Отбасы банкінде («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) ашылған қазақстандықтардың 883 071 депозиті 10% көлемінде, жалпы сомасы 115 млрд теңгеден астам өтемақы алады.
Теңгелік депозиттерді қорғау бағдарламасының ережелеріне сәйкес, өтемақы 20 млн теңгеден аспайтын салым сомасына 10% көлемінде есептелетін болады. Бұл бір банкте ашылған барлық депозиттердің жалпы сомасы.
2023 жылдың 23 ақпанындағы жағдай бойынша, Отбасы банк салымшыларының 80% жуығы (689 597) 200 000 теңге көлеміндегі өтемақыға қол жеткізеді. Клиенттердің тағы 13,3% (113 686) 200 000 теңгеден 500 000 теңгеге дейінгі сомаға сенім арта алады. 1 млн теңгеге дейінгі мемлекеттік қолдауды салымшылардың 3,99 % (34 127) иемденеді. Ал 2 млн теңге көлеміндегі ең жоғары сома 2 375 депозит иелерінің есепшотына түседі.
Өтемақы алуға өтініш бергендердің арасында шотында небәрі 10 теңгеге дейінгі жинағы бар салымшылар да болды. Олардың барлығы (539) 1 теңге көлемінде өтемақы алады.
Өтемақы 2023 жылдың 10 ақпанына дейін өтініш беру арқылы төлемге келісімін растаған салымшыларға ғана аударылады. Егер депозиттен ақша ішінара шығарылған болса, онда өтемақы сақталған депозиттің ең аз қаржы қалдығына есептеледі. Сондай-ақ 2022 жылдың 23 ақпанынан кейін салымға толықтырылған қаражат есепке алынбайды.
Егер банк салымшысында аралық және алдын ала тұрғын үй займдарын алу мақсатында, оның ішінде үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша депозитті қамтамасыз ету ретінде берілген болса, сондай-ақ аталмыш депозит 2022 жылдың 23 ақпанына дейін сақталса, онда аталмыш салым бойынша да өтемақы қарастырылады.
2023 жылдың 6 наурызынан бастап Отбасы банк салымшылары үшін депозиттен кейінгі операциялар қолжетімді болды. Атап айтсақ бұл – құқықтар мен міндеттерді беру, біріктіру, бөлу/ішінара алу, тарифтік бағдарламаны өзгерту. Бұған дейін бұл қызметтер өтініштерді қабылдау және өтемақы сомасын есептеу мерзімі аяқталғанға дейін уақытша тоқтатылған болатын.
Өтемақы келесі депозиттер бойынша төленбейді:
1) 2023 жылдың 23 ақпанына дейін (қоса алғанда):
2) депозит онлайн табыстау қызметі арқылы (ақылы түрде) сатылған немесе сатып алынған депозиттер бойынша.
3) депозит 23.02.2023 жылға дейін (әмбебап құқыққа ие болу тіркеуін қоса алғанда) 10.02.2023 жылға дейін өтемақы алуға өтініш бермеген салымшыға табысталған жағдайда.
Жалпы барлығы 854 мыңнан астам клиент Отбасы банкіндегі салымдарына өтемақы алуға өтініш берген, оның ішінде 63 мыңнан астамы балалар салымдары бойынша.
Өтемақы қаражаты Отбасы банкіне түскеннен кейін, салымшылардың шоттарына 2 жұмыс күні ішінде аударылады.
***
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!