Компанияның атауы: «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк)
Тәуелсіз директорларға қойылатын талаптар жалпы талаптар
1.1.1. Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңына сәйкес тәуелсіз директордың анықтамасына сәйкес келуі тиіс.
1.1.2. Банк қызметінің көлемі мен сипаты жағынан ұқсас ұйымға тән негізгі мәселелер туралы жалпы ақпаратты меңгеру, ұсыну алдындағы 2 (екі) жылдан кем емес ұқсас салада/секторда халықаралық тәжірибеге және кәсіби тәжірибеге ие болу, сондай-ақ Банк қызметінің көлемі мен сипаты жағынан ұқсас негізгі мәселелер туралы түсінігін көрсету:
2.3.3. Басшылық лауазымдарда/ жоғары және орта басқару буынының персоналымен жұмыс саласында кемінде 5 жыл тәжірибесі болуы тиіс.
2.4. Инвестицияларды басқару саласындағы тәуелсіз директор-мамандар лауазымына үміткерлер үшін арнайы талаптар.
Сертификаттардың болуына қойылатын талаптар:
Қаржы / аудит / стратегиялық менеджмент саласында кәсіби халықаралық сертификаттардың болуы құпталады.
3. Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:
3.1. Мотивация;3.2. Банк қызметі шеңберіндегі кәсіби құзыреттілік;3.3. Түйінді құзыреттер: әдептілік, командада жұмыс істеу, жауапкершілік, стратегиялық пайымдау, белсенді қатысу.
Жұмыс шарттары:
Жалдау нысаны: шарт
Тәуелсіз директор лауазымына конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттар келесі құжаттарды [email protected] email-ға жолдайды:
1) қоса беріліп отырған үлгіге сәйкес конкурстық іріктеуге қатысуға кандидаттың өтініші;2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;3) қоса беріліп отырған нысанға сәйкес кандидат туралы мәліметтер >>.
Директорлар кеңесінің құрамына кандидаттарды іріктеу кезінде мыналар назарға алынады:
1) басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі;2) Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі жұмыс тәжірибесі;3) жұмыс өтілі;4) білімі, мамандығы, халықаралық сертификаттарының болуын қоса алғанда;5) бағыттар мен салалар бойынша кемінде 2 жыл құзыретінің/басшылық тәжірибесінің болуы (салалар активтер портфеліне қарай өзгеруі мүмкін);6) іскерлік бедел;7) тікелей немесе ықтимал мүдделер қақтығысының болуы;8) директордың «Сертификатталған директор» кәсіби сертификаттауының болуы (тәуелсіз директорлар үшін).
Директорлар кеңесіне мынадай адам сайлана алмайды:
1) Банкпен бәсекелесетін атқарушы органның қатысушысы, басшысы, басқару органының мүшесі немесе заңды тұлғаның қызметкері болып табылатын тұлға;2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;4) бұрын банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде басқа заңды тұлғаның Директорлар кеңесінің төрағасы, Атқарушы органның бірінші басшысы, бірінші басшының орынбасары, бас бухгалтері болған адам. Көрсетілген талап белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 24 қаңтарға дейін.
Нысанды толтырып, түйіндемеңізді тіркеңіз. Видеода қазақ және орыс тілдерінде өз әуестігіңіз/хоббиіңіз, дағдыларыңыз және жаңа жұмыстағы үміттеріңіз туралы айтып берсеңіз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!