«Отбасы банк» АҚ-ның алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын беруді ұйымдастырғаны үшін комиссияның шекті мөлшерін өзгерту туралы түсіндірмесі | 2026 жылғы 31 қазаннан бастап Отбасы банкте алдын ала және аралық заемдарды беруді ұйымдастырғаны үшін комиссияның шекті мөлшерін есептеу принципі өзгереді.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Отбасы банк» АҚ-ның алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын беруді ұйымдастырғаны үшін комиссияның шекті мөлшерін өзгерту туралы түсіндірмесі

«Отбасы банк» АҚ-ның алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын беруді ұйымдастырғаны үшін комиссияның шекті мөлшерін өзгерту туралы түсіндірмесі

21 қазан 2026

2026 жылғы 31 қазаннан бастап Отбасы банкте алдын ала және аралық заемдарды беруді ұйымдастырғаны үшін комиссияның шекті мөлшерін есептеу принципі өзгереді.

Банк өкілдері комиссия мөлшерінің өзі өзгермегенін және бұрынғысынша заем сомасының 1%-ын құрайтынын атап өтті. Тек ірі сомадағы заемдар үшін комиссияның шекті мәндері ғана өзгереді.

Не өзгереді?

Бұған дейін комиссия заем сомасының 1%-ын құрайтын, бірақ заем өлшеміне қарамастан 300 000 теңгеден аспайтын еді.

2026 жылғы 31 қазаннан бастап келесідей шекті мәндер қолданылады:

  • Егер заем 50 млн теңгеге дейінгі (қоса алғанда) сомаға берілсе, онда комиссия заем сомасының 1%-ын құрайды, бірақ 300 000 теңгеден аспайды.
  • Егер заем 50 млн теңгеден 100 млн теңгеге дейінгі (қоса алғанда) сомаға берілсе, онда комиссия заем сомасының 1%-ын құрайды, бірақ 500 000 теңгеден аспайды.
  • Егер заем 100 млн теңгеден жоғары сомаға берілсе, онда комиссия заем сомасының 1%-ын құрайды, бірақ 1 000 000 теңгеден аспайды.

Банк статистикасы бойынша, клиенттердің 92%-ы 50 млн теңгеге дейінгі сомаға заем алады. Олар үшін комиссия мөлшері өзгермейді. Комиссия бойынша шекті мәндер тек ірі сомадағы заемдарға ғана қатысты.

Жаңа шарттар банк 2026 жылғы 31 қазаннан бастап қабылдаған несиелік өтінімдерге қолданылады. Көрсетілген күнге дейін қабылданған өтінімдер бұрынғы шарттармен қарастырылады. Сондай-ақ өзгерістер бұған дейін беріліп қойған заемдарға таралмайды.

Неліктен мұндай шешім қабылданды?

Бұл өзгеріс берілетін заем сомасын ескере отырып, комиссияның шекті мөлшерін анықтауда неғұрлым әділ тәсілді қолдануға бағытталған.

Бұрынғы тәртіп бойынша ең жоғары комиссия заем көлеміне қарамастан 300 000 теңгені құрайтын. Енді ірі заемдар үшін неғұрлым жоғары шекті мәндер қарастырылған, бұл ретте комиссияның базалық мөлшерлемесі өзгеріссіз — 1% болып қалады.

Бұл өзгерістердің барлық қарыз алушыларға қатысы жоқ екенін баса айту маңызды. 50 млн теңгеге дейінгі сомаға заем рәсімдейтін салымшылардың басым көпшілігі үшін шарттар бұрынғыша қалады.

Комиссияны есептеу мысалдары:

Заем сомасы 20 млн теңге

  • 31 қазаннан бастап комиссияны есептеу: 20 000 000 × 1% = 200 000 теңге.
  • Бұған дейін де комиссия 200 000 теңгені құрайтын еді.

Заем сомасы 70 млн теңге

  • Есептелуі: 70 000 000 × 1% = 700 000 теңге.
  • Бұған дейін комиссия мөлшері: 300 000 теңге болатын еді.
  • 31 қазаннан бастап: 500 000 теңге.

Комиссия заем берілген кезде бір рет қана алынады. Бұл ретте мемлекеттік бағдарламалар аясында берілетін заемдар бойынша бұл комиссия алынбайды.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Алаяқтық фактісі (күдігі) туралы хабарлау
Сіз алаяқтарға жеке деректеріңізді бердіңіз, шотты бұғаттау қажет
Сіз алаяқтарға ақша аудардыңыз
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек
Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
"Quanysh-AI" чат-боты жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып кеңес береді. Чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз.

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру