Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Отбасы банк "Отау" бағдарламасы бойынша 300 займ берді

Отбасы банк "Отау" бағдарламасы бойынша 300 займ берді

25 июня 2024

Алғашқы 230 кредитті бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алған қазақстандықтар алды. Жаңа пәтерлердегі қоныс тойын Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының тұрғындары атап өтуге дайындалуда.

"Отау" бағдарламасының тағы 70 қатысушысы моноқалалар мен ауылдық елдімекендерде екінші нарықтан тұрғын үй сатып алды.

"Отау" бағдарламасы бойынша ең жас қарыз алушы – Қостанайдың 22 жастағы тұрғыны Данил Кернус. Студенттік кезінде ол Қостанай облысы Қарасу ауданындағы ауылдан қалаға қоныс аударған. Сол аралықта жас жігіт ата-анасымен бірге болашақта баспаналы болу үшін Отбасы банкіндегі депозитке ақша жинай бастаған. Нәтижесінде салымның мерзімі мен жинақталған қаражат оған "Отау" бағдарламасына қатысып, Қостанайдан жаңа пәтер сатып алуға көмектесті.

- "Отау" бағдарламасы бойынша үлкен байқау өткенін білемін, сондықтан қатысушылар тізіміне іліккеніме қатты қуандым. Оқуымды бітіріп, қазір жергілікті компанияда қызмет көрсету инженері болып жұмыс істеймін. Алған несиемді өтеп тұруға шамам жетеді. Қарыз бойынша төлемім 150 мың теңгеден сәл асады, бұрын қаладағы жалдамалы пәтерге тура осындай сома төлейтінмін. Қазір пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмын. Достарым мен жақындарым бұл істе көмектесуге дайын, - дейді "Отау" бағдарламасының қатысушысы Данил Кернус.

Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) "Отау" бағдарламасы бойынша алғашқы қарыз алушылардың портретін жасады. Бұл дені отбасылы, балалары бар, 32 жастағы қазақстандықтар.

Қатысушылар арасында асығыстық тудырмау үшін Отбасы банк тұрғын үй сатып алудың қолайлы мерзімдерін қарастырды. Мәселен, "Отау" бағдарламасына қатысушылардың 2024 жылдың 12 шілдесіне дейін кредиттік өтінім беруге уақыты бар.

Егер бағдарламаға қатысушы қарыз бойынша оң мақұлдау алса, онда оған баспана табуға және сатып алуға 6 ай уақыт беріледі.

Алматыда, Астанада, Шымкентте және облыс орталықтарында тек бастапқы тұрғын үйді, оның ішінде ҚТК кепілдігімен үлестік қатысу шарты бойынша немесе сақтандыру құралын пайдалана отырып сатып алуға болады. Барлық басқа елдімекендерде кез келген тұрғын үй сатып алуға болады.

Бағдарламаға қатысушы Баспана маркет порталында бастапқы тұрғын үйді таңдайды (otbasybank.kz). Бұл опция жаңа тұрғын үй бағдарламасының басталуы аясында тұрғын үй бағасының жасанды өсуіне жол бермеуге арналған.

Қазір порталда 9 169 пәтерлі 320 тұрғын үй орналастырылған, оның ішінде 939 пәтерге тапсырыс берілген. Банк клиенттері қарызды ресімдеу және пәтер сатып алу кезеңінен өтуде.

Кредит сомасы қандай?

- Алматы мен Астанадағы максималды кредит сомасы - 30 млн теңгеге дейін;

- қалған өңірлерде - 18 млн теңгеге дейін.

"Отау" бағдарламасы бойынша кредит талаптары:

- бастапқы жарна - 20%-дан бастап;

- кредит бойынша мөлшерлеме - 9% (ЖТСМ 9,2%-дан бастап);

- кредит мерзімі - 19 жылға дейін.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру