«Отбасы банк» тұрғын үй сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтуде | «Наурыз» бағдарламасы биыл 10 мыңнан астам қазақстандық отбасының қоныс тойын тойлауына септігін тигізді. Олардың қатарында 35 жасқа дейінгі жас азаматтар, көпбалалы және толық емес отбасылар, жетім балалар, 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар жандар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар бар.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Отбасы банк» тұрғын үй сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтуде

«Отбасы банк» тұрғын үй сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтуде

14 қазан 2026

«Наурыз» бағдарламасы биыл 10 мыңнан астам қазақстандық отбасының қоныс тойын тойлауына септігін тигізді. Олардың қатарында 35 жасқа дейінгі жас азаматтар, көпбалалы және толық емес отбасылар, жетім балалар, 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар жандар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар бар.

«Наурыз» бағдарламасына қатысушы тағы 2 мыңға жуық адам қазіргі уақытта баспана іздестіру үстінде. Олар көктемде заем бойынша мақұлдау алғанымен, әлі күнге дейін өздеріне қолайлы пәтер таба қойған жоқ. Бұған дейін банк оларға баспана табу үшін 6 ай уақыт берген болатын. Бұл мерзім 2026 жылдың 12 қарашасында аяқталуы тиіс еді. Кейбір клиенттерге үй таңдау және құжаттарды рәсімдеу үшін көбірек уақыт қажет екенін ескере отырып, «Отбасы банк» өз клиенттеріне қолдау көрсетті. Мақұлдаудың қолданылу мерзімі 2026 жылдың 30 желтоқсанына дейін ұзартылды. Енді «Наурыз» бағдарламасына қатысушылардың қолайлы баспананы асықпай таңдауға, қажетті құжаттарды дайындауға, заемды рәсімдеуді аяқтауға және Жаңа жылды өз пәтерлерінде қарсы алуға мүмкіндіктері бар.

Қазақстандықтар жаңа баспананы «Отбасы банктің» өз маркетплейсі — Baspana Market платформасынан таңдайды. Пәтерді қай құрылыс салушыдан сатып алу керектігін сатып алушылардың өздері шешеді. Соңғы үш жылдың сараптамасы көрсеткендей, банк салымшылары көбінесе BI Group, SAT NS және QazaqStroy сияқты құрылыс компанияларының баспаналарын таңдайды. Клиенттердің таңдауына сүйене отырып, «Отбасы банк» аталған компаниялармен ынтымақтастығын кеңейтті және 15 қазаннан бастап құрылыс салушылармен бірлескен қосымша кредиттеу механизмін іске қосады.

Бұл механизм аралық заемды рәсімдеуге және баспананы ең төменгі бағалау көрсеткішінің (БК) мәнінсіз сатып алуға мүмкіндік береді. Стандартты шарттар бойынша аралық заем алу үшін депозитте заем сомасының 50%-ы болуы және БК-ның ең төменгі мәні 5-ті құрауы тиіс. Бұндай БК көрсеткішіне қол жеткізу үшін ақшаны депозитте кемінде 6 ай сақтау қажет. Жаңа механизм бұл мерзімді күтпестен, баспананы тезірек сатып алуға жағдай жасайды.

Жаңа механизмге алғашқылардың бірі болып BI Group компаниясы қосылады. Компания Астана, Алматы, Шымкент және Атырау қалаларынан сатып алу үшін 600 пәтер ұсынады. SAT NS және QazaqStroy компанияларымен келісімдер рәсімделу сатысында жатыр. Банк басқа да серіктестермен механизмнің іске қосылуы туралы қосымша хабарлайды. Осы механизм аясында қолжетімді пәтерлер туралы ақпаратты BI Group, SAT NS және QazaqStroy компанияларының сату бөлімдерінен нақтылау қажет.

Банк клиенті ең алдымен не істеуі керек?

Жаңа механизмді пайдалану үшін банк клиенті, ең алдымен, құрылыс салушының сату бөліміне жүгінуі қажет. Сол жерде пәтерді таңдап, брондау керек. Содан кейін құрылыс салушыдан ұнаған баспананың брондалғаны туралы ілеспе хат алу қажет. Осыдан кейін ғана «Отбасы банкке» жүгінуге болады.

Отбасы банкке қашан келу керек?

Салымшы құрылыс салушыдан ұнаған баспананы брондау туралы хатты алғаннан кейін «Отбасы банкке» жүгінеді. Жақын жердегі бөлімшеге келуге немесе бейнебайланыс арқылы банк менеджерімен хабарласуға болады.

Банк менеджері кредиттеудің жаңа механизмі туралы кеңес беріп, несиелік өтінімді қабылдайды.

Кредиттеудің негізгі шарттары:

  • Клиенттің «Отбасы банкте» депозиті болуы тиіс;
  • Депозитте заем сомасының 50%-ы көлемінде жинақ болуы қажет;
  • Аралық заем бойынша сыйақы мөлшерлемесі 8,5%-ды құрайды (ЖТСМ 9%-дан 9,6%-ға дейін), кейіннен мөлшерлеме жылдық 3,5%-ға (ЖТСМ 3,6%-дан 4,4%-ға дейін) – 5%-ға (ЖТСМ 5,1%-дан 6,9%-ға дейін) дейін төмендейді;
  • Құрылыс салушыдан таңдалған пәтердің брондалғанын растайтын хаттың болуы міндетті.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Алаяқтық фактісі (күдігі) туралы хабарлау
Сіз алаяқтарға жеке деректеріңізді бердіңіз, шотты бұғаттау қажет
Сіз алаяқтарға ақша аудардыңыз
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек
Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
"Quanysh-AI" чат-боты жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып кеңес береді. Чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз.

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру