Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Қазақстандық әйелдер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарына 306 млрд теңге жинаған

Қазақстандық әйелдер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарына 306 млрд теңге жинаған

7 июня 2018
Қазақстанда депозит ашып, үй алуға деп ақша жинау көп жағдайда әйелдер бастамасымен жүзеге асады. ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысында сөз алған Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова осындай статистика келтірді.

Ұйым басшысы айтқан мәліметтерге қарағанда, қазіргі уақытта тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне 1 млн 100 адам қатысып жатыр және оның 58%-ы – әйелдер.

- Баспана туралы қам қылып, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне депозит ашу үшін келетін әйелдердің басым бөлігі 25-35 жаста. Ең құнтты, үнемшіл әйелдер Алматыда тұрады деп айта аламыз: бұл қаладағы жалпы салымшылар санындағы әйелдер үлесі 63%-ға тең – ел бойынша максимал көрсеткіш. Ал ең төменгі көрсеткіш, яғни 44% көлеміндегі әйел-салымшылар үлесі Маңғыстау облысындағы депозиттік қоржынға тиесілі. Бір қызығы, банктің әйел-клиенттері үнемшіл болу және болашақты алдын-ала ойластыруды балаларына да үйретеді. Мұны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен ашылған 140 000-дай балалар депозитінен көруге болады. Аналарының мұндай көрегендігі аталған салым иелеріне болашақта пайдасын тигізері сөзсіз. Себебі кәмелеттік жасқа толған соң оларда баспана сатып алу мүмкіндігі болады, - дейді Ләззат Ибрагимова.

Әйелдер саны банк займшылары қатарында да жоғарырақ. Пәтер немесе үй сатып алу үшін несие ресімдеген әйел-клиенттердің негізгі жасы 36 мен 45 аралығында. Оларға берілген займдардың орташа мерзімі – 6,5 жыл.
Ең жауапты займшылар деп әйел-клиенттерді атауға болады. Несие бойынша өтеу мерзімін 90 күннен жоғары кешіктіріп алған займшылар арасындағы әйелдер үлесі бар болғаны 35%-ға тең.

Банк статистикасына сәйкес, соңғы үш жылдың ішінде 28 552 әйел Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің көмегімен қажет ақшаны жинап, жаңа немесе қайталама нарықтан үй сатып алыпты. Осы мақсатта олардың ҚТҚЖБ арқылы ресімдеген несиелерінің орташа сомасы 6 млн теңгені құрайды.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында (2017 жылдың басынан бері) 4 105 әйел пәтер сатып алушылар пулына өтіп, баспаналы болған. Аталған бағдарлама бойынша ҚТҚЖБ желісі арқылы барлығы 7 577 пәтер сатылған еді. «Нұрлы жер» аясында берілген займдардың орташа сомасы – 4,3 млн теңге.

Қазіргі уақытта бүкіл Қазақстан бойынша 2 702 пәтер пайдалануға беріліп, банк салымшылары арасында бөлістіру кезеңінен өтіп жатыр. Сонымен қатар 2018 жылдың соңына дейін әкімдіктермен жасалған келісімге сәйкес «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында тағы 14 251 пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру