Мемлекеттің және Отбасы банк қолдауымен Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 4 108 азамат баспанамен қамтамасыз етіледі | Бүгін Шымкентте жүздеген отбасы қуанышты сәтті бастан өткеруде. Олар өз пәтерлерінің кілтін алды. Тұрғын үй кезегінде ұзақ жылдар бойы тұрған азаматтар 2% және 5%* жеңілдетілген мөлшерлемемен баспана сатып алды. Қоныс тойын тойлаушылар үшін бастапқы жарна небәрі 10%.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Мемлекеттің және Отбасы банк қолдауымен Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 4 108 азамат баспанамен қамтамасыз етіледі

Мемлекеттің және Отбасы банк қолдауымен Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 4 108 азамат баспанамен қамтамасыз етіледі

22 мамыр 2026

Бүгін Шымкентте жүздеген отбасы қуанышты сәтті бастан өткеруде. Олар өз пәтерлерінің кілтін алды.

Тұрғын үй кезегінде ұзақ жылдар бойы тұрған азаматтар 2% және 5%* жеңілдетілген мөлшерлемемен баспана сатып алды. Қоныс тойын тойлаушылар үшін бастапқы жарна небәрі 10%.

Пәтерлер толық әрленген күйде пайдалануға берілді. Бұл отбасыларға жөндеу жұмыстарына қосымша қаражат жұмсамай-ақ, бірден жаңа баспанаға қоныстануға мүмкіндік береді. Табысы төмен кезекте тұрған азаматтар үшін бұл – аса маңызды қолдау шарасы.

Жаңа қоныстанушылар комфорт-класстағы жаңа «Ақжайық» шағынауданынан пәтер сатып алды. Мұнда кезекте тұрған азаматтарға барлығы 780 пәтер берілді.

Кешен қаланың экологиялық таза ауданында салынған. Тұрғын үйлердің маңында мектептер, балабақшалар, мәдениет нысандары мен білім беру орталықтарын салу қарастырылған. Ыңғайлы көлік жолайрықтарының арқасында қаланың басқа аудандарына қатынау да қолайлы.

Жаңа пәтер иелерінің қатарында көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтар, сондай-ақ «жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған қала тұрғындары бар.

Қоныс тойын тойлаушыларға пәтер кілттерін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және Отбасы банк басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова табыстады.

– Бүгін біз 100 отбасын жаңа қонысымен құттықтап отырмыз. Әрқайсысы үшін бұл - көптен күткен қуанышты сәт. Жаңа пәтерлерінде әрдайым жылулық, жайлылық пен тыныштық орнап, балалары қауіпсіз әрі ертеңгі күнге сеніммен өссе дейміз. Баспананың болуы тұрақтылық пен болашаққа жоспар құру мүмкіндігі екені айқын. Қала әкімдігімен бірлескен жұмыстың арқасында мұндай мүмкіндікке жалпы саны 4 108 тұрғын үй кезегінде тұрған азамат ие болады. Даму институты ретінде біз Шымкентте қолдауға ерекше мұқтаж азаматтарды баспанамен белсенді түрде қамтамасыз етіп келеміз. Жалпы алғанда, бұл 2 414 несиелік және 1 694 жалдамалы пәтер болады, - деді Ләззат Ибрагимова.

Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арналған баспаналарды жергілікті әкімдіктер салады, ал пәтерлерді орталықтандырылған түрде Отбасы банк бөледі. Тұрғын үйді бөлудегі негізгі критерийлер – кезекке қою күні мен санаттың басымдығы.

Қазақстан бойынша кезекте тұрған азаматтарға бөлу үшін әкімдіктер Отбасы банк-ке жалпы саны 24 177 пәтер тапсырды. Оның ішінде қазірдің өзінде 8 031 жалдамалы және 5 016 несиелік пәтер үлестірілді.

Шамамен бір жыл бұрын, 2025 жылғы 24 мамырда, Отбасы банк Ұлттық даму институты мәртебесін алып, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды орталықтандырылған түрде есепке ала бастады. Бұған дейін тізімдер әкімдіктерде азаматтардың әртүрлі санаттары бойынша бөлек жүргізіліп келген.

Қазіргі таңда барлық дерек «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» бірыңғай ақпараттық жүйесіне біріктірілді. Бұл:

  • деректердегі қайталанулар мен қателіктерді жоюға;
  • кезекте тұрған азаматтардың баспанасының бар-жоғын автоматты түрде тексеруге;
  • адами факторды азайтуға;
  • тұрғын үй бөлу жүйесін анағұрлым ашық әрі әділ етуге мүмкіндік берді.

*2% жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 2,0%-дан 2,1%-ға дейін;
5%
ЖТСМ 5,2%-дан 5,8%-ға дейін.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Алаяқтық фактісі (күдігі) туралы хабарлау
Сіз алаяқтарға жеке деректеріңізді бердіңіз, шотты бұғаттау қажет
Сіз алаяқтарға ақша аудардыңыз
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек
Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
"Quanysh-AI" чат-боты жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып кеңес береді. Чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз.

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру