«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Отбасы банк» АҚ 3 (үш) тәуелсіз директорларының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды | Бос лауазымның атауы: тәуелсіз директор. Құрылымдық бөлімшенің атауы: «Отбасы банк» АҚ Директорлар кеңесі.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Отбасы банк» АҚ 3 (үш) тәуелсіз директорларының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Отбасы банк» АҚ 3 (үш) тәуелсіз директорларының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

27 қаңтар 2022

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) 3 (үш) тәуелсіз директорларының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

Бос лауазымның атауы: тәуелсіз директор

Құрылымдық бөлімшенің атауы: «Отбасы банк» АҚ Директорлар кеңесі

Тәуелсіз директорларға қойылатын жалпы талаптар

1. Директорлар кеңесіне тәуелсіз директор болып сайлану үшін Кандидат:

1.1.Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес тәуелсіз директордың ұйғарымына сәйкес келуі тиіс.

1.2. Қоғам қызметінің көлемі мен сипаты жағынан ұқсас ұйымға тән негізгі мәселелер туралы жалпы ақпараттың болуы, ұқсас салада/секторда халықаралық тәжірибесі мен ұсынудың алдындағы 5 жылдан кем емес кәсіби тәжірибесінің болуы, сондай-ақ мыналарды:

1) Қоғамға қатысты заңнама талаптарын;

2) ұлттық және халықаралық нарықтарда бәсекелес ортаны түсінетінін танытуы тиіс.

1.3. Ұсынылған ақпаратты талдай және объективті бағалай білу және заңдылық, әділеттілік және барлық акционерлерге тең қатынас қағидаттары негізінде мәселе бойынша тәуелсіз позицияны қалыптастыру. Өз пікірін білдіру және өз көзқарасын дәлелді түрде қорғау қабілетіне ие болу.

1.4. Корпоративтік басқару және тұрақты даму принциптерін білу.

1.5. Іскерлік және (немесе) салалық ортада мінсіз беделге/оң жетістіктерге ие болу. Кандидаттың өмірбаянында экономикалық қызмет саласында қылмыс жасау, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте әкімшілік құқық бұзушылық фактілері болмауы тиіс.

1.6. Директорлар кеңесінің жұмысына тек директорлар Кеңесінің отырыстары кезінде ғана емес, сондай-ақ Директорлар кеңесінің отырыстарына материалдарды тиісінше зерделеу үшін де қатысу үшін жеткілікті уақыт болуы тиіс.

1.7. Басқа компаниялардың 3 (үштен) артық Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылмау.

1.8. Жыл сайын тәуелсіздікті растау рәсімін жүзеге асыру және тәуелсіз директор мәртебесін жоғалтқан жағдайда компанияны хабардар ету.

Директорлар кеңесіне мына тұлға:

1) Банкпен бәсекелесетін заңды тұлғаның қатысушысы, атқарушы органның басшысы, басқару органының мүшесі немесе қызметкері болып табылатын тұлға;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) бұрын банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесінің төрағасы, атқарушы органның бірінші басшысы, бірінші басшының орынбасары, бас бухгалтері болған адам. Көрсетілген талап белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады.

5) 3 (үш) және одан да көп компаниялардың директорлар кеңесінің мүшесі болып табылатын тұлға сайлана алмайды.

Арнайы талаптар:

Қаржы, аудит және бақылау саласындағы тәуелсіз директор-мамандар лауазымына кандидаттар үшін арнайы талаптар.

Экономика және (немесе) қаржы саласындағы жоғары білім, қосымша білім/қаржылық менеджмент/қаржылық талдау/бухгалтерлік есеп/ салық салу/ аудит/ тәуекел менеджменті саласындағы кәсіби сертификаттау.

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі 7 жылдан кем болмауы тиіс.

Қаржы ұйымдарын басқару органдарында немесе атқарушы органдарда, холдинг құрылымдарында/мемлекеттік органдарда/халықаралық қаржы ұйымдарында/қаржы қызметтерін реттеу саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі және (немесе) басқару органдарында/атқарушы органдарда/қаржы аудитін/менеджмент комплаенсін жүргізу бойынша қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарда басшы/әріптес ретінде жұмыс тәжірибесі.

Стратегиялық жоспарлау саласындағы тәуелсіз директорлар – мамандар лауазымына үміткерлерге қойылатын арнайы талаптар.

Экономика және қаржы саласындағы жоғары білім, немесе жоғары техникалық білім,   стратегиялық   менеджмент/қаржылық   менеджмент/   аудит/   тәуекел   менеджменті саласындағы кәсіби сертификаттау.

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Қаржы ұйымдарының басқару органдарында немесе атқарушы органдарында /холдинг құрылымдарында / мемлекеттік органдарда / халықаралық қаржы ұйымдарында /қаржылық қызметтерді   реттеу саласындағы жұмыс тәжірибесі және   (немесе) басқару органдарында / атқарушы органдарда / ұйымдардың менеджері / серіктесі ретінде жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл стратегиялық басқаруды жүргізу бойынша қызметтер көрсету.

Сыйақылар/әлеуметтік мәселелер/ корпоративтік мәдениет саласындағы тәуелсіз директор-мамандар лауазымына кандидаттар үшін арнайы талаптар.

Жоғары білім және (немесе) «Іскерлік әкімшілендіру магистрі»/«Философия докторы» дәрежесі және (немесе) басқару (менеджмент) саласындағы қосымша білім. Персоналды басқару/әлеуметтік даму теориясы саласында білімі болуы тиіс.

Басқару органдарында немесе атқарушы органдарда холдинг құрылымдарында/ұлттық компанияларда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі және (немесе) бизнес немесе HR консалтинг саласында маманданатын компанияларда басқару органдарында/атқарушы органдарда және (немесе) басшы/әріптес ретінде жұмыс тәжірибесі және (немесе) жылдық айналымы кемінде 20 млн. АҚШ доллары болатын қазақстандық және халықаралық компанияларда HR/заң сараптамасы/корпоративтік жанжалдарды реттеу мәселелері бойынша HR-директор/құрылымдық бөлімшеге жетекшілік ететін басшы ретінде жұмыс тәжірибесі.

Басшылық лауазымдарда/жоғары және орта басқару буынының персоналымен жұмыс саласында кемінде 5 жыл тәжірибесі болуы тиіс.

Тәуелсіз директорлар – тәуекелдерді басқару саласындағы сарапшылар лауазымына үміткерлерге қойылатын арнайы талаптар.

Экономика және/немесе қаржы саласындағы жоғары білім, қосымша білім/тәуекелдерді басқару/қаржылық талдау/бухгалтерлік есеп/салық салу/аудит бойынша кәсіптік сертификаттау.

Басқару органдарында немесе холдинг құрылымдарында/ұлттық компанияларда атқарушы органдарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі және (немесе) басқару органдарында/атқарушы органдарда және (немесе) тәуекелдерді басқару немесе консалтинг саласында маманданған компанияларда басшы/әріптес ретінде жұмыс тәжірибесі және ( немесе) тәуекелдерді басқару құрылымдық бөлімшесіне жауапты директор/менеджер ретінде жұмыс тәжірибесі.

Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке-іскерлік құзыреттер:

1. Мотивация («беру» ішкі құндылығы және еріктілікке дайындық)
2. Қоғам қызметі шеңберіндегі кәсіби құзыреттілік
3. Түйінді құзыреттер: әдептілік, командада жұмыс істеу, жауапкершілік, стратегиялық пайымдау, белсенді қатысу                                    

Жұмыс шарттары:

Жалдау нысаны: шарт

Тәуелсіз директор лауазымына конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттар [email protected] email-ға келесі құжаттарды 2022 жылғы 10 ақпанына дейін «Отбасы Банк» АҚ тәуелсіз директоры» белгісімен ұсынады :

1) Қоса беріліп отырған үлгіге сәйкес конкурстық іріктеуге қатысуға кандидаттың өтініші;
2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қоса беріліп отырған нысанға сәйкес кандидат туралы мәліметтер.

Өтініш-келісім

Тәуелсіз директор лауазымына кандидат туралы мәліметтер

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру