«Отбасы банк» «Ұмай» бағдарламасы бойынша алғашқы несиені берді | Ақтау қаласында «Отбасы банктің» «Ұмай» бағдарламасы бойынша қарыз алған алғашқы әйел – Ақмарал Молдалиева. 25 жастағы Ақмарал кадр маманы болып жұмыс істейді. Қазіргі таңда жас отбасы тұңғышын күтіп отыр. Сондықтан баспаналы болу нәзік жанды үшін маңызды болды. Ақмарал баласының жайлы, кең әрі қолайлы пәтерде өскенін қалайды.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Отбасы банк» «Ұмай» бағдарламасы бойынша алғашқы несиені берді

«Отбасы банк» «Ұмай» бағдарламасы бойынша алғашқы несиені берді

4 қыркүйек 2026

Ақтау қаласында «Отбасы банктің» «Ұмай» бағдарламасы бойынша қарыз алған алғашқы әйел – Ақмарал Молдалиева. 25 жастағы Ақмарал кадр маманы болып жұмыс істейді. Қазіргі таңда жас отбасы тұңғышын күтіп отыр. Сондықтан баспаналы болу нәзік жанды үшін маңызды болды. Ақмарал баласының жайлы, кең әрі қолайлы пәтерде өскенін қалайды.

Ол өз мақсатына жоспарлы түрде жетті. Алдын ала «Отбасы банктен» депозит ашып, тұрақты түрде қаражат жинай бастаған. Сонымен қатар өмір сүруге қолайлы ауданда орналасқан қайталама нарықтағы екі бөлмелі пәтерді алдын ала таңдап жүрген.

– Бүгін жаңа пәтер алу туралы арманым орындалды. «Ұмай» бағдарламасының арқасында баспана сатып алып, енді өмірімнің жаңа кезеңіне дайындала бастаймын. Пәтерді 20,3 млн теңгеге сатып алдым. 3 млн теңге көлеміндегі бастапқы жарнаны сатушыға аударып, сатып алу-сату шартын жасадық. Баспана рәсімдеу процесі өте жылдам өтті. Алдағы уақытта «Ұмай» бағдарламасының көмегімен баспаналы болған әйелдердің саны бұдан да көп болғанын тілеймін, – деді Ақмарал Молдалиева.

Бағдарлама бойынша өтінімдерді қабылдау 2026 жылдың 31 тамызы сағат 9:00-де басталып, сағат 16:00-де аяқталды. Осы уақыт аралығында бағдарламаға қатысушы әйелдерден 855 өтінім қабылданды. Олардың барлығына қарыз алуға алдын ала мақұлдау берілді. Енді қатысушылардың баспана іздеп, кредитті рәсімдеуіне уақыт бар.

«Ұмай» бағдарламасына қатысушылар сұраған қарыздың орташа сомасы 23,4 млн теңгені құрады. Бағдарламаға қатысушылардың ең жасы 18-де, ал ең үлкені – 63 жаста. Қатысушылардың орташа жасы – 39 жас.

«Ұмай» бағдарламасы бойынша алғашқы өтінім 2026 жылғы 31 тамызда Астана қаласының тұрғынынан қабылданды. Оның жасы – 29-да, тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Бағдарлама іске қосылған күні ол «Отбасы банк» бөлімшесіне келіп, 21 млн теңге көлеміндегі қарызға алдын ала мақұлдау алды.

– Мен «Ұмай» бағдарламасының іске қосылуын асыға күттім. Бұл – әйелдер үшін өте жақсы бағдарлама. Мұндағы пайыздық мөлшерлеме нарықтағы көптеген коммерциялық ипотекалық өнімдермен салыстырғанда тиімдірек. Мен үшін депозитте қажетті сома жинақталғаннан кейін тұрғын үй қарызына ауыса алатыным да маңызды. Бұл жағдайда ай сайынғы төлем екі еседен астамға төмендейді.

Қазір менің кредит бойынша ай сайынғы төлемім шамамен 340 мың теңгені құрайды. Баспана іздеуге үш ай уақытым бар. «Ұмай» бағдарламасының қатысушысы болғаныма өте қуаныштымын, – деді қатысушы.

Қазақстандық әйелдерге несие беруге қажетті қаражатты Азия даму банкі ұсынды. Банкке алдын ала 9 млрд теңге көлемінде алғашқы траншты аударды. Қазақстандық әйелдер тарапынан жоғары белсенділік байқалғанын ескере отырып, «Отбасы банкі» Азия даму банкіне екінші траншты мерзімінен бұрын бөлу туралы өтініш білдірді. Өтінімдерді қабылдаудың келесі күні туралы қазақстандықтарға қосымша хабарланады.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Алаяқтық фактісі (күдігі) туралы хабарлау
Сіз алаяқтарға жеке деректеріңізді бердіңіз, шотты бұғаттау қажет
Сіз алаяқтарға ақша аудардыңыз
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек
Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
"Quanysh-AI" чат-боты жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып кеңес береді. Чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз.

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру