«Наурыз» бағдарламасы аясында екі күн ішінде Отбасы банк 11,3 млрд теңгеге 409 несие берді | Бүгін сағат 18:30-дағы мәлімет бойынша, «Наурыз» бағдарламасының 274 қатысушысы 7,6 млрд теңге көлемінде несие алды. Ал 22 мамыр, жұма күні, 135 салымшыға 3,7 млрд теңге сомасында қарыз берілген болатын.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Наурыз» бағдарламасы аясында екі күн ішінде Отбасы банк 11,3 млрд теңгеге 409 несие берді

«Наурыз» бағдарламасы аясында екі күн ішінде Отбасы банк 11,3 млрд теңгеге 409 несие берді

25 мамыр 2026

Бүгін сағат 18:30-дағы мәлімет бойынша, «Наурыз» бағдарламасының 274 қатысушысы 7,6 млрд теңге көлемінде несие алды. Ал 22 мамыр, жұма күні, 135 салымшыға 3,7 млрд теңге сомасында қарыз берілген болатын. «Наурыз» бағдарламасына қатысушыларға қолжетімді несиелерді тұрақты түрде беру мақсатында «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы — Отбасы банк KASE алаңында 100 млрд теңге тартты.

Осыған дейін биржада әлеуметтік облигациялардың екі шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткен болатын.

Бір облигацияның номиналдық құны — 1000 теңге. Сауда қорытындысы бойынша қаражат тарту мөлшерлемесі жылдық 17,5% деңгейінде белгіленді. Облигациялардың айналым мерзімі — 5 жыл. Купондық төлемдер жылына екі рет төленеді.

Сауда-саттыққа екінші деңгейлі банктер, сақтандыру компаниялары, институционалдық инвесторлар мен жеке тұлғалар қатысты. Осылайша қарапайым қазақстандықтар өз қаражатын сақтап қана қоймай, оны көбейтуге мүмкіндік алып, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету секілді маңызды әлеуметтік міндеттің шешілуіне де үлес қосты. – Бұл биыл банк «Наурыз» бағдарламасын қаржыландыру үшін тартқан екінші транш. Ол бағдарлама қатысушыларына қолжетімді қарыздардың тұрақты берілуін қамтамасыз етті. Жас отбасылар үшін бұл – алғаш рет тиімді шарттармен жеке баспана алуға берілген тамаша мүмкіндік. Осындай бағдарламаны қазақстандық инвесторлардың Отбасы банктің облигацияларын сатып алу арқылы қаржыландырып отырғаны бізді қуантады, – деді басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова. Бүгінде Отбасы банк 35,7 млрд теңге көлемінде несие берді. Нәтижесінде 1 308 адам қоныс тойын атап өтті. Оның ішінде 300-ге жуық бағдарлама қатысушысы 7% төмендетілген мөлшерлемемен қарыз алды. Олар — көпбалалы отбасылар, I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтар, «жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрғандар, сондай-ақ жесірлер мен толық емес отбасылар.

Қазіргі таңда тағы 8 217 өтінім қаралу үстінде. Яғни «Наурыз» бағдарламасына қатысушылардың бір бөлігі қазір заем рәсімдеу кезеңінде болса, енді бірі баспана іздеп жүр. Ол үшін оларға ыңғайлы мерзім қарастырылған — тұрғын үй таңдауға 6 ай уақыт беріледі.

Пәтерді таза әрлеуде сатып алу үшін бастапқы жарна 10%-дан басталады. Ал бастапқы немесе қайталама нарықтағы тұрғын үйді сатып алу үшін кемінде 20% бастапқы жарна қажет. Тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін несие мөлшерлемесі 7% (ЖТСМ 7,3%-дан 8,9%-ға дейін) болса, қалған санаттағы азаматтар үшін 9% (ЖТСМ 9,3%-дан 11,8%-ға дейін) деңгейінде белгіленген.

Несие мерзімі — 19 жылға дейін.

«Наурыз» бағдарламасы аясында:

  • бастапқы тұрғын үйді, оның ішінде ТҚК кепілдігі және сақтандыру құралы бар үлестік қатысу шарты бойынша тұрғын үйді;
  • моноқалалар мен ауылдық елді мекендердегі қайталама тұрғын үйді сатып алуға болады. Алайда оған жыл сайын бөлінетін қаражаттың 30%-ынан артық бағытталмайды.

Несиенің ең жоғары сомасы:

  • Алматы және Астана қалалары үшін — 36 млн теңгеге дейін;
  • өзге өңірлер үшін — 30 млн теңгеге дейін.

Бағдарламаға қатысушылар бастапқы тұрғын үйді Baspana Market порталында таңдап, брондап және сатып ала алады. Бұл мүмкіндік тұрғын үй бағдарламасы басталған кезде баспана бағасының жасанды өсуіне жол бермеу мақсатында енгізілген.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Алаяқтық фактісі (күдігі) туралы хабарлау
Сіз алаяқтарға жеке деректеріңізді бердіңіз, шотты бұғаттау қажет
Сіз алаяқтарға ақша аудардыңыз
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек
Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
"Quanysh-AI" чат-боты жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып кеңес береді. Чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз.

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру