Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Әскери баспана» бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдау 25 тамызда басталады

«Әскери баспана» бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдау 25 тамызда басталады

25 августа 2022

«Отбасы банк» АҚ-да («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 25 тамыз күні «Әскери баспана» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдауды бастайды. Бағдарламаға тұрғын үй төлемдерін алып тұратын, Отбасы банкінде арнайы ағымдағы шоты бар және бұған дейін тұрғын үй төлемдерін жылжымайтын мүлік сатып алу үшін пайдаланбаған кез келген азамат қатыса алады. Атап айтсақ:

  • онлайн-табыстау арқылы сатып алынған депозитпен біріктірілмеген, банкте арнайы салымы бар азаматтар;
  • «Әскери баспана» бағдарламасына қатысу туралы ағымдағы өтініші жоқ азаматтар;
  • «Әскери баспана» бағдарламасы бойынша несие алу үшін өтініші жоқ азаматтар
  • «Әскери баспана» бағдарламасы бойынша несиесі жоқ азаматтар.

Бағдарламаға қатысу туралы өтініштер 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде Баспана маркет https://otbasybank.kz/ порталында қабылданады. Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін автоматты түрде негізгі және резервтік тізімдер құрылады. Іріктеудегі жалғыз талап – арнайы депозит бойынша жинақталған сыйақы сомасы, яғни тұрақты түрде салымына қаражат жинағандардың негізгі тізімге кіру мүмкіндігі жоғары болмақ. Негізгі немесе резервтік тізімге өткенін немесе өтпегенін үміткерлер Баспана маркет порталындағы жеке кабинеттерінен көре алады.

Негізгі тізімге енген тұрғын үй төлемдерін алушылар 180 (жүз сексен) күнтізбелік күннің ішінде:

1. Банк бөлімшесінде, банк кеңесшілерінен немесе бейнебайланыс арқылы төлем қабілеттілігін алдын ала бағалаудан өтулері қажет;
2. Баспана тауып, оны бағалату қажет;
3. Банк бөлімшесінде, Банк кеңесшілерінен немесе бейнебайланыс арқылы несие алуға өтініш беру қажет.

Бағдарлама бойынша несие алу шарттары өзгерген жоқ. Ең төменгі қажетті жинақ сомасы 15%-ға тең. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі 8% (ЖТСМ 8,3%-дан бастап). Несие мерзімі – 25 жылға дейін. Пайдалану мақсаты – алғашқы/екінші нарықтағы тұрғын үйді, оның ішінде үлестік келісім шарты бойынша сатып алу және жөндеу. Меншікте тұрғын үйдің болуына ешқандай шектеулер жоқ. Несиенің ең жоғарғы сомасы клиенттің таңдауы бойынша, екі нұсқаға сай есептелуі мүмкін: ай сайынғы тұрғын үй төлемдерінің және депозит бойынша жинақтың сомасына байланысты. Алайда 15%-дан кем емес немесе клиенттің нақты табысы мен шығындарын ескере отырып.

«Әскери баспана» бағдарламасы банкте төртінші жыл қатар жұмыс істеп келеді. Қаржыландыру көзі ретінде Отбасы Банк нарықтық талапшарттармен нарықтан қаражат тартады, сондай-ақ жалғыз акционер – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-на дивидендтер төлегеннен кейін, таза кіріс түрінде Банктің қарамағында қалған өз қаражатын пайдаланады. Бұл қарыз алушылардың несие мөлшерлемесін нарықтық мөлшерлемеден төмен етіп тағайындауға және тұрғын үй төлемдерін алушыларға ең тартымды шарттармен несие беруге мүмкіндік береді.

«2021 жылдың қорытындысы бойынша банк «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жалғыз акционеріне көрген пайдасының 50% көлемінде дивидендтер төледі. Қалған бөлігін банк өзінің жеке бағдарламаларын, соның ішінде «Әскери баспана» бағдарламасын жүзеге асыруға бағыттады. Соның арқасында өткен жылы тұрғын үй жәрдемақысын алған, Отбасы банкінде баспана алу үшін қаражат жинаған 3 318 қазақстандық әскери қызметші қолайлы шарттармен жалпы сомасы 77,4 млрд теңге несие алды», - деді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Жалпы, бағдарлама іске қосылғаннан бастап, 13 378 қазақстандық әскери қызметші тұрғын үй жағдайын жақсарта алды. Берілген несиенің жалпы сомасы 258,4 млрд теңгеге тең.

***

««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру