Қазақстанда жұмыс істейтін әрбір үшінші адам болашақта тұрғын үйді Отбасы банк арқылы сатып алуды жоспарлап отыр («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы). Күн сайын банк шамамен 2 500 жаңа депозит ашып, 140-қа жуық несие береді.
Сонымен қатар, қазақстандықтар жинақ шоттарын ашу, оларды толықтыру, реквизиттерді өзгерту, табыстау, несие алу және оны өтеу сияқты қызметтердің барлығын онлайн жасағанды жөн көреді.
Қазіргі таңда Отбасы банктегі барлық операциялардың 75%-дан астамы қашықтан жүзеге асырылады. 2026 жылдың басынан бері клиенттер 660 192 онлайн операция жасаған. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша банктің қашықтан қызметтерін 4 миллионнан астам рет пайдаланған.
Банктің белсенді цифрлық трансформациясы нәтижесінде тұрғын үй сатып алуға арналған толыққанды экожүйе құрылды. Бұл жүйеде қызметтердің басым бөлігіне бөлімшеге бармай-ақ қол жеткізуге болады.
– Биыл Мемлекет басшысы елде Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялады. 2026 жылы біз өз процестеріміз бен қызметтерімізге жаңа технологияларды енгізуді жалғастырамыз. Себебі цифрлық трансформация адам факторын азайтып, шешім қабылдауды жеделдетуге және әрбір азаматқа әділ жағдай жасауға мүмкіндік береді. Ұлттық даму институты ретінде біз ең алдымен тұрғын үй кезегінде тұрғандармен тиімді әрі ашық жұмыс істеу үшін негізгі процестерді цифрландырып, автоматтандырдық. Банк orken.otbasybank.kz тұрғын үйді бөлу платформасын және «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» ақпараттық жүйесін іске қосты. Бұл – банктің жаңа цифрлық өнімдері. Қазіргі таңда orken.otbasybank.kz платформасында тіркелген бірегей пайдаланушылар саны 1 041 817 адамға жетті. Жалпы платформаны 5 708 537 адам пайдаланған. Бүгінде банк 14 мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланып, белсенді жұмыс жүргізуде, – деп атап өтті Отбасы банк басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Қазіргі таңда orken.otbasybank.kz порталы арқылы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға баспананы белсенді түрде бөліп жатыр. Ол үшін жергілікті әкімдіктер 20 483 пәтер ұсынды.
Төмен пайызбен (2%* және 5%**) берілетін несиелік тұрғын үй үшін 10 484 пәтер қарастырылған. Оның ішінде 1 102 пәтер сатып алынып, иелері қоныс тойын тойлап үлгерді. Тағы 958 пәтер бойынша сатып алу-сату келісімшарттары жасалу кезеңінде.
Ал жалдамалы тұрғын үй үшін әкімдіктер 9 999 пәтер бөлді. Оның ішінде 6 147 пәтер алдын ала үлестірілді.
Банктің цифрлық инфрақұрылымының тағы бір маңызды бөлігі – Baspana Market жылжымайтын мүлік порталы. Бұл платформада клиенттер, құрылыс компаниялары және банк бір жерде біріктірілген. Яғни, бұл – тұрғын үй бағдарламаларына өтініш беруге, пәтерді келісілген бағамен таңдауға және оны бөлімшеге бармай-ақ онлайн брондауға болатын маркетплейс.
Соңғы үш жылда порталдың танымалдығы шамамен 20 есе артты. 2025 жылы оны 2,4 млн бірегей қолданушы пайдаланды. Құрылыс компанияларының саны да 2023 жылғы 1 054-тен 2025 жылы 2 010-ға дейін өсті.
Үш жыл ішінде порталда 25 100 пәтерді қамтитын 1 800-ден астам нысан орналастырылып, оның 17 400-і сатылды. Тек 2025 жылдың өзінде осы портал арқылы «Наурыз» бағдарламасының 9 218 қатысушысы қоныс тойын тойлады. Қазіргі таңда бұл бағдарлама бойынша брондауға 7 225 пәтерді қамтитын 596 нысан қолжетімді.
Құрылыс компаниялары үшін Baspana Market-тің артықшылығы – банк 3,6 млн салымшыдан тұратын әлеуетті сатып алушылар базасын ұсынады. Сондай-ақ, олар өз нысандарын порталдағы жеке кабинет арқылы қағазбастылықсыз орналастыра алады.
Цифрландыру банкке онлайн-ипотеканы іске қосуға мүмкіндік берді. Соның арқасында клиенттің өтініш бергеннен бастап несие алғанға дейінгі уақыты бірнеше аптадан бірнеше жұмыс күніне дейін қысқарды.
Енді алдын ала мақұлдауды бірнеше минут ішінде қашықтан алуға болады, ал несиені рәсімдеу phygital форматында өтеді. Бұл – цифрлық қызметтер мен менеджердің бейнебайланыс арқылы жеке сүйемелдеуін біріктіретін тәсіл. Қазір онлайн-ипотека рәсімдеген кезде клиент банкке тек бір рет – мәміленің соңғы кезеңінде ғана келеді.
Бүгінде барлық несиелердің шамамен 15%-ы онлайн-ипотека арқылы рәсімделеді. Ипотеканы otbasybank.kz порталында рәсімдеуге болады.
Клиенттермен жұмыс істеуде банкке жасанды интеллект көмектеседі. Мысалы, салымшылар мен қарыз алушыларға жедел кеңес беру үшін Quanysh-AI чат-боты қолданылады. Ол тәулік бойы жұмыс істейді, қазақ және орыс тілдерінде жауап береді және өтініштерді 90%-дан жоғары дәлдікпен өңдейді.
Қазіргі таңда клиенттердің сұраныстарының 98%-ы операторлардың қатысуынсыз шешіледі. Орташа жауап беру уақыты – бірнеше секунд, ал күн сайын шамамен 12 мың өтініш өңделеді. Бұл сервис мобильді қосымшада, банк сайтында, otbasybank.kz, enpf-otbasy.kz платформаларында, сондай-ақ WhatsApp пен Telegram-да қолжетімді.
Сонымен қатар, 2025 жылдың соңында банктің колл-орталығына арналған дауыс роботын сынақ ретінде іске қосу жобасы басталды. Ол операторларға түсетін жүктемені 20%-ға азайтуға мүмкіндік берді. 2026 жылы банк бұл шешімді кең көлемде енгізуді жоспарлап отыр.
*ЖТСМ 2,0% дан 2,1% ға дейін**ЖТСМ – 5,2% дан 5,8% ге дейін
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!