3 миллион қазақстандық жинақтарын Отбасы банкке сеніп тапсырды | Отбасы банкте ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) үш миллионыншы депозит ашылды. Оның иесі Жанат Құлбаева Шымкентте тұрады. Ол 2024 жылдың қараша айынан бастап тұрғын үйге белсенді түрде ақша жинақтай бастады. Содан кейін ол банкте өзінің алғашқы жинақ шотын ашты, көктемде салымшыға "Отбасылық пакет" аясында туыстарының бірі жинақталған қаражаты бар депозитін берді.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
3 миллион қазақстандық жинақтарын Отбасы банкке сеніп тапсырды

3 миллион қазақстандық жинақтарын Отбасы банкке сеніп тапсырды

29 мамыр 2025

Отбасы банкте ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) үш миллионыншы депозит ашылды. Оның иесі Жанат Құлбаева Шымкентте тұрады. Ол 2024 жылдың қараша айынан бастап тұрғын үйге белсенді түрде ақша жинақтай бастады. Содан кейін ол банкте өзінің алғашқы жинақ шотын ашты, көктемде салымшыға "Отбасылық пакет" аясында туыстарының бірі жинақталған қаражаты бар депозитін берді. Дәл сол салым Отбасы банктегі үш миллионыншы жинақ шотына айналды. Тұрғын үй сатып алу кезінде Шымкент тұрғыны өзінің барлық депозиттерін біріктіре алады, сәйкесінше бұл қарыз алу шарттарына оң әсерін тигізеді.

2 999 999 нөмірлі депозитті Алматы тұрғыны Салтанат Смаилова ашты. Ол жеке кәсіпкер, ұлын тәрбиелеп отыр. Сондықтан алматылық қазір болашақта банктен тұрғын үй қарызын алу үшін депозитке қаражат жинақтауда. Отбасы банкте ол жылдық 3,5%-дан (ЖТСМ 3,6%-дан 4,4%-ға дейін) жылдық 5%-ға (ЖТСМ 5,1%-дан 6,9%-ға дейін) дейінгі мөлшерлемелер бойынша, шотта ең кем дегенде үш жыл ішінде қарыз сомасының 50%-ы жинақталған жағдайда, беріледі.

3 000 001 нөмірімен Банкте ашылған шоттың иесі Астана тұрғыны Айзада Қазбек болды. Ол Ана мен бала орталығында медбике болып жұмыс істейді. Оған туыстары мен таныстары үй сатып алудың ең қолжетімді тәсілі ретінде Отбасы банкте депозит ашу туралы кеңес берді. Шотты ресімдеу үшін Айзада бейнебанкинг қызметін пайдаланды. Енді елордада пәтер сатып алу үшін қаражат жинауды жоспарлап отыр.

Банктің кейстерінен көріп отырғанымыздай, салымшылардың көпшілігі - әйелдер.

Статистикаға сәйкес, депозит ұстаушының орташа жасы - 35 жас.

Жалпы алғанда, қазақстандықтар Отбасы банктегі депозиттерінде 2,4 трлн теңге жинады. Олардың ішінде аса үнемді клиенттер бар: салымшылардың бірі өз шотына 64,5 млн теңге жинақтады. Банктің құрдасы болған депозит те бар. Бұл шоттың ашылғанына 22 жыл болған және онда 6,5 млн теңге жинақталған.

Ең үлкен депозит ұстаушы - 92 жаста, ал ең кішісі – 1 жасқа толмаған. Өйткені, Отбасы банктегі депозиттерді кішкентай қазақстандықтар туу туралы куәлік алған бойда ашуға болады. Көреген ата-аналар бұл мүмкіндікті пайдаланады, ұлдары мен қыздарының болашақ баспаналарына алдын-ала жинақтау үшін депозит ресімдейді. Бүгін балаларға 147,7 млрд теңге сомасына 430 290 жинақ шоты ашылды. Бұл Отбасы банктегі депозиттердің жалпы санының 15%-ын құрайды.

- Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің 22 жылғы жұмысы ішінде біз азаматтарымызды үнемдеуге үйреттік. Қазір Қазақстанның экономикалық белсенді халқының 31,2%-ы - осы жүйенің қатысушылары. Он жыл бұрын бұл көрсеткіш 4,5 есе аз болды және тек 7,1%-ды құрады. Бір ерекшелігі, банк салымшыларының 58,63%-ы - әйелдер. Олар көбінесе жинақтау туралы бастама көтереді, отбасының болашағына қамқорлық жасайды және маңызды қаржылық шешімдер қабылдайды. Жоспарлау, қаражат жинау және мақсатқа ұмтылу қабілеті оларды тұрғын үй жинақ жүйесінің негізгі қатысушыларына айналдырады. Үш миллионыншы депозит - әрбір санның артында үмітке толы шынайы оқиғаның тұрғандығының дәлелі, - деп атап өтті Отбасы банктің Басқарма Төрайымы Ляззат Ибрагимова.

2025 жылы қазақстандықтар 318 952 жаңа депозит ашты, олардың басым бөлігі онлайн, интернет-банкинг және бейнесервис көмегімен ашылды. Депозиттер көбінесе еліміздің ірі мегаполистерінде - Алматы, Астана және Шымкентте ашылады.

Отбасы банктің жұмысы басталғалы бері барлығы 5,3 млн шот ашылды. Олардың бір бөлігі отбасылық пакет шеңберінде біріктірілді, шоттар жақын туыстары мен туғандарына қол жетімді мөлшерлемелер жылдық 3,5%-дан (ЖТСМ 3,6%-дан 4,4%-ға дейін) жылдық 8,5%-ға дейін (ЖТСМ 9%-дан 9,6%-ға дейін). бойынша қарыз алу үшін берілді.

Банк жұмыс істеген уақыт ішінде 7,6 трлн теңге сомасына 592 293 кредит берілді.

Қазір берілген қарыздың орташа сомасы 18,5 млн теңгені құрайды.

Тұрғын үй сатып алу үшін ең көп кредит Астанада алынады екен. Елордада, банктің арқасында, 122 868 адам өздеріне баспана сатып алды. Екінші орында – Алматы, мұнда 101 952 адам тұрғын үй сатып алды. Үшінші орында Ақтөбе облысы, онда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің көмегімен тұрғын үй мәселесін 44 180 қазақстандық шешті.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру