Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші

Сұрақтарға берілетін жауаптар "Отбасы банк" АҚ

Кредиттер
Сіздердің Банкте заемды рәсімдеген неге тиімді?
Сіздердің Банкте заемды рәсімдеген неге тиімді?
Жаңартылған уақыты: 20.11.2024 13:19:02

Банк қарыздарының артықшылықтары:

- Тұрғын үй заемы бойынша ең төмен мөлшерлемелер - жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейін;

- Қарыз алушылар үшін салықтық жеңілдіктер;

- Нарықта өзіңіз таңдаған тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі;

- "Нұрлы жер", "Өз үйім", "Бақытты отбасы", «Шаңырақ» (5-10-20), "Алматы жастары", "Әскери" және т. б. бағдарламаларға қатысу;

- Банкке серіктес құрылыс комипанияларынан тұрғын үйді төмен бағада сатып алу;

- Жинақтауға байланысты несиелеудің әртүрлі түрі;

- Аралық және алдын ала заем бойынша депозитке сыйақы, мемлекет сыйлықақысын есептеу.

100% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Кредиттік өтінімді беру үшін міндетті түрде 50% болу керек пе?
Кредиттік өтінімді беру үшін міндетті түрде 50% болу керек пе?
Жаңартылған уақыты: 20.11.2024 13:41:53
Нарықта тұрғын үй сатып алу үшін тұрғын үй құнының 50%, яғни жартысын жинау міндетті.

Егер Сіз тұрғын үй бағдарламаларына қатысатын болсаңыз алғашқы жарна мөлшері 10%-дан басталады. Толығырақ осы жерде таныса аласыз.
75% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Табысты растамай несиені рәсімдеуге бола ма?
Табысты растамай несиені рәсімдеуге бола ма?
Жаңартылған уақыты: 21.11.2024 11:02:03
Заемды ресімдеу үшін төлем қабілеттілігін растау міндетті. 

Төлем қабілеттілігін растау үшін соңғы 6 айдан кем емес кезең, мұғалімдер үшін - соңғы 6-12 айдан кем емес кезең, жеке кәсіпкерлер үшін - 12 айдан кем емес кезең үшін табысты растау талап етіледі.

Тұрғын үй заемын ресімдеу кезінде заемшының төлем қабілеттілігі жинақ туралы келісімшарттың барлық талаптарын орындаған кезде жеткілікті болып есептеледі.
83% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
50% орнына кепілдікті қоюға бола ма?
50% орнына кепілдікті қоюға бола ма?
Жаңартылған уақыты: 18.11.2024 13:23:38
Жоқ, нарықта тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында заемды алу үшін қажетті соманың 50%-ы (жартысы) болғаны міндетті.
58% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Мен қажетті соманың 50%-нен (жартысынан) аз қаражат жинадым, мен несиені рәсімдей аламын ба?
Мен қажетті соманың 50%-нен (жартысынан) аз қаражат жинадым, мен несиені рәсімдей аламын ба?
Жаңартылған уақыты: 18.11.2024 13:23:49
Жоқ, тұрғын үй және аралық тұрғын үй заемы үшін Кредиттік өтінімді беру үшін шарттық сомадан 50% кем емес жинақтар қажет. Аралық заемды ресімдеу үшін, бағалау көрсеткішінің ең төменгі мөлшері 5 болуы керектігін ескерген жөн.

Бақытты отбасы, Нұрлы жер, Өз үйім, Әскери өнім, Алматы жастары, Шаңырақ (5-10-20) бағдарламаларына қатысу үшін жинақ мөлшері кемінде 10-20%-дан басталады.


100% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Кредиттік өтінімді беру үшін қандай құжаттар қажет?
Кредиттік өтінімді беру үшін қандай құжаттар қажет?
Жаңартылған уақыты: 06.11.2024 17:16:34
Кредиттік өтінімді беру үшін қажетті құжаттар тізімін hcsbk.kz Банктің сайтында «Құжаттар» бөлімінде алуға болады.

Алдын ала квалификациядан өту кезінде тек қана жеке куәлік, неке қию туралы куәлік пен баланың туу туралы куәлігі қажет (бар болса). Алдын ала квалификацияны Банк бөлімшелерінде, сондай-ақ кеңесшілерде өтуге болады. Кеңесшілер тізімін мына жерден алуға болады.
100% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.
Кредиттік өтінім неше күн қарастырылады?
Кредиттік өтінім неше күн қарастырылады?
Жаңартылған уақыты: 14.11.2024 16:12:18
Кредиттік өтінімді қарастыру мерзімі 3 жұмыс күнді (қарастырудың ең көп мерзімі 15 күнтізбелік күннен көп емес) құрайды.

Алдын ала квалификация кезінде шешім 5 минут ішінде шығарылады. Алдын ала квалификацияны Банк бөлімшелерінде, сондай-ақ кеңесшілерде өтуге болады. Кеңесшілер тізімін мына жерден алуға болады.
100% жауапты пайдалы деп тапты
Жауаптарымыз Сізге пайдалы болды ма?
Рахмет, сіздің дауысыңыз ескеріледі.

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру