Қамқорлықтағы адамды тұрғын үйге мұқтаждар есебінен шығару: заңды өкілдерге арналған нұсқаулық | Заңды өкілдер (қамқоршылар) orken.otbasybank.kz порталы арқылы қамқорлықтағы адамды тұрғын үйге мұқтаждар есебінен енді өздігінен шығара алады.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қамқорлықтағы адамды тұрғын үйге мұқтаждар есебінен шығару: заңды өкілдерге арналған нұсқаулық

Қамқорлықтағы адамды тұрғын үйге мұқтаждар есебінен шығару: заңды өкілдерге арналған нұсқаулық

12 тамыз 2026

Заңды өкілдер (қамқоршылар) orken.otbasybank.kz порталы арқылы қамқорлықтағы адамды тұрғын үйге мұқтаждар есебінен енді өздігінен шығара алады.

Ол үшін заңды өкіл жеке кабинетінде өтініш беріп, оған ЭЦҚ арқылы қол қоюы қажет.

  1. otbasybank.kz интернет-ресурсына ЭЦҚ арқылы кіріңіз.
  2. «Қамқорлықтағылар» бөлімін ашыңыз.
    Бұл бөлім экранның сол жақ бөлігінде орналасқан.
  3. Тізімнен қажетті қамқорлықтағы адамды таңдаңыз.
  4. Қамқорлықтағы адамның жеке кабинетіне өтіңіз.
    Ол үшін оның аты-жөнінің жанындағы батырманы басыңыз.
  5. «Операциялар» бөліміне өтіп, «Есептен шығару» батырмасын таңдаңыз.
  6. Тұрғын үйге мұқтаждар есебінен шығару тәртібі туралы ақпаратпен танысыңыз.
  7. Есептен шығару себебін таңдаңыз.
    Қажет болған жағдайда бірнеше себепті таңдауға болады.
  8. Өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.
  9. «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасынан есептен шығару туралы өтінішпен танысып, «Иә, өтінішпен таныстым» деген белгі қойыңыз.
  10. Қажет болған жағдайда өтінішті жүктеп алыңыз.
  11. «Жіберу» батырмасын басыңыз.

Өтініш сәтті жіберілгеннен кейін қамқорлықтағы адам тұрғын үйге мұқтаждар есебінен шығарылады.

Отбасы банк өтінішке қол қоймас бұрын ақпаратпен және есептен шығару үшін таңдалған себеппен мұқият танысуды ұсынады.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Алаяқтық фактісі (күдігі) туралы хабарлау
Сіз алаяқтарға жеке деректеріңізді бердіңіз, шотты бұғаттау қажет
Сіз алаяқтарға ақша аудардыңыз
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек
Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Чат

05.04.2025
Qanysh Бот
Добрый день! Я виртуальный помощник Qanysh!
09:34
Чем могу помочь?
09:34
"Quanysh-AI" чат-боты жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып кеңес береді. Чат-боты нақты ақпарат беруге тырысады, бірақ маңызды ақпаратты қайта тексеруді ұсынамыз.

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру