Отбасы банк "Наурыз" бағдарламасы бойынша несиелеу үшін KASE-ден 170,5 млрд теңге тартты | Тартылған қаржыландырудың арқасында Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) "Наурыз" бағдарламасы бойынша алғашқы 60 заем берді.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Отбасы банк "Наурыз" бағдарламасы бойынша несиелеу үшін KASE-ден 170,5 млрд теңге тартты

Отбасы банк "Наурыз" бағдарламасы бойынша несиелеу үшін KASE-ден 170,5 млрд теңге тартты

29 шілде 2024

Тартылған қаржыландырудың арқасында Отбасы банк ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) "Наурыз" бағдарламасы бойынша алғашқы 60 заем берді.

Қазір қоныс тойын атап өтуге Астана, Семей, Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Тараз және тағы басқа өңір тұрғындары дайындалуда. Олардың барлығы жуырда ғана "Наурыз" бағдарламасы бойынша заем алды. 2024 жылдың 24 шілдесінде KASE-де банктің әлеуметтік облигацияларының екі шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті, нәтижесінде несиелендіруге 170,5 млрд теңге қаражат тартылды.

Бір облигацияның номиналды құны - 1000 теңге. Бұл ретте тартылған қаражат мөлшерлемесі сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалды және 14,25% құрады. Облигациялардың айналым мерзімі - 5 жыл. Купонды төлеу кезеңділігі - жылына 2 рет.

Банк облигацияларын сатып алудың артықшылығы - бұл купондық сыйақы үшін салықтың салынбауы, себебі Отбасы банк ҚР қаржы агенттіктерінің тізбесіне кіреді, сондай-ақ аталмыш облигациялардың KASE-нің "ресми" тізіміне енгізілуіне байланысты.

Бұдан басқа, облигациялар РЕПО эмитенттің мемлекеттік қатысу үлесі бар облигациялары қоржынына енгізілетін болады және олар бойынша маркет-мейкердің болуы болжанады.

Сауда-саттыққа инвесторлардың кең ауқымы - екінші деңгейлі банктер, сақтандыру компаниялары, брокерлік ұйымдар мен институционалдық инвесторлар қатысты.

- Отбасы банкінің облигациялары - әлеуметтік облигациялар мәртебесіне ие. Бұл қосымша опция олардың иелеріне ESG даму саясатын жүзеге асыру аясында айтарлықтай артықшылық береді. Сондай-ақ қор биржасында біздің облигацияларды сатып алған инвесторлар іс жүзінде "Наурыз" бағдарламасының қатысушылары болды. Олар ерекше мұқтаж азаматтардың санаттарына қолжетімді несие беру үшін қаражат түрінде қорландыру жасады деген сөз. Мен серіктестерімізге қосқан бұл үлестері үшін алғыс айтамын. Олардың қолдауларының арқасында биылғы жылы 12 500 қазақстандық қоныс тойын атап өтеді, - деді Отбасы банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Гүлмира Нұрпейісова "Наурыз" бағдарламасы бойынша елімізде бірінші болып несие алып, өз пәтерінің кілтіне қол жеткізді. Ол Абай ауданының аудандық ауруханасында жұмыс істейді. Күйеуімен бірге 4 бала тәрбиелеп отыр. Көпбалалы отбасы осыған дейін ауылдағы ата-анасының үйінде тұрып келген. Бағдарлама қатысушы Семейде екі бөлмелі, әрленген пәтер сатып алды. Көп балалы ана ретінде ол заемды жылдық 7% мөлшерлемемен рәсімдеді (ЖТСМ 7,3%-дан 8,9%-ға дейін).

- Біз сияқты үлкен отбасыға әрине жеке баспана қажет. Мен 2016 жылы Отбасы банкінде депозит аштым және оған бірігіп қаражат жинай бастадық. Салымым тезірек өсуі үшін жалақы алған кезде ақшам бірден банктегі депозитіме аударылатындай етіп автотөлем қызметін орнатып қойдым. Нәтижесінде сол жинақталған қаражатым, сондай-ақ отбасымның үлкен құрамы маған "Наурыз" бағдарламасы қатысушыларының тізіміне енуге көмектесті, - деп Гүлмира Нұрпейісова өз қуанышымен бөлісті.

"Наурыз" бағдарламасына қатысушылар тізіміне барлығы 12 500 қазақстандық енді. Қазір олар төлем қабілеттілігін тексеруде.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру