Отбасы банк 235 920 теңге көлемінен басталатын мемлекеттік білім беру капиталын қалай алуға болатынын түсіндірді | Қазақстанда "Келешек" атты балаларға арналған жаңа ерікті жинақтау жүйесі жұмыс істей бастады. Мемлекет оның қатысушыларына ЖОО немесе колледжде оқу ақысын төлеу үшін бастапқы капитал құруға көмектеседі. Оны сақтау және көбейту үшін балалардың ата-аналары жыл сайын жинақ жасаулары қажет. "Келешек" бағдарламасы 0-5 жасқа дейінгі барлық кішкентай қазақстандықтарды қамтиды.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк 235 920 теңге көлемінен басталатын мемлекеттік білім беру капиталын қалай алуға болатынын түсіндірді

Отбасы банк 235 920 теңге көлемінен басталатын мемлекеттік білім беру капиталын қалай алуға болатынын түсіндірді

6 мамыр 2025

Қазақстанда "Келешек" атты балаларға арналған жаңа ерікті жинақтау жүйесі жұмыс істей бастады. Мемлекет оның қатысушыларына ЖОО немесе колледжде оқу ақысын төлеу үшін бастапқы капитал құруға көмектеседі. Оны сақтау және көбейту үшін балалардың ата-аналары жыл сайын жинақ жасаулары қажет. "Келешек" бағдарламасы 0-5 жасқа дейінгі барлық кішкентай қазақстандықтарды қамтиды.

"Келешек" жаңа жинақтау жүйесінің қатысушысы болу үшін Отбасы банкінен "AQYL" білім беру жинақтау салымын ашу қажет.

"Келешек" бағдарламасы аясында балаларға мемлекеттен қанша сома алуға болады?

Бастапқы білім беру капиталы 2025 жылы 60 АЕК немесе 235 920 теңгені құрайды.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін бастапқы білім беру капиталы 2025 жылы 120 АЕК немесе 471 840 теңгеге тең.

Мемлекеттен 235 920 теңге көлеміндегі бастапқы капиталды алу үшін не істеу керек?

Ол 2025 жылдың 12 мамырынан бастап Отбасы банкінде "AQYL" білім беру жинақтау салымын ашу қажет.

"AQYL" депозиті бірнеше жолмен ашылады:

1. Баспана маркет порталында. Ол үшін otbasybank.kz сайтындағы жеке кабинетіңізге кіріңіз, "Менің банкім" қойындысын ашып, "Депозиттерге" өту керек. Әрі қарай, "Жаңа депозит" батырмасын басып, "AQYL" салымын ашасыз;

2. Банк бөлімшелерінде;

3. Кеңесшілердің көмегімен. Сілтеме арқылы өз қалаңыздан кеңесші таңдай аласыз: https://hcsbk.kz/network-agents/.

2025 жылы мемлекеттен берілетін, 235 920 теңгеден басталатын бастапқы білім беру капиталы биыл 5 жасқа толатын балаларға есептелетін болады.

Отбасы банкінде "AQYL" депозиттері ашылған адамдар не істеуі керек?

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 5 жасқа толатын балалардың ата-аналарына 2025 жылдың 15 мамырынан бастап 2025 жылдың 30 маусымына дейін Баспана маркет порталындағы (otbasybank.kz) "AQYL" депозитіне қосымша келісімге қол қоюлары қажет. Бұл жағдайда бастапқы білім беру капиталы қолданыстағы депозитке есептеледі. Ақша 2025 жылдың 31 тамызына дейін түседі.

1 шілде мен 31 желтоқсан аралығында 5 жасқа толатын балалар да биылғы жылы қосымша келісімге қол қоюы керек. Қаражат 2026 жылдың 28 ақпанына дейін түседі.

2025 жылы "AQYL" депозитінің шарттары қандай?

"AQYL" депозитінің мақсаты - балалардың білім алуы үшін қаражат жинау. Оның көмегімен қазақстандық немесе шетелдік білім беру ұйымдарында оқу ақысын төлеуге болады. "AQYL" депозитін кез келген жаста ашуға болады. Оны неғұрлым тезірек ашу арқылы, болашақ білім алуға соғұрлым ыңғайлы және тиімді қаражат жинауға болады.

2025 жылдан бастап "AQYL" білім беру жинақтау салымын автоматты түрде ұзартумен кемінде 1 жыл мерзімге ашуға болады.

Заң депозиттің жылдық тиімді мөлшерлемесін реттейді. Енді бұл Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне байланысты. Мысалы, қазіргі уақытта ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесінің деңгейі 16,5% құрайды, демек, салым мерзімі 1 жыл болғанда депозит бойынша ЖТСМ 14,5%-дан төмен болмайды. Депозит жаңа мерзімге ұзартылған кезде, ЖТСМ қолданыстағы базалық мөлшерлемеге сәйкес автоматты түрде өзгереді.

Банктің есептелген сыйақысы ай сайын капиталдандырылады. Бұл оған да банктің сыйақысы есептелетінін білдіреді.

Сонымен қатар, мемлекет жыл сайын "AQYL" депозиттеріне сыйлықақы есептейді. Салымшылардың барлық санаттары үшін ол 5% тең. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, көп балалы отбасылардан шыққан және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға ашылған депозиттерге 7% мөлшерінде мемлекеттік сыйлықақы есептелетін болады.

Жыл сайын депозитке есептелетін сыйлықақының ең жоғары мөлшері - 100 АЕК (2025 жылға 393 200 теңге).

Мемлекеттік сыйлықақы жинақтаудың ең аз мерзімі 1 жыл болғанда есептеледі, яғни оны алу үшін салым бір жылға толуы тиіс.

Егер сіз депозитті 2025 жылдың ақпанында ашқан болсаңыз, онда мемлекеттік сыйлықақы тек 2027 жылы есептеледі, өйткені 2026 жылдың 1 қаңтарында сіздің депозитіңізге небәрі 11 ай болады.

Депозитті ашу кезінде міндетті бастапқы жарнаның мөлшері 3 АЕК немесе 11 796 теңгеге тең (2024 жылы). Жетім балалар үшін бастапқы жарна жоқ.

Қандай жағдайларда мемлекеттен бөлінген бастапқы капитал бюджетке қайтарылады?

Мемлекеттің бастапқы капиталы "AQYL" депозитіне аударылады.

Оны сақтау үшін ата-аналар "AQYL" депозитіне балалары кәмелетке толғанға дейін немесе білім беру ұйымына түскенге дейін жыл сайын жарна салып тұрулары қажет.

Бір жылдағы ең төменгі жарна 24 АЕК немесе 2025 жылы 94 368 теңге.

Халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы балалар үшін - 2025 жылы 12 АЕК немесе 47 184 теңге.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ашылған "AQYL" депозитіне жыл сайын міндетті жарналар салудың қажеті жоқ.

Жарналарды бір уақытта бір сомамен аударуға немесе жыл бойына бөлшектеп салуға болады – ең бастысы, жыл соңына дейін ең төменгі жарнаны енгізу шарты сақталуы керек.

Бастапқы білім беру капиталы салымға қабылданғаннан кейін енгізілген жарналар ғана ескерілетінін назарға алуды сұраймыз. Бастапқы білім беру капиталын қабылдағанға дейін шотта болған жинақтар есепке алынбайды.

Ал егер жыл қорытындысы бойынша қажетті сома енгізілмесе, онда мемлекеттен 60 АЕК немесе 235 920 теңге мөлшеріндегі бастапқы капитал бюджетке қайтарылады.

Мемлекеттен берілген бастапқы капиталды қалай жұмсауға болады?

Бастапқы капитал, ата-аналардың жарналары, банк сыйақысы және мемлекеттік сыйлықақы "AQYL" депозитінде біріктіріліп жинақталады. Бала 18 жасқа толғанда, бұл соманы Қазақстанда немесе шетелде білім алу ақысын төлеуге қолдануға болады.

Егер бұл сома білім беру ақысын төлеуге жеткіліксіз болса, онда ЕДБ-де немесе "Қаржы орталығы" АҚ арқылы жетіспейтін сомаға білім беру несиесін алуға болады.

Егер депозит ұстаушы білім беру грантын алса, онда диплом алынғаннан кейін депозитте жинақталған қаражатты (банктің капиталдандырылған сыйақысын, мемлекеттік сыйлықақы мен бастапқы білім беру капиталын ескере отырып) келесідей пайдалануға болады:

1) білім беру жинақтау салымында қаражат жинақтауды жалғастыра беруге болады;

2) жинақтарды аға-бауырларға, апа-сіңлілерге, туыстарға, достарға және т.б. беруге болады;

3) білімнің басқа деңгейлі түрлерін алу мақсатында білім беру қызметтеріне ақы төлеуге болады;

4) тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін Отбасы банкіндегі депозитке қаражат аударуға болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру