жылжымайтын мүлік түрлері бойынша ақпарат жеке-жеке бөлінбеді. Сондықтан, көлікжай, қоймасы, ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған жер учаскесі немесе ортақ жекешелендірілген тұрғын үйдегі үлесі бар көптеген қазақстандықтардың "Отау" бағдарламасына қатысу туралы өтінімдері қабылданбай кері қайтарылды.
-
Ұлыстың ұлы күні Батыс Қазақстан облысының 80 тұрғыны пәтерлі болды
Наурыз мерекесі күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) филиалы директорының орынбасары Нұржан Қалишанов «2-10-20» бағдарламасына қатысушыларды қоныс тойларымен құттықтады. Жергілікті әкімдік көмегімен салынған жаңа пәтерлер бағдарлама қатысушыларына таза әрлеуде берілді. Ондағы 1 шаршы метр құны 200 000 теңгеден сатылды. Жаңа баспанаға Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға қабылданған тұжырымдамасына сәйкес, бірнеше жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қол жеткізді.Әрі қарай оқу
-
Отбасы банкте "Отау" бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталады
Өтінімдер Баспана маркет порталында (otbasybank.kz) онлайн қабылданады.Әрі қарай оқу
"Отау" бағдарламасы басталған алғашқы екі сағатта 1000 қазақстандық өтінім берді.
«Отау» бағдарламасы іске қосылған алғашқы екі сағатта 400 өтінім сәтті қабылданып, тағы 1824 өтініш өңделуде.
Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) қолайсыз жағдайларды болдырмау үшін, өтінімдерді қабылдау мерзімін барынша ыңғайлы етіп жасағанын еске салады. Қатысушылардың 1 наурыздан бастап 30 сәуірді қоса алғанға дейін екі ай уақыты болады. Бұл ретте осы кезеңдегі өтінім беру күні мен уақыты маңызды емес.
-
Ислам Сұңқардың Отбасы банк қызметі туралы депутаттық сұрау салуына қатысты банктің ұстанымы
Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асырады. Бұл жүйе 80 жылдан астам уақыт бойы табысты жұмыс істеп келе жатқан Еуропа елдерінен алынған.Әрі қарай оқу
Бұл елдегі қаржылық және экономикалық жағдайға қарамастан, азаматтарға тұрғын үй жағдайларын қолжетімді тәсілмен жақсартуға көмектесетін өзара көмек кассасының бір түрі.
Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі 500 мыңнан астам азаматқа тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесті. Егер 4 адамнан тұратын орташа статистикалық қазақстандық отбасын негізге алсақ, онда елімізде 2 миллионнан астам адам өзінің тұрғын үй мәселесін шеше алды деген сөз.
-
Отбасы банк "Отау" жаңа тұрғын үй бағдарламасы басталатынын хабарлайды
"Отау" бағдарламасы 2024 жылдың 1 наурызында іске қосылады. Сол күннен бастап 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) қазақстандықтар Баспана маркет (otbasybank.kz) порталында бағдарламаға қатысу туралы өтініш жолдай алады. Өтініш беру уақыты маңызды емес.Әрі қарай оқу
"Отау" бағдарламасына кімдер қатыса алады?
1. Отбасы банк салымшылары ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы), оның ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады;
2. Үміткердің жинақ шоты ең кемі 18 айлық болуы керек;
3. Өтінім беру сәтінде депозиттегі жинақ сомасы 1 млн теңгеден кем болмауы тиіс;
4. Қатысушы жасы 18-ден 63 жасқа дейін (қоса алғанда);
5. Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлік болмауы керек;
6. Алматы және Астана қалаларынан тұрғын үй алатын жағдайда аталмыш қалаларда тұрақты тіркеу болуы қажет.
-
Жинақтау кезеңі – Отбасы банкінен заем алудың негізгі факторы болып табылады
Депозитке қаражат жинау – Отбасы банкінен («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қолжетімді мөлшерлемемен заем алудың негізгі өлшемшарты болып табылады.Әрі қарай оқу
Салымшылардың жинақтары банк жүзеге асыратын тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің негізі болып табылады. Оның арқасында клиенттер мемлекеттік немесе коммерциялық қаржыландыруды тартпай-ақ, жылына 3,5%-дан 10%-ға дейінгі (ЖТСМ 3,6%-дан бастап) мөлшерлемемен заем ала алады. Яғни, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінде клиенттер өздеріне несие береді.
-
1 990 790 қазақстандық Отбасы банкіндегі жинақ шоттарына мемлекеттік сыйлықақы алды
Отбасы банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) клиенттері өткен демалыс күндері өздерінің жинақ шоттарына қаражат түскенін байқады. Бұл – мемлекеттік сыйлықақы.Әрі қарай оқу
2023 жылдың қорытындысы бойынша өз тұрғын үйлеріне ақша жинап жүрген қазақстандықтарға жалпы саны 81,9 млрд теңге аударылды. Соңғы екі тәулік ішінде 1 990 790 адам Отбасы банкіндегі депозиттеріне қаражат түскенін көрді.
-
Отбасы банк: 35 жасқа дейінгі 1,3 млн жас қазақстандық жеке баспанаға мұқтаж
Бұл туралы "Астана жастары" ресурстық орталығында жастармен кездесу барысында Отбасы банкінің Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтып берді.Әрі қарай оқу
Іс-шара "Демографиялық өсу – ұлттың бәсекелестік артықшылықтарының негізі" тақырыбында Үкімет сағатын өткізуге дайындық жұмыстары аясында өтуде. Сондықтан бүгін кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары да қатысты. Кездесу модераторы – Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп.
-
Отбасы банкінде алғашқы "AQYL" білім беру жинақтау салымдары ашылды
Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің (МББЖЖ) қатысушысы болды және бүгін онда алғашқы "AQYL" білім беру жинақтау салымдары ашылды.Әрі қарай оқу
Алғашқылардың бірі болып Отбасы банкінде бұл салымды өз балаларына Астана қаласының тұрғыны Ақмаржан Шакупова ашты. Оның егіздері Айбол мен Айбек жақында бір жасқа толған. Енді олардың анасы ұлдарының болашақ біліміне белсенді түрде ақша жинауды жоспарлап отыр.
-
Еліміздегі ең ширақ жастар Оңтүстік Қазақстанда тұрады. Ұлттық қордан қаражатты пайдалануға бірінші болып Тараз бен Шымкент қалаларының тұрғындары өтінім берген
2024 жылдың 1 ақпанынан бастап 18 жасқа толған қазақстандықтар Ұлттық қордан алынған жинақтарын пайдалана алады.Әрі қарай оқу
Оны Отбасы банктің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) enpf-otbasy.kz платформасы арқылы онлайн режимінде жүзеге асыруға болады.
enpf-otbasy.kz платформасын бүгін ең алғашқы болып Тараз және Шымкент қалаларының студенттері пайдаланды.
-
27 000-ға жуық тұрғын үй төлемдерін алушылар Отбасы банк арқылы баспаналы болды
"Отбасы банк" АҚ ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) 5 жыл бойы "Жаңа баспана" (бұған дейін – Әскери баспана) бағдарламасын іске асыруда. Бұл мемлекеттен тұрғын үй төлемдерін алатын азаматтарға арналған банктің жеке бағдарламасы. Бағдарламаға тұрғын үй төлемдерін алып тұратын, Отбасы банкінде арнайы ағымдағы шоты бар және бұған дейін тұрғын үй төлемдерін жылжымайтын мүлік сатып алу үшін пайдаланбаған кез келген азамат қатыса алады.Әрі қарай оқу