Ұлттық даму институты ретінде «Отбасы банк» «жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатындағы 3 189 қазақстандықты баспанамен қамтамасыз етті. 2025 жылы банк пен мемлекеттің қолдауының арқасында 582 адам тұрғын үй мәселесін шешті. Ал 2026 жылы бұл көрсеткіш бес есеге артып, 2 607 қазақстандықты құрады.
Осы кезеңде барлығы 2 274 адам жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз етілсе, 740 азамат жылдық мөлшерлемесі 2% болатын (ЖТСМ 2,0%-дан 2,1%-ға дейін) жеңілдетілген ипотеканың көмегімен жеке баспанасын сатып алды. Ал 175 адамға жалдамалы тұрғын үй ақысының жартысын төлеу түрінде қолдау көрсетілді.
Қолдау түрі
2025 жыл
2026 жыл
қорытынды
Жалдамалы тұрғын үй
206
2,068
2,274
Несиелік тұрғын үй
271
469
740
Жалдамалы тұрғын үй ақысын субсидиялау
105
70
175
Барлығы
582
2 607
3 189
«Отбасы банк» «жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатына жататын азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмысты одан әрі белсенді жалғастыруда. Бұл бағыттағы жұмыстың тиімділігі қолдау шараларының жетілдірілген тетіктері мен енгізілген жаңа өзгерістердің арқасында арта түсуде.
Осы ретте «Отбасы банк» Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, жетім балалардың құқықтарын қосымша қорғауға бағытталған «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға өзгерістер енгізді. Енді бала асырап алу немесе қорғаншылық тоқтатылған жағдайда, балалар тұрғын үй кезегіне алғаш қойылған бастапқы күнін сақтай алады.
Бұл өзгеріс тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйесінде жетім балалардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында енгізілді. Жаңа норма балалардың тұрғын үй кезегіне бастапқы қойылған күнін сақтап қалуына мүмкіндік береді. Соның арқасында тұрғын үйді күту мерзімі айтарлықтай қысқарады.
Аталған өзгерістер 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Жетім балалардың тағы қандай басымдықтары бар?
Заңға сәйкес, «жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға бөлінетін тұрғын үйдің жалпы көлемінің 20 пайызы мөлшерінде квота қарастырылған.
Мысалы, егер өңірде әкімдік жалдамалы тұрғын үй ретінде бөлу үшін 100 пәтер бөлсе, оның 20 пәтері міндетті түрде жетім балаларға беріледі. Мұндай қолдау шарасы ата-ана қамқорлығынсыз қалған азаматтардың тұрғын үй мәселесін тезірек шешуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, тек жетім балалардың тұрғын үйге мұқтаждар есебіне туған сәтінен бастап тұруға құқығы бар. Ал басқа азаматтар тұрғын үйге мұқтаждар есебіне кәмелет жасына толғаннан кейін ғана тұра алады.
Егер бала кәмелет жасына толғанға дейін ата-анасынан айырылса, ол 29 жасқа толғанға дейін кез келген уақытта тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұруға құқылы. Ал мұндай азаматтар әскери қызметке шақырылған жағдайда, есепке тұрудың шекті жасы мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңіне ұзартылады.
Тұрғын үй қалай бөлінеді?
Тұрғын үйді бөлу кезінде кезекке қойылған күн, санаттың басымдығы және табыс деңгейі ескеріледі. Бұл деректерді тексеру және тұрғын үйді бөлу үдерістері адамның араласуынсыз автоматты түрде жүзеге асырылады. Мұны жедел әрі тиімді жүргізуге «Отбасы банктің» 15 мемлекеттік деректер базасымен интеграциялануы мүмкіндік береді.
Тұрғын үй «баспана қолжетімділігінің сатысы» қағидаты бойынша беріледі: табысы төмен отбасылар жалдау ақысының субсидиялануына немесе жалдамалы тұрғын үйге үміткер бола алады, ал табысы қарызды өтеуге жеткілікті азаматтарға жеңілдетілген тұрғын үй қарыздары ұсынылады.
Табысты автоматты түрде тексеру үшін «Отбасы банк» Еңбек ресурстарын дамыту орталығымен бірлесіп, арнайы сервис әзірлеп, іске қосты. Жүйе табыстың барлық көздерін анықтап, оларды талдайды және бір адамға шаққандағы жиынтық табысты есептейді. Бұл ретте анықтамалар жинаудың қажеті жоқ.
Табыс деңгейі күнкөріс деңгейінің шамасына қарай есептеледі. 2026 жылы 1 күнкөріс минимумы (КМ) – 50 851 теңге.
Мысалы, жалдау төлемдерін субсидиялау үшін отбасының әр мүшесіне шаққандағы соңғы 6 айдағы орташа табыс 1 КМ-нен немесе 50 851 теңгеден аспауы тиіс.
Жалдамалы тұрғын үйге үміткер болу үшін табыс мына талаптарға сәйкес келуі қажет:
2% жеңілдетілген мөлшерлемемен тұрғын үй сатып алу үшін отбасының әр мүшесіне шаққандағы соңғы 6 айдағы орташа табыс 5 КМ-нен немесе 254 255 теңгеден аспауы тиіс.
5% жеңілдетілген мөлшерлемемен тұрғын үй сатып алу үшін отбасының әр мүшесіне шаққандағы соңғы 6 айдағы орташа табыс 6 КМ-нен немесе 305 106 теңгеден аспауы тиіс.
Жұмыстың ашықтығы
Жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың тізімдері, сондай-ақ тұрғын үйі бөлінген азаматтардың тізімдері банктің ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланады.
«Отбасы банктің» тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою туралы ресми парақшасы және банктің Telegram-арнасы арқылы азаматтар қажетті ақпаратпен таныса алады.
Осы ресурстарда азаматтар ақпаратты өз бетінше тексеріп, тұрғын үй қолдауын ұсыну үдерісін бақылай алады.
Сондай-ақ бұл ақпаратқа Otbasy Bank мобильді қосымшасы арқылы да қол жеткізуге болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!