Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Жыл сайын 3 млрд теңге: «Отбасы банк» пен Ұлытау облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Жыл сайын 3 млрд теңге: «Отбасы банк» пен Ұлытау облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

22 қазан 2026

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Отбасы банк» пен Ұлытау облысының әкімдігі өңір тұрғындарының баспана мәселесін шешуге жыл сайын 3 млрд теңге бағыттайды. Бұл туралы бүгін «Отбасы банк» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында белгілі болды.

Облыс әкімі Есет Байкенмен кездесуде тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат 2027–2029 жылдары тұрғын үй бағдарламаларын бірлесіп қаржыландыруды көздейді. Келісім аясында «Отбасы банк» жыл сайын 2,5 млрд теңге, ал Ұлытау облысының әкімдігі 500 млн теңге бөледі. Бұл қаражат өңір тұрғындарына қолжетімді шарттармен несие беруге бағытталады.

Осы қолдаудың арқасында тұрғындар бастапқы жарнасы 10%-дан басталатын, жылдық 5% мөлшерлемемен (ЖТСМ 5,2%-дан 5,3%-ға дейін) несие алып, өз баспанасына қол жеткізе алады.

«Ұлытау – әлеуеті зор, дамып келе жатқан өңір. Қазір біз үшін тұрғындарды қолдап, олардың баспана мәселесін шешуге көмектесу маңызды. Адамдар осы жерде еңбек етіп, отбасын құрып, болашағын туған жерімен байланыстырса дейміз. Бүгінде облыста 217 мыңнан астам адам тұрады. Олардың әрбір алтыншысы болашақта үй немесе пәтер сатып алу үшін «Отбасы банкте» ақша жинап жүр. Соңғы екі жылда Ұлытауда 3 мыңға жуық адам қоныс тойын атап өтті. Біз алдағы уақытта да осындай қуанышты сәттердің көбеюі үшін жұмыс істей береміз», – деді «Отбасы банк» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Ұлытау облысында бірлескен өңірлік тұрғын үй бағдарламалары табысты жүзеге асырылып келеді. Үш жыл ішінде «Ұлытау жастары» бағдарламасы бойынша өңірдің 137 жас тұрғыны баспаналы болды. Ал 2025 жылы іске қосылған «Сәтбаев жұмыскер» бағдарламасы арқылы Сәтбаев қаласының 15 тұрғыны өз үйіне қол жеткізді.

Аталған бағдарламаларды қаржыландырудың жалпы көлемі 2,6 млрд теңгені құрады. Оның 925 млн теңгесін «Отбасы банк», ал 1,7 млрд теңгесін облыс әкімдігі бөлді.

Сонымен қатар, банктің қолдауымен Ұлытау облысында тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған 429 адам баспаналы болды.

Олардың қатарында Төлеген Өтегенов те бар. Ол 2017 жылдан бері баспана кезегін күткен. II топтағы мүгедектігі бар азамат үш баласын жалғыз тәрбиелеп отыр. Биыл «Отбасы банк» оған Сәтбаев қаласынан жалдамалы пәтер бөлді. Енді Төлеген Өтегеновтің балаларының жеке бөлмелері бар, ал әкесі ертеңгі күнге сеніммен қарай алады.

Көптен күткен қоныс тойын атап өткендердің бірі – Кәмшат Оразбаева. Ол 2011 жылдан бері баспана кезегінде тұрған. Балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған ана осы уақытқа дейін жалдамалы пәтерлерде тұрып келген. Биыл оның көптен күткен арманы орындалып, өз үйіне қол жеткізді.

«Әлі күнге дейін сенер емеспін! Біз бұл күнді 15 жыл күттік. Арманымыздың орындалуына көмектескен «Отбасы банкке» шын жүректен алғыс айтамын! Бұл біз үшін жай ғана пәтер емес, балаларымның болашағына деген сенім және жаңа өмірдің бастауы. Мұндай бақытты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес», – деп қуанышымен бөлісті Кәмшат Оразбаева.

Бүгін Жезқазған және Сәтбаев қалаларының тұрғындары да қоныс тойын атап өтті. «Отбасы банк» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова отбасыларды өмірлеріндегі маңызды оқиғамен құттықтап, жаңа үйлеріне береке, жайлылық пен бақыт тіледі.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру