Құрметті клиенттер, ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысына сәйкес Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасының (оның ішінде «Шаңырақ» пилоттық жобасы) күші жойылғанын хабарлаймыз.
Осы Бағдарлама бойынша келісімдер шеңберінде жасалған қалған объектілер «Нұрлы Жер» бағдарламасының талаптары бойынша сатылатын болады.
Жаңа объектілер бойынша келісімдер «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы» шеңберінде жасалады.
Өтініштерді пулға қабылдау кезінде кандидаттардың тізімін қалыптастыру Балдарды есептеу кезінде жинаған балдар санының «ең жоғарғы мәнінен ең төменгі мәніне" қағидаты бойынша үміткерлердің тізімі қалыптастырылады. Балдарды есептеу өтініштерді қабылдау аяқталған күннен кейінгі келесі жұмыс күні өтініштерді қабылдаудың соңғы күніндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады. Тұрғын үй типі бойынша пәтерлер санына тең мөлшердегі үміткерлер кандидаттарға айналады. Үміткерлердегі балдардың саны тең болған кезде ең ерте күнмен ТҚЖ туралы шарт жасасқан үміткерлерге басымдық беріледі. Тікелей сату кезінде кандидаттар тізімін саралау «Баспана» порталы өтініш берген сәтте тікелей сатуға қатысатын салымға есептелген сыйақы сомасына қарай (жинақ шотындағы есептелген сыйақы сомасы неғұрлым жоғары болса, объектідегі осы пәтерді таңдауға басымдық соғұрлым жоғары болады) кандидаттардың тізімін автоматты түрде саралайды. Бұл ретте, егер брондау кезінде ТҚЖ туралы бірнеше шарт мәлімделсе, 3 (үш) жылға дейінгі мемлекет сыйлықақысын қоспағанда, жүйе жинақ шотындағы және сыйақы шотындағы сыйақының жалпы сомасын жинақтайды. Тізім бойынша келесі кандидаттар, бірінші кандидаттан кейін, егер бірінші кандидат өтініштің күшін жойса немесе біліктіліктен өтпесе, брондалған пәтерге құқығын сақтайды. Тізім бойынша келесі кандидатқа Банктің интернет-ресурсындағы жеке кабинетінде біліктілікке шақыру туралы хабарлама автоматты түрде жіберіледі. Кандидаттың біліктілігін растау мерзімі өтініштерді тікелей сатуға қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құрайды. Тізім бойынша келесі кандидатқа біліктілікті растаудың осындай мерзімі белгіленген.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!