Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Астана қаласындағы ғимаратты жекеменшік компания «Гимнастика мектебі» ЖШС пайдалану мәселесі бойынша «Отбасы банк» АҚ-ның ұстанымы

Астана қаласындағы ғимаратты жекеменшік компания «Гимнастика мектебі» ЖШС пайдалану мәселесі бойынша «Отбасы банк» АҚ-ның ұстанымы

9 ақпан 2026

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тапсырмаларын орындау аясында, мүдделі мемлекеттік органдар мен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның қатысуымен «Отбасы банк» АҚ Алматы қаласынан Астана қаласына көшу және тиісті әкімшілік ғимарат сатып алу туралы шешімді іске асырды.

2025 жылдың 18 шілдесінде «Отбасы банк» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметі құрған, жалғыз қатысушысы Үкімет болып табылатын «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-нен бұрынғы «Думан» қонақ үйінің ғимаратын барлық ішкі жайларымен және оған тиесілі аумағымен бірге заңды негізде сатып алды. Ғимаратқа меншік құқығы заңнама талаптарына сәйкес ресімделді.

Меншік құқығы Банктің иелігіне өткеннен кейін, ғимараттағы барлық пайдаланушыларға меншік иесінің өзгергені және ғимарат Банктің өз қажеттілігі үшін пайдаланылатындығы туралы, сондай-ақ босату қажеттілігі жөнінде хабарланды.

Қазақстан Республикасы заңнамасына және Банктің құқықтық мәртебесіне сәйкес, «Отбасы банк» АҚ өзіне тиесілі мүлікті жалға беру арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы емес. Ғимаратты тек Банктің бөлімшелерін орналастыру үшін пайдалану – Банктің өзіне жүктелген мемлекеттік міндеттерді орындауының қажетті шарты.

«Отбасы банк» АҚ – екінші деңгейлі банк және тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын ұлттық даму институты. Банкте 1 500-ден астам қызметкер жұмыс істейді, ал клиенттер саны республика бойынша 3,5 млн азаматты құрайды. Астана қаласының өзінде Банктің қызметін 466 мыңнан астам клиент пайдаланады. Қолда бар инфрақұрылым елорданың қазіргі және болашақтағы сұранысын толық қамтамасыз ете алмайды.

Осыған байланысты Қорғалжын даңғылы, 2а мекенжайында орналасқан Банктің ғимаратында халыққа қызмет көрсететін орталық ашу жоспарланған. Астана қаласында қосымша ғимараттарды жалға алу Банктен едәуір қаржылық шығындарды талап етер еді. Сондықтан бұрын жалға берілген, бірақ Банктің меншігіндегі үй-жайларды Банктің бөлімшелерін орналастыру үшін пайдалану – ұтымды әрі экономикалық тұрғыдан негізделген шешім болып табылады.

Осыған байланысты Банк заңнамада көзделген тәртіппен бұрын жалға берілген үй-жайларды босату шараларын жүзеге асыруда. Барлық жалға алушылар бұл туралы алдын ала, ауызша да, жазбаша түрде де хабардар етілді.

Атап айтқанда, 2025 жылдың 19 желтоқсанда «IZUMRUD» ШГ ЖШС-не жалға алынған үй-жайларды 2026 жылдың 1 наурызына дейін босату қажеттігі туралы ресми хабарлама жіберілді. Аталған мерзім ақылға қонымды және жеткілікті деп белгіленді.

Қаралып отырған мәселенің қоғамдық маңызын ескере отырып, Банктің басшылығы адал және сындарлы өзара іс-қимыл аясында Мектеп үшін балама үй-жай табуға жәрдемдесу шараларын қабылдады.

2026 жылғы 26 қаңтарда Банктің басшылығы мен «IZUMRUD» ШГ өкілдері арасында жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында жалға алушы тараптың өкілдері атлетикалық орталықпен келісімшарт жасалғанын хабарлады.

Анықтама үшін: Бұрын «IZUMRUD» ШГ ЖШС пайдаланған жалпы аумақ 4 658 шаршы метрді құрады, оның ішінде үлкен зал – 3 369 ш.м., кіші зал – 1 289 ш.м.. 1 шаршы метр үшін жалдау ақысы тиісінше 3 298 теңге және 2020 теңге болған.
Сонымен қатар, 2025 жыл
дың тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін аталған ұйым жалдау ақысын төлемей отыр, алайда Банктің меншігіндегі ғимаратта коммерциялық қызметін жалғастыруда. Мектепке жүгінген кезде бір баланың жаттығу құны сабақтың ұзақтығы мен жиілігіне қарай аптасына 28 мыңнан 43 мың теңгеге дейін екені хабарланған.

Хабарлама жолданған сәттен бастап және одан кейінгі кезеңде «Отбасы банк» АҚ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында ғана әрекет етті, тараптардың мүдделерін тең сақтай отырып, құқықтық айқындықты қамтамасыз етті.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру