Холдинг жаңалықтар
-
«Бәйтерек» холдингінің компаниялары тобы Францияда бірқатар келісімдер жасасты
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға ресми сапары шеңберінде «Бәйтерек» холдингінің компаниялары тобы француз әріптестерімен бірқатар келісімдер жасасты.Әрі қарай оқу
Айталық, «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ және «Veolia Water Solutions & Technologies» француз компаниясы Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысында инфрақұрылымдық жобаны бірлесіп іске асыру туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
-
«Бәйтерек» холдингінің командасы күзгі спартакиадада үстел теннисі бойынша жарыста бірінші орынды иеленді
«Бәйтерек» холдингі компаниялары тобының қызметкерлері арасында өтіп, кеше аяқталған күзгі спартакиада Холдинг командасына үстел теннисі бойынша жарыста бірінші орын және шахматтан сайыста бірінші орын әкелді.Әрі қарай оқу
Шахмат пен үстел теннисінен басқа спартакиада бағдарламасына мини-футбол, жүзу, армрестлинг, 100 метрге жүгіру сияқты спорт түрлері бойынша жарыстар енгізілді. Спорттық іс-шараға «Бәйтерек» холдингінің бүкіл 11 еншілес ұйымдарының қызметкерлері қатысты.
-
«Бәйтерек» холдингі Қазақстандық өндірушілер форумына қатысты
«Бәйтерек» холдингі Басқарма Төрағасының орынбасары Алина Алдамберген Алматы қаласындағы Өндірушілер форумы шеңберінде өткен «Қазақстанда жасалған» көрмесінің қатысушылары алдында құттықтау сөзімен сөйледі.Әрі қарай оқу
Көрмеде түрлі уақытта мемлекеттік қолдауға ие болған, соның ішінде «Бәйтерек» холдингі атынан оның еншілес ұйымдарынан қолдау алған отандық өндірушілер өнімдері мен көрсетілетін қызметтерінің ең озық үлгілері көрсетілуде», - деп атап өтті А. Алдамберген.
-
Бизнесті және тұрғын үйді салуды қолдауға бағытталған меморандумға «Бәйтерек» холдингі мен Астана әкімдігі қол қойды
«Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасының орынбасары Алина Алдамберген және Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев «Astana Invest Forum» VI халықаралық инвестициялық форум шеңберінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Әрі қарай оқу -
«Ұлттық чемпиондар» бағдарламасының қатысушы-компаниялары Қазақстанда бірқатар жаңа өндірістерді құруға ниетті
«Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – ұлттық чемпиондар» бағдарламасына қатысатын орта бизнес компаниялары бағдарламаға қатысу кезеңі ішінде елде бірқатар жаңа өндірістерді құруға ниетті. Бұл туралы Астанада сәрсенбі күні «Бәйтерек» холдингінің Басқарушы Директоры – Басқарма мүшесі Қаныш Тулеушин ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте хабарлады.Әрі қарай оқу -
Қызылордада әйнек шығаратын зауыт өз өнімімен бүкіл Қазақстанды қамтамасыз етеді – Назарбаев
«Индустрияландыру аясында облыста ірі кәсіпорындар іске қосылатын болады, соның ішінде бүкіл Қазақстанды өз өнімімен қамтамасыз ете алатын әйнек зауыты да бар, - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері үшін брифингте.Әрі қарай оқу
Естеріңізге салайық, Қызылорда қаласында әйнек зауытының құрылысы ағымдағы жылғы көктемде басталды. Жоба «Бәйтерек» холдингтің еншілес құрылымдары – «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның қатысуымен, сондай-ақ тартылған америкалық инвестор «StewartEngineers, Inc» компаниясының қатысуымен іске асырылуда.
-
«Бәйтерек» холдингі Директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті
«Бәйтерек» холдингінде ҚР Премьер-Министрі, Директорлар кеңесінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің бысшылығымен Директорлар кеңесінің кезектен тыс күндізгі отырысы өтті. Отырыс барысында Кеңес мүшелері ҚР Үкіметі жүргізіп жатқан мемлекет иелігінен алу жөніндегі жұмысы шеңберінде Холдинг активтерін өткізу қағидаларын қарады.Әрі қарай оқу
Қағидалар Холдинг активтерін өткізудің жалпы тәртібі мен талаптарын белгілейді. Активтерді өткізу рәсімі мынадай кезеңдерден тұрады: активтер тізбесін айқындау, тәуелсіз (соның ішінде халықаралық) консультанттарды тарту, активтерді өткізу талаптарын қарау және бекіту, активтерді өткізу.
-
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «Бәйтерек» холдингінің таза пайдасы 23,6 млрд. теңгеден астамды құрады
2015 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «Бәйтерек» холдингі компаниялары тобының таза шоғырландырылған пайдасы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда екі есеге ұлғайып, 23,6 млрд. теңгеден астамды құрады.Әрі қарай оқу
Шоғырландырылған қысқартылған аралық қаржылық есептіліктің шолуын тәуелсіз аудитор – «КПМГ Аудит» ЖШС растады.
-
«Ұлттық чемпиондар» жобасына қатысушы жеті қазақстандық компания алға шықты
Осы жөнінде басқарушы комитеттің «Бәсекеге қабылетті көшбасшылар – ұлттық чемпиондар» бағдарламасын талдау бойынша бейсенбі күні Астанада өткен отырысының барысында белгілі болды.Әрі қарай оқу
Отырыс Қазақстан Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың, Қазақстан кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасы президиумының төрағасы Тимур Күлібаевтың, Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың, «Бәйтерек» Холдингі басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаевтың қатысуымен өтті.
-
«Бәйтерек» Холдингі және француз компаниялары бірлескен ынтымақтастық мүмкіндігін талқылады
Парижде Қазақтан-Франция елдерінің іскерлік кеңесі өтті, онда болашақтағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Әрі қарай оқу
«Мен Франция компанияларын «Бәйтерек» Холдингімен тығыз ынтымақтастыққа шақырамын. Біздің өзара іс-қимылымыз екі жаққа да тиімді және ортақ мақсаттарымызды іске асыруға көмек болатынына сенімдімін», - деді «Бәйтерек» Холдингінің басқарушы директоры Асқар Достияров іскерлік кеңесі отырысы барысында сөйлеген сөзінде. -
«Бәйтерек» Холдингі «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 275 алматылыққа кезекті жаңа қонысты қамтамасыз етті
«Бәйтерек» Холдингі қазақстандықтарды әлеуметтік жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы шеңберінде Алматы қаласында жалпы көлемі 19 195 шаршы метр 275 пәтерді «Ақкент» тұрғын үй кешенінде пайдалануға беруді қамтамасыз етті.Әрі қарай оқу -
«Бәйтерек» холдингінің компаниялары тобы соңғы 12 жыл ішінде Қазақстан бойынша 72 мыңнан астам жұмыс орнын құрды және қолдады
Осындай мәліметтер «Бәйтерек» холдингі Директорлар кеңесінің күндізгі отырысының барысында жарияланды. Холдингтің Директорлар кеңесі мүшелері отырыс барысында 2014 жылғы 1 маусым - 2015 жылғы 31 шілде аралығындағы кезең ішіндегі Холдингтің инвестициялық саясаты талаптарын орындау туралы есеп тыңдады.Әрі қарай оқу