«Ұлттық чемпиондар» бағдарламасының қатысушы-компаниялары Қазақстанда бірқатар жаңа өндірістерді құруға ниетті | «Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – ұлттық чемпиондар» бағдарламасына қатысатын орта бизнес компаниялары бағдарламаға қатысу кезеңі ішінде елде бірқатар жаңа өндірістерді құруға ниетті. Бұл туралы Астанада сәрсенбі күні «Бәйтерек» холдингінің Басқарушы Директоры – Басқарма мүшесі Қаныш Тулеушин ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте хабарлады. 
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Ұлттық чемпиондар» бағдарламасының қатысушы-компаниялары Қазақстанда бірқатар жаңа өндірістерді құруға ниетті

«Ұлттық чемпиондар» бағдарламасының қатысушы-компаниялары Қазақстанда бірқатар жаңа өндірістерді құруға ниетті

28 қазан 2015

«Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – ұлттық чемпиондар» бағдарламасына қатысатын орта бизнес компаниялары бағдарламаға қатысу кезеңі ішінде елде бірқатар жаңа өндірістерді құруға ниетті. Бұл туралы Астанада сәрсенбі күні «Бәйтерек» холдингінің Басқарушы Директоры – Басқарма мүшесі Қаныш Тулеушин ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте хабарлады. 

Атап айтқанда, 3-5 жыл ішінде бағдарламаның қатысушылары Қазақстанда бұрғылау қондырғылары өндірісін, қуат траснформаторлары өндірісін іске қосуды, автомобиль аккумуляторларының жаңа брендін әзірлеуді, үлкен автобустар өндірісін іске қосуды, балалар тағамын өндіру бойынша жаңа зауыт, май дақылдарын өндіру бойынша зауыт, құс етін өндіру бойынша жаңа зауыт, гипсокартон және құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауыт салуды, газбетондық блоктар мен мәрмәр өндірісін іске қосуды жоспарлар отыр. 

«Ұлттық чемпиондар» бағдарламасы 2015 жылғы көктемде басталғаны белгілі. Бүгінгі күні шамамен 30 компанияны іріктеу және оларды диагностикалау кезеңі аяқталды. Қазіргі уақытта қатысушы компаниялар үшін әзірленген даму бастамаларын енгізу кезеңі іске асырылуда. Таңдап алынған кәсіпорындарды қаржылық, институционалдық және консультациялық қолдау жүзеге асырылып жатыр.   

 «Қазіргі уақытта «Бәйтерек» холдингі 16 млрд. теңге сомасына сегіз компания үшін қаржылық қолдауды мақұлдады», - деп өтті Қ. Тулеушин.

«Орта бизнестегі көшбасшы-компанияларды қолдау үшін «Ұлттық чемпиондар» сияқты бағдарламаны іске қосу бойынша ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасының арқасында көптеген компаниялар мемлекет тарапынан елеулі қолдау алды. Атап айтқанда, біз бағдарлама шеңберінде Шымкент қаласында кернеу сыныбы 220 және 500 кВ болатын қуат трансформаторларын өндіру бойынша Қазақстанда алғашқы зауыт салуды жоспарлап отырмыз», - деп мәлімдеді «Alageum Electric» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов.

Естеріңізге сала кетейін, «Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – ұлттық чемпиондар» бағдарламасына қатысу үшін «Бәйтерек» холдингі «McKinsey&Company» халықаралық консалтингтік компанияның қызметкерлерімен бірігіп, 300 қазақстандық компания ішінен жобаға әрі қарай қатыстыру үшін шамамен 30 компанияны таңдап алды. Бағдарлама мақсаты өңірлік және әлемдік деңгейдегі компанияларды қалыптастыру жолымен шикізат секторының бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өндірістерді құру болып табылады. Осы бағдарлама Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасын іске асыру шеңберінде әзірленді. Бағдарлама тұжырымдамасы АҚШ, Франция, Германия, Сингапур, Малай елі, Жаңа Зеландия сияқты елдерде қолданыстағы қолдау бағдарламаларының тәжірибесі ескеріліп әзірленді.  

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру