2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына азаматтарды тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қоюды және түгендеу жүргізуді дербес деректерді жинауға және өңдеуге жеке келісімін алмай жүзеге асыру мүмкіндігін көздейтін өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді.
Аталған заңнамалық өзгерістерді іске асыру шеңберінде Банк тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар туралы мәліметтерге кешенді түгендеу жүргізді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде меншік құқығында тұрғын үйінің болуына байланысты заңнамада белгіленген тұрғын үйге мұқтаж деп тану өлшемшарттарына сәйкес келмейтін азаматтар анықталды.
Нәтижесінде жеке меншік құқығында тұрғын үйі бар 52 535 азамат тұрғын үйге мұқтаждар есебінен шығарылды.
Алдағы уақытта Банк заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда, ортақ бірлескен меншік құқығында тұрғын үйі бар азаматтардың мәліметтерін тексеру және оларды тұрғын үйге мұқтаждар есебінен шығару бойынша жұмысты жалғастырады.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу деректерінің дұрыстығы мен өзектілігін қамтамасыз етуге, тұрғын үй заңнамасының талаптарын сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қолдау шараларын ұсыну тетіктерінің ашықтығы мен әділдігін арттыруға бағытталған.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!