Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың назарына!

Тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың назарына!

30 шілде 2026

Хабарлаймыз, енді жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісімді Otbasy Bank мобильді қосымшасы арқылы беруге болады.

Келісімге қол қою мемлекеттік тұрғын үймен қамтамасыз ету шараларына қатысу, сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарды түгендеу (инвентаризация) рәсімінен өту үшін қажет.

Сонымен қатар, Otbasy Bank мобильді қосымшасында «Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою» бөлімі қолжетімді. Бұл бөлім арқылы Сіз:

  • тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қойылу туралы ақпаратыңызды көре аласыз;
  • жеке кабинетке кіре аласыз;
  • жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісімге қол қоя аласыз.

Келісімге қалай қол қоюға болады?

  • Otbasy Bank мобильді қосымшасына кіріңіз.
  • «Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою» бөлімін таңдаңыз.
  • «Жеке кабинетке кіру» батырмасын басыңыз.
  • eGov арқылы авторизациядан өтіңіз.
  • Жүйе автоматты түрде eGov Mobile қосымшасына бағыттайды. Онда ЭЦҚ арқылы құжаттарға қол қойыңыз.
  • Қол қойғаннан кейін Сіз автоматты түрде Otbasy Bank қосымшасына қайта ораласыз.
  • Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісімнің мәтінімен танысып, келісіміңізді растап, құжатқа қол қойыңыз.
  • Келісімге сәтті қол қойылғаннан кейін қосымшада қол қойылған күні көрсетіледі.

Маңызды: келісімге қол қою үшін мобильді құрылғыңызда eGov Mobile қосымшасы орнатылған болуы қажет. Бұл қосымша арқылы жеке кабинетке кіріп, ЭЦҚ көмегімен келісімге қол қоя аласыз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру