«Бәйтерек» холдингінің командасы күзгі спартакиадада үстел теннисі бойынша жарыста бірінші орынды иеленді | «Бәйтерек» холдингі компаниялары тобының қызметкерлері арасында өтіп, кеше аяқталған күзгі спартакиада Холдинг командасына үстел теннисі бойынша жарыста бірінші орын және шахматтан сайыста бірінші орын әкелді. Шахмат пен үстел теннисінен басқа спартакиада бағдарламасына мини-футбол, жүзу, армрестлинг, 100 метрге жүгіру сияқты спорт түрлері бойынша жарыстар енгізілді. Спорттық іс-шараға «Бәйтерек» холдингінің бүкіл 11 еншілес ұйымдарының қызметкерлері қатысты. 
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Бәйтерек» холдингінің командасы күзгі спартакиадада үстел теннисі бойынша жарыста бірінші орынды иеленді

«Бәйтерек» холдингінің командасы күзгі спартакиадада үстел теннисі бойынша жарыста бірінші орынды иеленді

2 қараша 2015

«Бәйтерек» холдингі компаниялары тобының қызметкерлері арасында өтіп, кеше аяқталған күзгі спартакиада Холдинг командасына үстел теннисі бойынша жарыста бірінші орын және шахматтан сайыста бірінші орын әкелді.

Шахмат пен үстел теннисінен басқа спартакиада бағдарламасына мини-футбол, жүзу, армрестлинг, 100 метрге жүгіру сияқты спорт түрлері бойынша жарыстар енгізілді. Спорттық іс-шараға «Бәйтерек» холдингінің бүкіл 11 еншілес ұйымдарының қызметкерлері қатысты.   

Спартакиаданың салтанатты ашылуына грек-рим стилінің қазақстандық палуаны, Азияның екі дүркін чемпионы, әлемнің екі дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының чемпионы Юрий Мельниченко қатысты. Ол «Бәйтерек» холдингі компаниялары тобының барлық қызметкерлерін осы спорттық оқиғамен құттықтай отырып, командаларға сәттілік тіледі.  

«Бүгінгі шараға қатысу мен үшін үлкен құрмет. Бұл «Бәйтерек» холдингі үшін айрықша оқиға болып табылады. «Астана» президенттік клубы және спорт жұртшылығы атынан баршаңызды құттықтаймын. Іс-шараларыңыздың форматы сіздің салауатты өмір салтын ұстанатыныңызды көрсетеді», - деп атап өтті Ю. Мельниченко.

Армрестлинг бойынша жарыста бірінші орынды «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, екінші орынды – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, үшінші орынды – «Бәйтерек девелопмент» АҚ командасы жеңіп алды.    

Жүзуден бірінші орынды «Даму» қорының қызметкерлері алды, екінші орынды – Қазақстан Даму банкінің командасы, үшінші орынды – «Бәйтерек девелопмент» компаниясының командасы иеленді.  

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ қызметкерлері 100 метрге жүгіру сайысында бірінші орын, екінші орынды – «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйымы» АҚ командасы, үшінші орынды – «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ алды. 

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ командасы мини-футболдан өткен жарыста бірінші орынға ие болды, екінші орынды Қазақстан Даму банкінің, үшінші орынды – «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ қызметкерлері иеленді. 

Бұған дейін де аталып өткендей, «Бәйтерек» холдингінің командасы үстел теннисі ойындарынан бірінші орын алды, екінші орынды «Даму» қорының командасы алса, үшінші орын Қазақстанның инвестициялық қоры командасына тиесілі болды.   

Естеріңізге сала кетейік, шахматтан өткен сайыста бірінші орынды «Бәйтерек» холдингінің командасы ұтып алды, екінші орынды – Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, үшінші орынды – Қазақстанның Даму банкі алды.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру