Отбасы банкінде жылдам әрі оңай депозит толықтырып, несие өтеуге болады. Ол үшін жеке шаруаларыңыздан ұзап, тіпті үйден кетудің де қажеті жоқ. Бар болғаны ұялы телефоныңызды алып, Otbasy bank қосымшасына кіру керек.
Сонымен қатар, Отбасы банк қосымшасында ай сайын сіздің картаңыздан қаражатты Отбасы банкіндегі депозитіңізге автоматты түрде аударуға мүмкіндік беретін "Автотөлем" қызметі бар. Ол сіздің жеке баспанаңызға тезірек ақша жинап, жаңа үйге ертерек көшуге көмектеседі.
Сіз сондай-ақ ай сайынғы несие төлемдеріңіз бен депозит салымдарыңызды басқа банктердің мобильді қосымшалары арқылы, атап айтқанда: Kaspi.kz, Halyk Bank, ЦентрКредит, Jysan Bank, Еуразиялық банк, ForteBank, RBK банк, Bereke Bank, сондай-ақ e-gov.kz арқылы өтеп, толықтыра аласыз.
Көрсетілген арналарды пайдалану арқылы төлемдерді тез және қауіпсіз жасауға болады. Жыл басынан бері Банк клиенттері жалпы сомасы 551 380 684 465 теңгеге 5 147 268 транзакция жасады. Оның ішінде жалпы көлемі 176 763 982 603 теңге сомасына 2 718 502 депозитті толықтыру операциясы іске асты.
Несиені төлеу және Отбасы банкіндегі депозитті толықтыру бойынша барлық операциялар сіздің қолыңызда!
Егер сізде Otbasy bank мобильді қосымшасы болмаса, оны сілтеме арқылы жүктеуге болады https://hcsbk.kz/ru/to-pay/mobile-app/.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!