Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Сіздің ақшаңызды иемдену үшін алаяқтар қандай айла-амалдарды қолданады?

Сіздің ақшаңызды иемдену үшін алаяқтар қандай айла-амалдарды қолданады?

2 февраля 2023

Сәлеметсіз бе, құрметті клиент.

Бүгін біз сіздермен Банк клиенттерінің бірі басынан өткерген ерекше оқиғамен бөліскіміз келіп отыр (оны «Данат» деп атайық):

Интернетті қарап отырып Данат «Facebook» әлеуметтік желісінде банк аккаунтына ұқсайтын аккаунтты (сурет, сипаттамасы ұқсас) кездестіреді. Онда «мемлекеттік сыйлықақы» сөзін жазып, сілтемені басу арқылы қосымша мемлекеттік сыйлықақы алуға болатыны туралы айтылады. 

Данат қосымша мемлекеттік сыйлықақы алғысы келгендіктен, сипаттамадағы сілтемені басып,  Whats App мессенджеріндегі Банк аккаунтына ұқсайтын (суреті мен сипаттамасы бар, бірақ нөмірі күдікті «8 707 213 01 53» «чат ботқа» қосылды. Банктердегі шоттарының бар-жоғын анықтап алғаннан кейін, «чат-бот» Данатқа «Any Desk» атты мобильді қосымшаны жүктеп алып, орнату үшін тағы сілтеме жібереді. Ал бұл қосымша алаяқтарға Данаттың телефонына қашықта отырып, толық қол жеткізуге мүмкіндік береді. «Чат-боттың» атын жамылып жүрген арам пиғылды адамдардың құйтыртқы әрекетінен хабарсыз Данат еш алаңсыз қосымшаны жүктеп алып, телефонына орнатады. Ізінше қаскөйлердің нұсқауларын орындап, оларға бір реттік кіруге арналған құпия сөздерді де жібереді. Алаяқтар «банк ережелеріне сәйкес» деген сылтаумен Данатты суретке түсуге мәжбүрлейді (алайда ол сурет Данатты биометрикалық сәйкестендіруден өткізіп, оның атына қазақстандық өзге банктерден онлайн-несие алу үшін қажет болған). Сондай-ақ орнатылған қосымша арқылы Данаттың телефонына қашықтан қол жеткізуге толық мүмкіндік алған алаяқтар оның атынан «Отбасы Банк» АҚ-дағы жинақ шоттары туралы келісімді бұзып, ондағы ақшаны өздері бақылайтын бөлек банктердегі шоттарға аударуға әрекеттенген. Өкінішке қарай, осы аралықта алаяқтар Данаттың атынан еліміздің басқа банктерінен бірнеше онлайн несие алып үлгерген. Алайда Данаттың Отбасы банкіндегі депозиттік шотындағы ақшаны иемдене алмаған. Данат өзге адамдар өзі сияқты алданып, ақшасынан айырылып, банктерге қарыз болып қалмау үшін басынан өткергенін жариялауға бізге рұқсат берді.

Егер сіз осыған ұқсас оқиғаның куәгері болсаңыз немесе өзіңіз алаяқтардың айла-амалына түсіп қалсаңыз, «Отбасы Банк» АҚ сыбайлас жемқорлық және алаяқтық мәселелері бойынша сенім телефонына жазуға немесе хабарласуға болады: +7 (727) 330-94-82 / email: [email protected]

Сізге, құрметті клиентіміз, алаяқтардың арбауына түспей, қаржылық сауаттылығыңызды әрқашан жоғары деңгейде ұстауыңызды тілейміз!

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру