Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
591 709 Отбасы банк салымшысы мемлекеттен ең жоғары сыйақы алды

591 709 Отбасы банк салымшысы мемлекеттен ең жоғары сыйақы алды

3 наурыз 2026

Өткен демалыс күндері Отбасы банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) салымшылары өздерінің жинақ шоттарында жаңа толықтыруды көрді. Олардың депозиттеріне мемлекеттік сыйлықақы есептелді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша 2 530 829 қазақстандыққа мемлекет сыйақысы берілді. Бұл – азаматтардың қаржылық тұрақтылығын нығайтуға және жеке баспаналы болу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған маңызды қолдау шарасы.

Мемлекет сыйақысын алғандардың жалпы санының 388 799-ы - жеке баспанасы жоқ және тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар. Олардың 237 688-і тұрғын үй кезегіне бұрын, kezekte.kz порталында тіркелген. Олар болашақта жылдық мөлшерлемесі 2%-дан* басталатын жеңілдетілген заем алу үшін Отбасы банк депозиттерінде жоспарлы түрде қаражат жинауда. Тағы 151 111 адам 2025 жылғы 24 мамырдан кейін orken.otbasybank.kz порталында тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қойылып, биыл ғана жинақтауды бастады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша депозиттеріне мемлекет сыйақысы есептелген кезекте тұрғандардың ішінде I және II топтағы 12 059 мүгедек, 57 551 көпбалалы отбасы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған 10 679 отбасы, сондай-ақ «жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған 13 966 азамат бар.

Сонымен қатар тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің 303 406 жас қатысушысы да мемлекет сыйақысын алды. Олардың ата-аналары болашақта баспана сатып алуына негіз қалау үшін балалардың атына Отбасы банк депозиттерін ашқан. Биыл олардың шоттарына 9,6 млрд теңге көлемінде мемлекет сыйақысы есептелді.

Жалпы алғанда, қазақстандықтарға есептелген мемлекет сыйақысының сомасы 124,4 млрд теңгені құрады. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысқан салымшы депозитіне ең көбі 157 280 теңге алды*. Мемлекет сыйақысының ең жоғары мөлшерін 591 709 қазақстандық – Отбасы банк клиенттері иеленді.

Мемлекет сыйақысы есептелген 555 732 депозит онлайн түрде – мобильді қосымша және бейнесервис арқылы ашылған. Мемлекет сыйақысымен ынталандырылған жинақ шоттарының ең көбі Шымкент қаласының тұрғындары арасында – 164 146 салым, Астана қаласында – 126 341 салым және Алматы қаласында – 113 297 салым ашылған. Дәл осы қалаларда мемлекет сыйақысы есептелген жинақ шоттарының үлесі жоғары.

Мемлекет сыйақысын төлеуді заңға сәйкес мемлекет қамтамасыз етеді. Осылайша ол азаматтарды қолдап, баспаналы болуға тезірек қаражат жинауға көмектеседі.

Ағымдағы жылы мемлекет сыйақысы өткен жылдары сыйақы берілген салым сомасына қайта есептелмейді. Егер мемлекет сыйақысы берілетін жинақ сомасы 200 АЕК-тен асса, сыйақы берілмеген қалдық сома келесі жылы мемлекет сыйақысын есептеу кезінде ескеріледі.

Мысалы, егер 2024 жылдың қорытындысы бойынша салымшы депозитте 1 млн теңге жинаса, мемлекет сыйақысы тек 200 АЕК-ке тең сомаға ғана есептелді. Қалған айырма 2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекет сыйақысын есептеу кезінде ескерілді.

Егер бір салымшының банкте бірнеше депозиті болса, мемлекет сыйақысы оның таңдауы бойынша тек біреуіне ғана есептеледі. Мемлекет сыйақысы есептелетін депозитті өзгерту үшін салымшы есепті жыл аяқталғанға дейін Отбасы банк мобильді қосымшасында қажетті жинақ шотын белгілеп, тиісті өзгерісті өз бетінше енгізуі тиіс.

2026 жылдың қорытындысы бойынша мемлекет сыйақысының ең жоғары мөлшері 173 000 теңге. Оны алу үшін Отбасы банк шотында кемінде 865 000 теңге (200 АЕК) жинақталуы қажет. Ол үшін салымшылар ай сайын шамамен 73 000 теңгеден депозитке салып отыруы тиіс.

Банк сыйақысы мен мемлекет сыйақысын қоса есептегенде, Отбасы банк депозиттері бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 14%-ға дейін жетуі мүмкін.

Отбасы банк-тегі жинақтар қазақстандықтарға жылдық мөлшерлемесі 3,5%-дан басталатын (ЖТСМ 3,6%-дан 4,4%-ға дейін) қолжетімді несие алып, жеке баспанасын сатып алуға мүмкіндік береді.

*2% (ЖТСМ 2,0% – 2,1%)

*Мемлекет сыйақысының мөлшері – 20%. Ол 200 АЕК-тен аспайтын жинақ сомасына есептеледі. 2025 жылы 1 АЕК 3 932 теңгеге тең болды. Яғни, сыйақы берілген ең жоғары сома 786 400 теңгені құрады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру