«Бәйтерек» холдингінің компаниялары тобы соңғы 12 жыл ішінде Қазақстан бойынша 72 мыңнан астам жұмыс орнын құрды және қолдады

«Бәйтерек» холдингінің компаниялары тобы соңғы 12 жыл ішінде Қазақстан бойынша 72 мыңнан астам жұмыс орнын құрды және қолдады

14 сентября 2015

Осындай мәліметтер «Бәйтерек» холдингі Директорлар кеңесінің күндізгі отырысының барысында жарияланды. Холдингтің Директорлар кеңесі мүшелері отырыс барысында 2014 жылғы 1 маусым - 2015 жылғы 31 шілде аралығындағы кезең ішіндегі Холдингтің инвестициялық саясаты талаптарын орындау туралы есеп тыңдады.

Айталық,  Холдингтің компаниялары тобы есептік кезең ішінде қарыздың жалпы сомасы 491,7 млрд. теңгеге өндірістік секторда жоғары деңгейде қайта құрастырылған 12 жоба бойынша қаржыландыру бастады және жалғастырды.

Бұдан басқа, шикізат емес секторға 466 млрд. теңге инвестицияланды. Есептік кезең ішінде шикізат емес секторды ұзақ мерзімді қаржыландыруда Холдингтің үлесі – 68%.  

Шағын және орта бизнесті қолдауға Ұлттық қордан бөлінген 200 млрд. теңге ішінен 172,8 млрд. теңге сомасына (119,1 млрд. теңге – жаңа жобаларды қаржыландыруға, 32,5 млрд. теңге - қарыздарды қайта қаржыландыруға, 21,2 млрд. теңге – айналым қаражатын толықтыруға) 925 жоба қаржыландырылды.

Кредиттердің 181,5 млрд. теңге сомасына 1 694 жоба субсидияланды, 14,4 млрд. теңге сомасына кредиттер бойынша 390 кепілдік беру шартына қол қойылды.

Холдингтің еншілес ұйымдары қаржыландырған кәсіпорындарда есептік кезең ішінде 45 437 тұрақты жұмыс орны сақталып қалды және 27 827 (барлығы 72 179) құрылды.

Тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын шешуге жәрдемдесу шеңберінде тұрғын үй қолжетімділігін арттыру үшін есептік кезең ішінде Холдингтің еншілес ұйымы «Қазақстанның тұрғын ұй құрылыс жинақ банкі» бағыты бойынша жалпы ауданы 449 мың шаршы метр, 7171 пәтерлік  81 тұрғын үйді салу мен өткізуге ынтымақтастық туралы 57 келісім жасалды. Сатып алынған 6191 пәтер үшін жергілікті атқарушы органдарға 43,7 млрд. теңге аударылды.

Қазақстандық ипотекалық компания бағыты бойынша 95,5 млрд. теңге сомасына ауданы 610,2 мың шаршы метрлік (10 684 пәтер) 58 нысан бойынша шарттарға қол қойылды. 2015 жылы Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Семей, Қызылорда, Талдықорган, Павлодар, Өскемен, Ақтау қалаларында 61,6 млрд. теңге сомасына 392,8 мың шаршы метрлік (6 686 пәтер) 46 нысан пайдалануға беріледі.  

Экономиканың басым салаларына кредит беру мөлшерлемесін арзандату мақсатында Холдинг мынадай қолдау бағдарламаларын енгізді: 

•      Ірі кәсіпкерлік субъектілерін банкаралық кредиттеу бағдарламасы

•      ШОБ субъектілерін банкаралық кредиттеу бағдарламасы

•      Экспорттаушылар мен автоөндірушілерді қолдау бағдарламасы

•      2015 – 2019 жылдарға арналған ИИДМБ шеңберінде жобаларды қаржыландыру

Сонымен бірге, аталған кезең ішінде «Бәйтерек» холдингінің компаниялары тобы экономиканың басым секторларына шетелдік инвестицияларды тартты. Осылайша, есептік кезеңде тартылған шетелдік инвестициялардың көлемі 1,86 млрд.долларды құрайды.

Есептік кезең ішінде еншілес ұйымдардың жобаларды іске асыруы нәтижесінде бюджетке салық түсімдерінің көлемі 56,433 млрд. теңгені құрады.  

Сондай-ақ, Директорлар кеңесі корпоративтік хатшы орынбасары – корпоративтік хатшы қызметінің басшысын Холдингтің Омбудсмені функцияларын орындауға өкіл етті. Омбудсмен өз қызметі аясында Холдингтегі іскерлік этика қағидаттарын түсіндіреді, құпия негізде осы қағидаттарды бұзу туралы мәліметтерді қабылдайды және қарайды.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру