Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Өскемен қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін өтініш беру арқылы дауыс беру басталғаны туралы

Өскемен қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін өтініш беру арқылы дауыс беру басталғаны туралы

4 мая 2019
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай - Банк) «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін өтініш беру арқылы дауыс беру басталғаны туралы хабарлайды.
Нысан: "ШҚО, Өскемен қаласының 19-шы тұрғын ауданындағы инженерлік желілері бар көпқабатты тұрғын үйлер кешені, 61/1А ұстаным тұрғын үй».
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 31.08.2019ж.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы : «таза» әрлеуде 140 000 теңге.
Жайлылық класы: 4
Пәтер саны: 72
1-бөлмелі пәтер, 1 түрі: 18, максималды көлемі – 38,02 ш.м.
2-бөлмелі пәтер, 2 түрі: 36, максималды көлемі – 59,36 ш.м.
3-бөлмелі пәтер, 3 түрі: 18, максималды көлемі – 80,09 ш.м.

Жобаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: 2019 жылғы 01 шілдеден бастап 30 шілдеге қоса алғандағы мерзімге дейін.

Балл есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу), Нысан келісілген жағдайда: 31 шілде 2019 жыл.

Өтінішті Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсы беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатыса отырып, Банк салымшылары Нысанға және оның одан әрі өткізілуіне дауыс береді.
Нысанның кемінде 50%-ы ЖАО-да кезекте тұрған азаматтар арасында бөлінеді.
Бағдарламаға қатысуға өтініш берген немесе төлемқабілеттілігін растамаған ЖАО-да кезекте тұрған азаматтардың саны жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй бағдарламаға өтініш берген басқа да Банк салымшылары арасында бөлінеді.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, пәтерлерді бөлу тәртібімен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде және/немесе Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, 300 нөмірі бойынша Банктің Колл-орталығына хабарласуға болады (ұялы телефоннан тегін)
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру